Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Кезекті методологиялық семинар отырысы


2012 ж. 29 қараша күні Институтта жоспар бойынша бекітілген методологиялық семинар жұмысының кезекті отырысы өтті. Негізгі «Қазақстанның көрнекті тарихшы ғалымдарының ғылыми мұрасын зерттеу мәселелері» тақырып бойынша баяндаманы Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева және аталған бөлімнің бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов жасады. Г.Ж. Өскембаева П.Г. Галузо, М.Қ. Қозыбаев, Б.С. Сүлейменов, Р.Б. Сүлейменов, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейісов, Х.А. Арғынбаев және тағы басқа Қазақстанның көрнекті ғылыми мұрасын зерттеу мәселелеріне қатысты бөлімінде атқарылып жатқан жұмыс барысына, жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып өтті. Зерттеу мақсаты – ХХ ғ. Қазақстанның көрнекті тарихшы-ғалымдарының өмірі мен ғылыми мұрасын зерделеу, ХХ ғ. Қазақстанның көрнекті тарихшы-ғалымдарының еңбектерін жаңа методологиялық ұстаным негізінде сараптау; қайта басып шығару, сонымен қатар тарихшы-ғалымдардың өмірі мен шығармашылығына байланысты жарық көрмеген мақалалары мен ғылыми еңбектерін ғылыми айналымға қосу басымдылық орын алатындығын жеткізді.
Қ.С. Алдажұманов тұлғатану бойынша зерттеу жұмысын жүргізу барысында зерттеудің әдіснамалық негізі – тұлғатану және элитология ретінде қоғамдық ғылымдағы көрнекті тұлғаларды зерттеудің жалпығылыми әдістері, бұл мәселені зерттеудің негізінде тарихи талдау (саралау) әдісі, тақырыпты кешенді түрде зерттеуде сонымен қатар проблемалы-хронологиялық, компаративті, жұйелі-құрылымдық және тағы басқа әдіс, тәсілдер де қолданылатындығын атап өтті. Жоғарыда аталған белгілі ғалымдардың өмірі туралы көптеген естеліктер мен орын алған қызықты жағдайларды баяндап өтті. Олардың сол уақыттағы заман талабына орай қудалауға ұшырағандардың, жазаға тартылғандардың болғанын, кейіннен қалайша ақталғандықтары жөнінде де мағлұматтар келтіріп өтті. Ғылыми мекмедегі жұмыс тәртібі туралы, мақала жариялаудың сол кездегі қыр-сыры жайлы да мәлімет беріп, мысалдар келтірді. Методологиялық семинар жұмысына қатысқан институт қызметкерлері тұлғатану мәселесіне және жеке ғалым тұлғаларға қатысты өздерін қызықтыратын сауалдарын жолдап, оған баяндамашылар тарапынан жауап алды.

Қазақстанның көрнекті тарихшы-ғалымдарының тағдыры мен ғылыми мұрасы

Зерттеу мақсаты. ХХ ғ. Қазақстанның көрнекті тарихшы-ғалымдарының өмірі мен ғылыми мұрасын зерделеу. ХХ ғ. Қазақстанның көрнекті тарихшы-ғалымдарының еңбектерін жаңа методологиялық ұстаным негізінде сараптау; қайта басып шығару, сонымен қатар тарихшы-ғалымдардың өмірі мен шығармашылығына байланысты жарық көрмеген мақалалары мен ғылыми еңбектерін ғылыми айналымға қосу басымдылық орын алады. Осы ғалымдардың қызмет істеу кезінде «Қазақ КСР тарихының» 5 томдығы жарық көріп, бір топ авторлар Мемлекеттік сыйлықтың иегері болды. Дәл осы кезеңде археология, этнография, тарихнама, деректану салалары бойынша терең зерттеулер жүргізілді. Бұл еңбектер қазақ халқының ұлттық санасының қалыптасуына үлкен әсер етіп, бұл ғалымдардың есімі мен ғылыми мұрасы Отандық тарихи ойдың мақтанышына айналып отыр.
Бүгінгі күнгі тарих ғылымының ақиқатына жүгінсек сол еңбектердегі кейбір тұжырымдардың ескіргені көрінеді. Бірақ, біз мынандай жәйді ескеруіміз қажет, осыдан 40-50 жыл, тіпті 20-30 жыл бұрын зерттеген мәселелерді қайта қарап толықтырып, жетілдіріп, жаңаша бағалау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Себебі, ғылым күн сайын дамып, жаңа деректермен толығып, жаңа әдістерге сүйеніп, үнемі ілгерілеп отырады. Осы орайда кеңестік кезеңдегі тарихшы-ғалымдардың ғылыми қызметіне, олардың зерттеулерінің ғылыми құндылығын бағалауда Ұлттық Ғылым Академиясы Тарих және этнология институты шығарған 5 томдық «Қазақстан тарихының» 1-томының кіріспе сөзінде мынадай тұжырым оңды бағыт береді: «Қазақ халқының төл тарихы формациялық сипаттағы жалпы заңдылықтарға лайықталып баяндалып, схемаға түсірілді одан маңызды оқиғалар мен фактілер, қызметі ресми идеологияның доктриналық нұсқалары аясына сыймаған аса көрнекті тұлғалар алынып тасталды. Халық тарихының қаралы беттері айтылмады. Қазақ халқының аса бай мәдени және тарихи мұрасы, көшпелі өркениеттің дүниежүзілік тарихта атқарған рөлі жете бағаланбады. Қазақстан тарихы Орта Азия елдерінің, түркі халыктары тарихынан әдейі оқшаулатылды. Бұл сарын «ресми» тарихнамада кең таралды. Бірақ ол біркелкі дамыған жоқ. «Социализм дәуіріндегі» ғылыми әдебиетті қабылдамау керек, өйткені, онда идеологиялык өзгешеліктердің таңбалары сақталған, кәсіби емес деген пікір бар.Тіпті идеологияландырылған ескіргеннің өзінде де, бұл әдебиет біріншіден, тарихи ой пікір эволюциясын зерттеу үшін маңызды дерек, ал екіншіден, өткенді жаңа көзқарас тұрғысынан қарау кезінде қажет болатын нақты тарихи ақпарат» Зерттеу әдісі. Жұмыстың әдістемелік негізі тұлғатану сияқты өзекті бағыттардың бүгінгі таңдағы әлемдік қоғамдық ғылымдарда пайдаланылатын көрнекті жеке тұлғаларды зерттеу аясындағы зерттеудің жалпығылыми әдісі құрайды. Тақырыпты зерттеу барысында тарихи сараптау әдісі, компаративтік, ғылыми танымдағы жүйелілік, хронологиялық, салыстырмалы-тарихи әдіс қолданылды.
