Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Хабарландыру


ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты БД 53.33.01 диссертациялық кеңесінің 27 наурыз 2009 жылы (хаттама №3) қорғауға қабылданған Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қоғамдық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты  Махаева Айткүл Шайымқұлқызының «Қазақ-қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі)» тақырыбындағы 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға дайындаған диссертациясының қорғалуы туралы хабарлайды.

 

 

Диссертация 2009 жылы 12 маусымда сағат 14.30-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

Ғылыми кеңесшілері: Нұрпейіс К.Н. ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Есмағамбетов К.Л. тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты шығыстық деректану, Шығыс халықтарының тарихы және мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері

Жетекші ұйым: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы

Ресми сарапшылар: 1 Қазақстан-Британ техникалық университетінің «Философия және құқық» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдіров Мұрат Жеткергенұлы (мамандығы – 07.00.02 )

2 Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің «Азия және Африка елдері тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторыӨмүрбеков Токторбек Наматбекович (мамандығының шифры – 07.00.02)

3 М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы (мамандық шифры – 07.00.02).
МАХАЕВА А.Ш. Қазақ – қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы –  ХХ ғасырдың бас кезі). Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты (07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)