Ғылыми кеңес


Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

Ғылыми кеңес институттың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру бойынша жетекшілік көрсететін, жоспарлы шараларының орындалуын қадағалайтын алқалы кеңесші орган (ары қарай – АКО) болып табылады. Ғылыми Кеңестің құрамы, оның міндеттері, құзіреті мен жұмыс регламенті «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» ШЖҚ РМК Жарғысымен, ҒЗИ қызметін ұйымдастыру Ережесімен, Ғылыми Кеңес туралы бекітілген ережемен анықталады. Ғылыми Кеңесінің қызметі Институттың қолданысындағы «Ғылыми Кеңес туралы Ережеге» сай жүзеге асырылады.

Ғылыми кеңестің құзіреттілік мерзімі Институттың Ережесімен анықталады. Ғылыми кеңес құрамын мерзімінен бұрын өзгерту оның жартысынан кем емес мүшелерінің талабымен жүзеге асырылады. Ғылыми Кеңестен шыққан мүшелерді алмастыру директордың бұйрығымен жүргізіледі. Ғылыми Кеңесті оның төрағасы болып табылатын Институт директоры басқарады. Ғылыми Кеңес төрағасының орынбасары болып Институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары тағайындалады.

Ғылыми Кеңес құрамына қызметі бойынша: директордың орынбасарлары, ғалым хатшы, бөлім меңгерушілері, академиктер, сонымен қатар институтқа еңбегі сіңген ғылыми қызметкерлер кіреді. Ғылыми   Кеңестің жеке құрамын директор бекітеді. Ғылыми Кеңес отырысын өткізу мерзімі – ай сайын, немесе қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсан сайын бір реттен кем емес.

2021 ж. Ғылыми Кеңестің жұмысы белгіленген жоспарға сай жүргізілді. 2021 ж. Ғылыми Кеңестің жеті отырысы өткізілді, сондай-ақ жоспардан тыс кеңейтілген отырыстар өткізілді. Ғылыми Кеңес отырыстарында ғылыми, білім беру, тәрбие, кадр, өндірістік және басқа да Институт қызметтерін жүзеге асыру, баспаға басылымдарды ұсыну бойынша мәселелер қарастырылды. Ғылыми Кеңес отырыстарында барлығы – 52 мәселе қарастырылды. Олардың арасында Ғылыми Кеңес құрамын, Институт қызметі бойынша түрлі жылдық жоспарлар мен есептерді бекіту, магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша мәселелер (зерттеу тақырыптарын бекіту, жетекшілері мен ғылыми кеңесшілерін тағайындау), ғылыми бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру туралы есептер бар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларды өткізу туралы, ҚР Президентінің Жолдауын ғылыми-ақпараттық сүйемелдеу туралы, Институт ғалымдарының жарияланымдар бойынша белсенділігі туралы, Институттың ғылыми журналдарының: 1) «edu.e-history.kz» халықаралық электронды ғылыми журнал (РҒДИ); 2) «Отан тарихы» журналы (БҒСҚК, РҒДИ); 3) «Түркістан хабаршысы»урналының қызметі туралы және т.с.с. мәселелер қарастырылды.

Жыл сайын Институт бөлімдерінің есептері тыңдалады, ол өз кезегінде құрылымдық бөлімдердің қызметін ұйымдастыруға, туындайтын мәселелерді шешуге септігін тигізеді:

  • Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімі;
  • Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімі;
  • Тарихи демография және  ҚХА бөлімі;
  • XX  ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімі;
  • Этнология және антропология бөлімі;
  • Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімі;
  • Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімі;
  • Дүние жүзі тарихы бөлімі.

«Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық басылымның жеті томдық етіп әзірлеу» БНҚ бағдарламасының жұмысын үйлестіру мақсатында Ғылыми Кеңес шешімінің негізінде Қазақстан тарихы бойынша жаңа академиялық басылымды дайындау орталығы құрылды. 

Ғылыми кеңестік шешіміне сәйкес Институттың «құрметті профессоры» атағы көрнекті ресейлік тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Алихан Букейханов. Человек-эпоха» (Ресей, Новосібір қ.) кітабының авторы В.И. Козодойға берілді.