Ғылыми нәтижелер. Басылымдар – барлығы – 59 жалпы көлемі (44,3 б.т.), монография – 1 (өндірісте, көлемі – 11,6 б.т.), мақалалар – 58 (32,7 б.т.), ғылыми іс шараларда (конференциялар, форумдар, дөңгелек стол және т.б.) қатынасу – 71 (оның 28 – халықаралық, 43 – республикалық ), БАҚ-та берілген сұхбаттар – 28.
Ендіру дәрежесі. Зерттеу нәтижелері монографияларда, әртүрлі ғылыми жарияланымдарда, әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуде, бұқаралық ақпарат құралдарында, іргелі зерттулерде, ЖОО мен республика мектептеріне оқулықтар мен оқу құралдарын дайындауда қолданыс тапты.

Мақсаты: ХХ ғ. Қазақстанның көрнекті ғалым-тарихшыларының биографиясы мен ғылыми мұраларын зерттеу. ХХ ғ. Қазақстанның көрнекті ғалым-тарихшыларының ғылыми еңбектеріне жаңа методологиялық көзқараспен сараптама жасау, оларды қайталап басу, сондай-ақ ғылыми айналымға ғалымдардың шығармашылығы мен өмір жолдарына қатысты бұрындары жарияланбаған материалдарды енгізудің маңыздылығы зор.
– Зерттеушілер ұжымындағы басты орындаушылар Қазақстан мен шетелдерге танымал, ғылыми қызметінде үлкен тәжірибеге ие ғалымдар. Сондықтан, жоба аса жоғары ғылыми-техникалық деңгейде жүзеге асырылмақ деген тұжырым жасауға негіз бар.
Міндеттері:
– ғалым ретінде профессор П.Г. Галузоның биографиясы мен кейіпін зерттеу арқылы оның Қазақстанның революцияға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты еңбектері мен тарихнамалық жетістіктерін бағалаған зерттеулерін 2-том ретінде баспаға даярлау: Оразов Р.
1. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг. Алма-Ата, 1965, 345 с.
1. Галузо П.Г. Туркестан – колония (Очерк истории колониальной политики русского царизма в Средней Азии). Ташкент, 1935, 225 с.
– ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті Г.Ф. Дахшлейгердің Қазақстан ғылымына қосқан үлесін және ғалымның еңбектеріне жаңа методологиялық көзқараста сараптама жасай отырып, 2-томдық кітапты баспаға даярлау: «Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921–1929)», «В.И.Ленин и проблемы казахстанской историографии». Мақалалары. Абылхожин Ж.Б., Саурықова А., Жыланкөзова А.
– ҚазКСР ҒА-ның мүше-корреспонденті Б.С. Сүлейменовтың ғылыми көзқарастары мен тұжырымдарын талдауға және де ғалымның өмірі мен шығармашылығына қатысты жаңа материалдарды ғылыми айналымға енгізе отырып, оның үш томдық ғылыми еңбегін қайта басуға әзірлеу: Ақтөбе унив. Доценті С.Есқалиев орындады
1. Сулейменов Б.С. Аграрный вопрос в Казахстане в последней трети XIX– начала XX в. (1867–1907 гг.). ‒ Алма-Ата, 1963.
2. Восстание 1916 года в Казахстане (причины, характер, движущие силы). ‒ Алма-Ата, 1977. ‒ 166 с.
3 «Бегежан Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми қызметі» тақырыбында монография баспаға әзірленді;
– Академик Р.Б. Сүлейменовтың бірнеше тілде жарық ғылыми мұраларына зерттей отырып, қазақ халқының мәдениетіне арналып, бірақ жарияланбаған ғылыми материалдарын айналымға енгізу, сондай-ақ академиктің бұрындары басылған еңбектерін қайта жаңғырта екі том ретінде жариялау;
1 –том: «Из истории Казахстана ХVШ века. (О внешней политике Аблая) 1988 г.
Р.Б. Сулейменов еңбектерінің екінші томы.: «Чокан Валиханов – востоковед» написанная в соавторстве с В.А. Моисеевым. Алма-ата, 1985. С.111; Санджар Джафарович Асфендиаров. – Алма-Ата, 1990, С. 77, Видный общественный деятель и ученый. К 70-летию со дня рождения С.Д. Асфендиарова. г. // Алма-Атинская правда. 24 октября 1959.; Темирбек Жургенев. ‒ Алматы 1969 г. Асанова С., Қожаханова Қ.
– ҚР ҰҒА академигі М.Қ. Қозыбаевтың ғылыми мұраларын жүйелеу және зерттеу арқылы, ғалымның Қазақстан тарихы ғылымындағы орны мен рөлі айқындалып, Қазақстан тарихының түрлі өзекті мәселелеріне арналған 2 монографиясы қайта басуға даярланды: Төленова З.М.
1. Казахстан – арсенал фронта. ‒ Алматы, 1970. ‒ 475 с.
2.Өркениет және ұлт. – Алматы, 2001. ‒ 369 б.
– ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті К. Нұрпейістің өмірі мен қызметін зерттеу нысанына ала, оның ХХ ғасырдағы Қазақтың мемлекеттілігі тарихына арналған еңбектерін баспаға даярлау. Көрнекті ғалымның бұл еңбегі 1-томдық ретінде шығаруға көзделініп отыр.
– профессор Х.А. Арғынбаевтың Қазақстан этнографиясы ғылымының дамуына қосқан үлесін баяндай және оның еңбектерінің қазіргі этнография саласында қолдану жетістіктерін саралай отырып, ғалымның ғылыми еңбектерінен 2-томдық кітап әзірлеп шығару.
Бұл зерттеу жұмысының қажеттілігін сонда, біз республикамыздың көрнекті ғалым-тарихшыларының өмірі мен қызметі, тарихи мұралары жайында тұңғыш рет топтасқан жинақ ретінде шығарғалы отырмыз.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. ХХ ғасырдағы көрнекті қазақ тарихшыларының өмір жолдары, ғылыми қызметі мен тарихи мұралары алғаш рет арнайы түрде жиынтық ретінде қарастырылғалы отыр. Берілген тақырып көп том ретінде бұрындары жарық көрген емес. Зерттеудің ғылыми жаңалығын мынадан көруге болады:
– Көптомдық еңбектерді шығару жұмысы барысында тақырыпқа қатысты мұрағаттық ісқағаздық құжаттар, мерзімді басылым материалдары, замандастардың естеліктері, сонымен қатар көрнекті ғалымдардың монографиялары мен мақалалары, олардың ғылыми сарапшылары мен пікірлестерінің көзқарастары айқындалды және зерттеуге алынды;
– Қазақстанның көрнекті ғалымдарын тарихи көзқарастарын зерттеу мәселесінде кешенді түрде тарихнамалық зерттеу жүргізілді;
– Берілген жұмыста тұңғыш рет кешенді түрде Қазақстанның көрнекті ғалым-тарихшылардың ғылыми қызметтерінің негізгі кезеңдері зерттеу нысанына алынды және олардың Қазақстанның мәдениеті мен тарих ғылымы саласындағы тигізген үлесі айқындалды;
– Ғылыми қызығушылығын тудыратын олардың Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеудегі үлестерін ұғынуға және біртұтас түрде зерттеуге әрекет жасалынды;
– Зерттеудің жаңалығы сонда, қазақ халқының тарихына қатысты жазылған қазақстанның көрнекті ғалым-тарихшыларының еңбектері ең алғаш рет жүйелі және кешенді түрде зерттеу нысанына алынды, олардың ерекшеліктері, заманмен байланысы анықталды, олардың Қазақстан тарихыны қатысты көзқарастары мен тұжырымдары қазіргі көзқарастарымен салыстырмалы түрде саралана қарастырылды.
Зерттеу жұмысы бағытының келешегі П.Г. Галузо, М.Қ. Қозыбаев, Б.С. Сүлейменов, Р.Б. Сүлейменов, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейісов, Х.А. Арғынбаев және тағы басқа Қазақстанның көрнекті ғалымдары еңбектерінің негізінде тарихнама, деректану және зерттеу әдістері мәселелерінің өңдеу қажеттігінен туындап отыр. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының ғылыми мұралары Қазақстанның тарих ғылымы саласына қажетті ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлауға тікелей байланысты.
Ұсынылып отырған ғылыми жобаның зерттемелік дәрежесіне келсек, Қазақстанның көрнекті ғалым-тарихшылардың өмірі мен қызметі және мұрасын зерттеуге арналған іргелі еңбек, ең алғаш рет зерттеу нысанына алынбақ.
3. Зерттеу жұмысының әдіснамасы (қолданылатын әдістер мен зерттеу формалары, ғылыми ұстанымдағы салыстырмалы талдау). Зерттеудің әдіснамалық негізі тұлғатану және элитология ретінде қоғамдық ғылымдағы көрнекті тұлғаларды зерттеудің жалпығылыми әдістерін құрайды. Бұл мәселені зерттеудің негізінде тарихи талдау (саралау) әдісі бар. Тақырыпты кешенді түрде зерттеуде сонымен қатар проблемалы-хронологиялық, компаративті, жұйелі-құрылымдық және тағы басқа әдіс, тәсілдер қолданылады.
4. Күтілетін нәтижелер (орындалатын ғылыми зерттеудің практикалық және ғылыми маңыздылығы, олардың инновациялық және нақтылы басымдылығы)
Жобаның практикалық маңыздылығы. Қазақстанның көрнекті ғалым-тарихшыларының еңбектерін қайта басу және әйгілеу жас ғалым-тарихшыларды, философтарды, әдебиетшілерді, тілшілерді, сондай-ақ оқу орындарындағы студенттерді тәрбиелеуде аса қажет.
Жобаның практикалық маңыздылығы сонда, оның нәтижелерін жеке тұлғаларды зерттеудегі элективтік курстарында пайдалануға болады.
Жобаның ғылыми маңыздылығы көрнекті тарихшылар көтерген Қазақстанның тарих ғылымының мәселелерін жаңа методологиялық көзқараста қарастыру қажеттігіне негізделген.
Күтілетін нәтижелер. Жоба шеңберінде еліміздің мұрағаттары мен кітапханаларынан Қазақстанның көрнекті ғалым-тарихшыларының ғылыми мұраларына қатысты құжаттық материалдарды табу және жинау, зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми мақалалар мен баяндамалар жазу және жариялау, деректі фильмдер жасау, кейбір тарихшылардың мұрасына арнап конференциялар өткізу сияқты жұмыстар жүргізіп, нәтижелер алынбақ. Сонымен қатар ең басты нәтиже ғалым-тарихшылардың ғылыми мүраларын жариялау, бұрынғы шыққан еңбектерін қайта өңдеп жариялау болып табылады. Нақты түрде мынадай кітаптар шығарылуы тиіс:
Барлығы 14 том шығару жоспарланды.
Қазақстан тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан, кеңестік дәуірде өмір сүріп, кеңестік идеология қыспағында жүріп кешенді зерттеулер жүргізген тарихшы-ғалымдарымыздың тағдыры мен ғылыми мұрасын зерттеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Бүгінгі күнгі ғұмырнама жанрының міндеті – өркениетті елдердің өз тарихын жазудағы әдіснамасын игере отырып, жалпы адамзаттық рухани кұндылықтарға негізделген еңбектер жазу тарихшылардың өмірін, қызметін, көзқарастарын зерттеу, сол кезендегі тарихи ахуалды, уақыт ерекшелігін түсіну үшін маңызды болып табылады. Тарихшы-ғалымдардың қалдырған мұраларын бағалауда, олардың кеңес қоғамында бүкіл саналы өмірін жасап, қызмет еткендерін ескеру қажет. Өйткені қалыптасып, күшіне енген тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйе мен оның идеологиясы ғылымның барлық салаларына, сонын ішінде қоғамтануға да әсері болғаны және бақылау орнатқаны аян.
Сонымен қатар ХХ ғ. көрнекті тарихшы-ғалымдарымыздың өмір жолы мен ғылыми мұрасы алғаш рет зерттеу нысаны ретінде алынып, кітаптары біртұтас еңбек ретінде қайта шығарылуы қажеттілігінен туындап отыр.
Негізгі конструктивті, технологиялық және техникалық пайдаланудың сипаттамасы. Зерттеу барысында алынған нәтижелердің басым бөлігі дәстүрлі зерттеулердің жаңа деңгейін көрсетіп қана қоймай, мультимедиалық оқу құралдарын, электронды-дидактикалық қосымша оқу құралдарын, электрондық оқу құралдарын және тарихты оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясын енгізуге пайдаланылады.
Соңғы кезде ғылымтануда «тарихи ғұмырнама», «тарихи тұлғатану» терминдері ресми түрде жариялылыққа ие бола бастады. Бұл түсініктердің маңыздылығы тарихнамада бұрыннан қалыптасып келген жұмыстардың маңызды бір саласы ретінде жалпы ағымнан ерекшелеп қарастыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан да тарихи үрдістердің қай саласын қамтысаң да ғұмырнама жанрының өзіндік орны бар, әсіресе, рухани өмірден сөз қозғаған тұста, жеке шығармашылық бастама алдыңғы орынға қойылса, ол анағұрлым жемісті болмақ.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы тарих ғылымы алдымен сталиндік жосықсыздықтардың, содан кейін волюнтаризм мен субъективизмнің, тоқырау идеологиясы мен психологиясының ықпалында (шырмауында) болып келді. Бұл мәселе көп зерттеу жүргізіп, жаңа көзқараспен байыпты ой-тұжырымдар айтуды қажет ететін мәселе. Жалпы, басқа да ғылымдар секілді оның бір саласы тарих та қоғамнан тыс дамымайды, кеңестік қоғамның әр кезеңінде пайда болған мән-жәй оған да өз ықпалын тигізді.
Жалпы, социализм уақытындағы тарих ғылымында ұлттық зиялылар, жеке адамдар өмірі мен қызметтеріне жеткілікті назар аударылмады. Бұл дәуірде, негізінен, кейіпкерлердің революциялық және қоғамдық-мемлекеттік қызметіне көңіл бөлінді. Қайта кұру кезеңінде саяси бейне жасау басым болған еді. Ал өмір ағымы болса маркстік-лениндік және басқа да жеке алынған әдіснаманың шектелгендігін ескере келе, басшылыққа жалғыз, негізгі өлшем-тарихилық, ақиқат өлшемін ала отырып тағдырлары күрделі, ал кейбір жағдайда әділ азаматтық ұстанымдары және тарихи көзқарастары үшін қайғылы болып келетін нақты адамдарға, тарихшыларға да көңіл аударуды талап етуде.
Сондай-ақ, жас Тәуелсіз Қазақстан тарих ғылымы үшін көрнекті тарихшылардың ғылыми өмірбаянын жариялау тіптен маңызды мәнге ие. Өйткені, кең тараған проблемалар (тақырыптық) тарихнамамен қатар көрнекті тарихшылар туралы ғылыми еңбектер әр елдегі тарих ғылымының берік негізін қалайды. Мұндай ғұмырнамаларда көрініс тапқан тамаша кәсіби-тарихшылардың шығармашылық тәжірбиесі біздің ғылымның жас мамандары үшін жақсы мектеп болатыны сөзсіз. Мұндай күрделі жұмыстың алғашқы қадамдары Қазақстан ғылымында басталуда. Оның әрі қарай сәтті алға жылжуы қаралып отырған мәселенің әдіснамалық негізінің кеңестік тарихнамада жеткен жетістіктерді дұрыс пайдалана отырып, республика ғылыми қауымының осы бағытта жөн сілтеп, күш жұмсауында деп білеміз.
Зерттеудің басымдылығы көрнекті тарихшы ғалымдарының өмірі мен қызметіне байланысты жарияланбаған материалдарды ғылыми айналымға енгізу, олар көтерген мәселелерді жаңа методологиялық көзқарас тұрғысынан қайта қарастыру қажеттілігімен негізделеді.
Профессор П.Г.Галузоның өмірін, революцияға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған 2 томдық еңбегін бүгінгі таңдағы тарихнамалық зерттеулер негізінде бағалап, жаңа көзқарас тұрғысынан зерделеп, қайта шығаруға дайындық жұмыстары жасалды. Зерттеу барысында белгілі қазақстандық тарихшы П.Г.Галузоның өмірі мен қызметі жайлы құжаттар мен материалдар жинақталып, ғылыми еңбектері бір жүйеге келтірілді. П.Г.Галузоның ХХ ғ. 20-жылдарында Мәскеуде табысты басталған ғылыми жолы, Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі аграрлық қатынастарға байланысты, Ресейдегі революциялық қозғалыстар тарихына деген көзқарасын ғалымның ғылыми еңбектерін саралау арқылы зерттеуге баса назар аударылды. Жинақталған мәліметтер мен құжаттар П.Г. Галузо 20-шы жылдардың аяғында-ақ Орта Азиядағы тарих саласы бойынша ғылыми-зерттеу мекемелерін ұйымдастырушылардың бірі бола отырып, Ресей империясының Қазақстанның оңтүстік өңірі мен Орта Азияны отарлау мәселелерін зерттеу мәселелерімен айналысқанына көз жеткізеді. Зерттеу кезеңінде айқындалған тарихшы П.Г. Галузоның еңбектерінің библиографиясы мен оның хронологиясы сталиндік тоталитарлық тәртіптің қалыптасып, күшейіп тұрған кезінде Орта Азия мен Қазақстан халқының тәуелсіздік жағдайда болғаны туралы шындықты қорықпай жазғанына оның алғашқы зерттеулері «Колониальная политика царизма в Средней Азии» (1928жг.), «Туркестан и царская Россия» (1929 ж.), «Туркестан – колония» (1929, 1930, 1935) және т.б. еңбектері куә.
П.Г. Галузоның ХХ ғ.т 20-30 жылдары Мәскеуде, Ташкенде жарияланған монографиялары бүгінгі таңда Отан тарихына қызығушылық танытып жүрген көпшілік қауымды былай қойғанда, зерттеуші мамандарға да таптырмайды. Осыған байланысты П.Г.Галузоның «Туркестан – колония» (1929, 1930, 1935) электронды нұсқасы басылымға дайындалды. П.Г.Галузо ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында жарық көрген зерттеулеріндегі ғылыми пікірі мен тұжырымдары үшін репрессиялық саяси қуғын-сүргінді басынан кешірді.
ҚазКСР Ғылым академиясының мүше-коррееспонденті Г.Ф. Дахшлейгердің Қазақстанның тарих ғылымына қосқан үлесі зерделеніп, ғалым еңбектері жаңа көзқарас тұрғысынан сараланды. Григорий Федорович Дахшлейгер көрнекті тарихшы, Қазақстанның тарих ғылымын қалыптастыруға зор үлес қосқан талантты зерттеуші және педагог. Г.Ф. Дахшлейгер өз зерттеулерін ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшуге дейінгі қазақ ауылы мен селоларындағы әлеуметтік қайта құрулар тарихы сияқты нашар зерттелген, күрделі мәселелерге арнады. Автор жүргізілген қайта құрулардың ерекшеліктері, әлеуметтік сипаты, таптық күрес, социалистік индустрияландыру негізінде ауыл шаруашылығының ұжымдық формасына көшу үшін оның маңыздылығы сияқты бірқатар маңызды мәселелерді қойып,оны шешудің жолдарын қарастырды. Көпжылдық ізденістер нәтижесінде автор алғаш рет ғылыми айналымға енгізілген мұрағаттық құжаттарға сүйене отырып, «Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921-1929 гг.)» (1965 г.) атты кешенді еңбегінде қазақ ауыл мен селоларындағы капиталистік кезеңге дейінгі институттарды күйреткен әлеуметтік қайта құруларды жан-жақты қарастырып, жаңа экономикалық саясаттың орта шаруаға әсері, республика ауыл шаруашылығының рынокпен байланысы, кооперативтік құрылыстың даму формалары мен оның көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқының тұрмысына икемделуі сияқты мәселелерді қарастырды. Г.Ф. Дахшлейгердің ««В.И. Ленин и проблемы казахстанской историографии». А., Наука, 1973 монографиясы баспаға дайындалды.
ҚазКСР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті Б.С. Сүлейменовтің көзқарастары мен ұстанымдары сарапталды.
Кешенді зерттеу тақырыбы бойынша белгілі тарихшы, ғалым Б. Сүлейменовтің ғылым жолындағы қызметін, онан қалған мол мұраны қазіргі тарих ғылымының шыңынан талдап, саралап шынайы баға берілді. Оның ішінде Б. Сүлейменовтің өмірі мен тарихшы – маман болып қалыптасуына байланысты айналымға қосылмаған мәліметтер арқылы зерттеу жүргізілді.
Б. Сүлейменовтың ғылыми шығармашылық кызметіне, мұрасына байланысты айғақтар, тарихи деректердің барлық түрлерін жинақтап, салыстырып-саралау негізінде оның Қазақстан тарихи ғылымының тарихында алатын орнын мүмкіндігінше нақтылауға тырыстық. Ғалымның қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыс тарихына байланысты зерттеулеріне тарихнамалық тұрғыдан талдау жасалынды. «Восстание 1916 г. в Казахстане: (Документы и материалы)». Алма-Ата: Изд-во Ан КазССР, 1947; «Казахстан в первой русской революции». Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1949 г. Зерттеу барысында ғалымның ғылыми мұрасының құндылығы, казіргі уақытта да маңыздылығын жоймағандығы ашып көрсетілді.
Б. Сүлейменовтің тоталитарлық режимнің күшіне еніп, қуғын-сүргін саясаты жүріп жатқан кезінде азаматтық тұрғысы күшті ғалым ретінде өзінің көзқарастарымен ресми идеологияның негіздеріне сыйыспай, жүргізіліп отырған саясатқа белгілі дәрежеде қарсы шыққаны оның тұлғасына ерекше назар аудартады. Ғалымның өмірін және тарихи көзқарастарын зерттеу арнайы зерттеу нысаны болуға тұрарлық еңбек. Б. Сүлейменовтің ғылыми мұрасын тарихшылдық, жан-жақтылық, объективтілік ұстанымдарына сәйкес талдап, әділ баға беріп, дұрыс пайдалана білуіміз қажет. Біздің міндетіміз Қазақстан тарих ғылымының тарихында толық бір кезеңді қамтитын Б.С.Сүлейменовтің өмірін және ғылыми мұрасын бүгінгі талаптар және міндеттер тұрғысынан талдап жіктеу, саралау болып табылады. Бекежан Сүлейменұлы ғылымның жолын берік ұстаушы, бір ізділікті сақтауды ғылыми принцип дәрежесіне көтерген ғалым.
Сүлейменов Рамазан Бимашұлы ХХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстанның көрнекті ғалымдарының үлкен бір шоғырының өкілі. Р.Б. Сүлейменов ұлы тұлғалардың Абылай ханның, Ш.Ш.Уәлихановтың, Т.Жүргеновтің, С.Асфендияров, т.б. тарихи бейнесін жасады. Ол Қазақстандағы тарихи-мәдени бағытының негізін салушы, 30 монографиясы Германия, Жапония, АҚШ т.б. елдерде жарияланған 250 ғылыми еңбектің авторы. Өкінішке орай, бүгінгі таңда тарих ғылымында аса маңызды орын алатын ғылыми еңбектері соңғы 20 жылда қайта басылып шығарылған жоқ.
Осы еңбектерінің ішінде Қазақ ханы Абылайға арналған монографиясы ерекше орын алады. Бұл монографияның үлкен қызығушіліқ тудыру себебі,ь ол кезеңде бұндай еңбек жазу үшін үлкен жүрек керек еді. Сондықтан да жоба авторлары зерттеудің 1-ші томын аталған монографияға арнап, жаңа ғылыми түсініктемелер (комментарийлер), анықтамалық түсіндірулер береді. «Из истории Казахстана ХVШ века. (О внешней политике Аблая)
Монография мәтінін дайындау барысында техникалық жұмыстар (сканерлеу, редакциялау сияқты) ғана емес, сонымен қатар алғы сөзі мен қосымша мәтінде ғалым жұмыс істеген сол кезеңнің тынысы беріледі. Жоғарыда айтылғандай, ғалымның қалыптасу кезеңі идеологиялық бақылаудың әлсіреген кезеңіне тап келді. Осыған байланысты бұл жағдай Р.Сүлейменовтің ұлттық тарих пен мәдениет мәселелерін қарастыруға өз таңбасын қалдырды. Ғалым тарихи материалды догмалық мазмұндаудан алшақтап, идеологияға бой ұрмағанын көрсетеді.
Алайда қазақстан ғылымының тарихында идеологиялық бақылаудың әлсіреуі, идеологиялық қысымның күшеюімен алмастырылып отырғанын естен шығармауымыз керек. Мұндай жағдайда кеңестік мемлекеттің идеологиялық доктринасына сай келмеген көзқарас саяси диверсия болып есептеліп, әкімшіл-әміршіл жүйенің қатаң бақылауында болды. Таза ұлттық проблемалармен айналысу үшін нағыз ерлік керек болды. Ал осы монография жазылу кезіде ХХ ғ.70-ші жылдары стали ндік әкімшіл-әміршіл жүйенің ғылым мен мәдениетті қатаң бақылауға алған кезеңі болды. Алғашқы кезде еңбек «Аблай» деп аталды. Бірақ жоғары партия ұйымдары Абылай хан ұлттық мақтанышына айналғант дара тұлға екені, қазақ халқының ұлттық санасын оятады дегеннен қорықты. Тарихта Абылайдың алатын орнын өздеріңіз білесіздер. Р.Б. Сулейменов тарихи оқиғаларды дара тұлғалардың өмірі мен қызметін терең зерттемей отырып, түсініп, аша алмайтынымызды түсіндіруге тырысты. Сөйтіп, тарихшылар монографияны «Абылайдың сыртқы саясаты туралы» деп атауға қол жеткізді.
Монография жазу кезеңінде ұлттық тарихи тұлғаларға арнлып жазылған еңбектер аз болды. Р.Б.Сүлейменов шынайы көзқарас тұрғысынан Абылайдың ерекше қасиеттерін ашуға тырысты. Ұлттық тарихқа деген Компартиялық идеологиялық қысым кезінде жарық көрген зерттеудегі құжаттық, деректік негізге бай тұжырымдары мен қорытындылары қазақ тарихының жаңа концепциясын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Бүгінгі күні осындай еңбектер сирек кездесетін еңбектер қатарына жатады. Кезінде тиражы аз болды. Сол себепті осындай еңбектерді жаңа көзқарас тұрғысынан қарастырып, қайта басып шығару көпшілік ғылыми қауымды, студенттерді отандық тарихи ойдың озық үлгілерімен таныстыруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты ғылыми-анықтамалық аппаратпен жұмыс істеуге үлкен көңіл бөлініп отыр. Ғылыми түсініктем(комментарий) бүгінгі күні талас тудырып отырған жеке фактілер мен көріністерді қайта қарастырып, саралауға, қажетті түзетулер енгізуге жағдай туғызады.Уже в 1959 г. молодой ученый Р.Б. Сулейменов опубликовал две статьи «О научной деятельности Санджара Джафаровича Асфендиарова» и «Выдающийся деятель и ученый», посвященные 70-летию со дня рождения С.Д. Асфендиарова (1898-1938 гг.), — видного ученого, автора одного из первых учебников по истории Казахстана, государственного и общественного деятеля. Однако дальнейшее изучение его творческого наследия стало невозможным и опять-таки из-за политической коньюктуры. Уже в 1969 и 1979 гг. партийное руководство республики не разрешило отмечать его юбилейные даты. Намерения Р.Б. Сулейменова организовать и провести научно-теоретические конференции, программы которых тогда утверждались «на самом высоком уровне» не нашли поддержки.
Только в конце 80-х гг. появилась возможность вернуть доброе имя и труды С.Д. Асфендиарова, восстановить тем самым прерванную историческую цепь преемственности культурного наследия народа. И в этом большая заслуга Рамазан Бимашевича. В 1989 г. он организовал собрание научной общественности г. Алма-Аты, научно-практическую конференцию молодых ученых Казахстана и Средней Азии (1989 г.) на тему: «С.Д. Асфендиаров: время, жизнь и творчество». Их участниками стали специалисты-обществоведы, студенты Казахстанских вузов.
Интерес и привязанность к этой проблеме он сохранил всю жизнь, неустанно собирал материалы, переписывался с родными, учениками и соратниками С.Д. Асфендиарова. В результате был собран значительный материал, большая часть, которого к сегодняшнему дню не опубликована. В ходе работы над вторым томом проводилась обработка архива академика по выявлению наиболее значимых и интересных материалов посвященных жизни и деятельности С.Д. Асфендиярова.
Таким образом, двухтомник произведений академика Р.Б. Сулейменова позволит познакомить широкую научную общественность с наиболее интересными работами. Выбор данных исследований связан с тем обстоятельством, что все эти работы не вписывались в политическую конъюктуру советского государства, поскольку были посвящены отдельным выдающимся деятелям казахской истории и культуры, и объективно способствовали подъему национального самосознания казахского народа. В условиях советского строя любые проявление суверенности рассматривались, как опасные для целостности советской империи и не встречали поддержки и поощрения со стороны властных структур. В силу этих обстоятельств, вошедшие, в настоящий сборник произведения акад. Сулейменова Р.Б. были выпущены небольшим тиражом и малоизвестны широкой научной общественности.
Белгілі қазақ тарихшысы Бегежан Сүлейменұлы Сүлейменовтің тұлғасына көзқарас күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып табылады. Б.С. Сүлейменов тарих ғылымының көрнекті қайраткері деуге толық негіз бар. Оның атымен республика қауымы 1917 жылғы революцияға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы, мәдениеті және қазақ халқының ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар проблемаларын зерттеудегі бірталай жетістіктерді орынды байланыстырады. Тарихшы-ғалымның қоғамдық, ғылыми-шығармашылық қызметін талдап сараптап, баға беру, құнды жақтарын көрсету мақсаты тақырыптың маңыздылығын арттыра түседі. Өйткені, Б. Сүлейменов сияқты тұлғалы зерттеуші-тарихшылардың тиянақты ғылыми өмірбаяндары Қазақстан тарихнамасына қосылған елеулі үлес болып табылады. Қазақстан тарихшылары туралы, олардың ғылыми-шығармашылық қызметіне талдау жасаған еңбектер қазірде жоқтың қасы.
Бегежан Сүлейменұлының ғылыми жолын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең: «Б. Сүлейменовтің ғылыми-шығармашылық кезеңінің басталуы» – ғылымға енді ғана бойлап, енгеннен бастап, «ұлтшыл» аталып, айдалып-сотталғанға дейінгі аралық яғни, 1940-1952 жыл аралығын қамтиды.
Екінші кезең: «Б. Сүлейменов Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихының ірі зерттеушісі» ‒ ақталғаннан кейінгі жылдар бойындағы тоталитарлық тәртіптің идеологиялық ықпалы қоғамда сақталса да, ел тарихын тәптіштеп» зерттеген кезі. Дегенмен, Б. Сүлейменовтің ғылыми мұрасын тек әр түрлі кезеңдерге бөліп емес, негізінде проблемаларға, яғни тақырыптарға сұрыптап талдаған жөн. Б. Сүлейменовтің ғылыми еңбектері, негізінен, Ресей империясы құрамындағы қазақ еліндегі аграрлық мәселе тарихына, революциялық және ұлт-азаттық қозғалысы, мәдениет, қоғамдық-ой тарихына арналған. Соларды жаңғырып жатқан тарих ғылымының әдістемелік принциптері мен тұжырымдамалық негіздерінде таразылап талдамақшымыз. Өйткені, біраз уақыт бұрын зерттелген мәселелерді қайта қарап толықтырып, жетілдіріп, жаңаша бағалау, тарих ғылымында жиі кездесетін жағдай. Себебі, ғылым күн сайын дамып, жаңа деректермен толығып, жаңа әдістерге сүйеніп, үнемі ілгерілеп отырады.
Бегежан Сүлейменов кеңестік дәуірдегі тоталитаризмнің нығайып, күшіне енген кезеңінде-ақ, қоғамтану ғылымына идеологиялық қысымның ұлғая түскен уақытында ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысып, марксизм-ленинизм ілімінің үстемдік құрып тұрған кезінің өзінде іргелі еңбектер жазды. Ендеше, Б. Сүлейменұлының ғылыми мұрасын да осы тұрғыдан, тарихшылдық, жан-жақтылық, объективтілік ұстамдарына сәйкес талдап әділ баға беріп, дұрыс пайдалана білуіміз керек.
М.Қ.Қоозыбаевтың шығармашылық ғұмырының көп бөлігі тоталитарлық жүйе, яғни партиялық-өктемдік басқару мен әміршіл-әкімшіл жүйенің кемелденіп, өзінің нағыз шарықтау тұсына сәйкес келсе де, қазақ қоғамының рухани өмірін, мәдени дамуын, жүйенің кереғар жақтарын ашып көрсетуі, оқиғаларды сипаттаудағы терең де салиқалы тұжырымдары тек қана республика көлемінде ғана танылып қоймай, одақтық оқырман қауым мен қоғамдық ғылым өкілдерінің назарына ілінді. Ал, кейінгі өтпелі кезең мен тәуелсіздік алған жылдардағы өткір сындарға толы, келелі ой қозғаған бағалы еңбектері әлемдік аренада өзінің жоғары бағасын алғандығы анық.
М. Қозыбаевтың Қазақстандағы Кеңес өкіметінің қалыптасуы мен дамуының тарихына арналған шығармаларына тарихнамалық талдау барысында көз жеткізгеніміз, ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарындағы жалпы тарихи-партиялық мәселелердің зерттелуі төменгідей басты бағыттар бойынша жүргізілген:
Бірінші бағыттағы мәселелер, негізінен кеңестік қоғамның жан-жақты дамуына: экономикалық, саяси, әскери, рухани және т.б., партиялық басшылықтың тәжірибесін сараптауға арналған зерттеулерді қамтиды.
Екінші бағыт, құрылымы күрделі әлеуметтік жаратылыс, қоғамдағы саяси ұйымның жоғарғы түрі ретіндегі партияның өзінің дамуы мен қызмет етуіне байланысты мәселелерді зерттеуге бағытталған.
Жұмыс барысында кеңінен қолданғаны Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатындағы ғалымның көп жылғы ғылыми, мемлекеттік-қоғамдық қызметі мен шығармашылық мұрасынан жан-жақты толық хабар беретін жеке қорындағы (163-нл) орыс және қазақ тілінде жинақталған материалдар болды. Қордағы құжаттар тарихи жүйелілік қағидасын сақтай отырып, мынадай тарауларға жіктелген: 1. М. Қозыбаевтың өмірбаянына қатысты материалдар; ІІ. М. Қозыбаевтың қызмет бабына қатысты құжаттар; ІІІ. М. Қозыбаевтың қоғамдық қызметіне байланысты құжаттар; ІV. М. Қозыбаевтың ғылыми еңбектері, сөйлеген сөздері, естеліктері; М. Қозыбаевтың өзінің жұмысы, қызықтырған тақырыптарына қатысты жинақтаған құжаттары; М. Қозыбаев туралы құжаттар; V. М. Қозыбаевтың қорында жинақталған өзгелердің құжаттары.
Әрбір бөлімді жүйеге келтіруде хронологиялық және алфавиттік қағида қатаң сақталған. Қорда барлығы 476 іс жинақталған.
Осылармен қатар, академиктің жеке ісі Қазақ мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы Партия тарихы институтының қорында, Ұлттық энциклопедия мен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ағымдағы мұрағаттарында, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің Біріккен ведомстволық мұрағатында (412-қор) сақталған. Осы мұрағаттардағы құжаттарды пайдалана отырып, жаңа ғылыми мақалалар жазылды, кейбір құжаттар алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді.
Академик М.Қ. Қозыбаевтың Отан тарихын зерттеудегі орны ерекше. Өзінің қажырлы еңбегімен, табиғат сыйлаған таланты және дарындылығымен халқымыздың тарихын зерделеуге терең бойлаған білімді де білікті ғалым Қазақстан тарих ғылымының өркендеуі мен жаңғыруының басында тұрды. Академиктің шығармашылық мұрасын зерттеу барысында көз жеткізгеніміз, ғалым Отан тарихының барлық саласы бойынша көтерілген өзекті мәселелерге өзіндік тұжырымдарымен үн қата алғандығымен, яғни зерттеу нысанасының көп қырлылығымен ерекшеленеді.
Академик М.Қ. Қозыбаев қазақ мемлекеттігінің, Қазақстанның отаршылдық және кеңестік тоталитаризм кезіндегі тарихын жаңа концептаулды пайымдаудың қайнар басында тұрды, сондықтан да оның артында қалған орасан мол ғылыми мұрасын қайта басып шығару бүгінгі жаһандану үдерісінің көшіне ерген республиканың ғылыми әлеуетін көтеру үшін қажет.