Ғылыми Кеңес баспаға 5 монография, 5 құжаттар мен материалдар жинағын, 10 конференция және дөңгелек үстел материалдарының жинағын ұсынды:

  1. Абдиров М.Ж. Казахский хан в Русском государстве: монография / Под научной ред. З.Е. Кабульдинова. – Алматы, 2021. – 542 с.
  2. В эмиграции: Эпистолярное наследие Мустафы Шокая. 1919‒1941 / Ред.Г.К. Кокебаева; сост.: Г.Т.Исахан, Г.К.Кокебаева, С.К.Шилдебай. ‒ Алматы: Полиграфия сервис и К, 2021. ‒ 490 с.
  3. Жеңіс Ж. Түркі дүниетанымы мен мемлекеттілік: тарихи сабақтастық пен трансформация (VII‒ХIII ғ.ғ.). – Алматы, «Үш қиян», 2022. – 392 б.
  4. Тоқтабай А. Қазақтың киелі жерлері (тарихи-архитектуралық зерттеулер, мақалалар, фольклорлық деректер). – Алматы: «Литера-М» ЖШС, 2021. – 348 с.
  5. Шілдебай С.Қ., Жүнісбаев А.Ә. Қазақстандағы жұқпалы аурулар мен індеттерге қарсы күрес тарихы (1920‒1936) / Шілдебай .Қ., Жүнісбаев А.Ә. – Алматы: Полиграф-Сервис, 2021, 167 б.
  6.  «Совершенно секретно»: рассекреченные нормативно-правовые акты и документы. Сборник документов /Сост. Ш.Б.Тлеубаев, Р.Е. Оразов. – Алматы, 2021. – 518 с.
  7. Жумабай Шаяхметов. Документы и материалы. – Алматы: LEM, 2022. – 460 с.
  8. Ликвидация баев и кулаков в Казахстане в конце 1920-х – начале 1930-х гг.: сборник документов Т. 2 / Сост.: З.Е. Кабульдинов, М.Р. Сатенова, А.М. Абикей. – Алматы: ТОО «Литера-М», 2021. – 548 с.
  9. Мусульманские и православные миссионеры в Казахстане: деятельность и результаты (XIX – начало XX веков). Сборник документов и материалов / Сост.: З.Т. Садвокасова, Б.Т. Жанаев, М.Р. Сатенова, Р.Е. Оразов, С.К. Рустемов. – Алматы: Литера-М, 2021. – 480 с.
  10. Сейітқали Меңдешев: құжаттары мен материалдар жинағы =Мендешев: сборник документов и материалов / Құраст.-автор: С.Қ. Шілдебай; Құраст.: А.Б. Ордаханова. – Алматы: «Полиграфия-сервис и К», 2021. – 590 б.
  11. «Академик М.Қ. Қозыбаев және отандық тарихтың заманауи тұжырымдалуы»: халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы материалдарының жинағы. Академика М.К.Козыбаева и современная концептуализация отечественной истории»: сборник материалов международной научно-теоретической конференции. ‒ Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2021. – 306 б. – Каз., рус.
  12. «Қазақстандағы ХХ ғасырдың 30-шы жж. басындағы ашаршылық және қазақтардың көршілес аумақтарға мәжбүрлі көші-қоны: зерттеумәселелері» = «Голод начала 30-х гг. XX века в Казахстане и вынужденные миграции казахов на сопредельные территории: проблемы исследования»: респ.-тәжірб. конф. мат-ры/ Құраст. Құдайбергенова А.И., Қозыбаева М.М., Байдалы Р.– Алматы: Литера-М, 2021. – 296 б. – Қаз., орыс.
  13. «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ТАРИХЫ: ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы. – Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2021. – 142 б.
  14. «ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығындағы Қазақстан тарих ғылымы дамуының жаңа серпіні» // «Новый импульс развития исторической науки казахстане в третьем десятилетии XXI века» в рамках реализации статьи Президента Республики Казахстан К.К. Токаева «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» («Независимость превыше всего»). Республикалық ғылымипрактикалық онлайн-конференция – Алматы: Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2021. – 198 б. – қазақша, орысша.
  15. «Жұмабай Шаяхметов – көрнекті мемлекет қайраткері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы материалдарының жинағы. – Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2021. – 276 б.
  16. Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы аграрной истории Казахстана в советский период: власть и общество». – Алматы: Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, 2021. – 192 с.
  17. Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Вопросы реабилитации жертв массовых политических репрессий в Казахстане в 20-50-х гг. ХХ века: отечественный опыт и международная практика». Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, 2021. – 220 с.
  18. Сборник материалов Республиканской научно-практической конференции «Актуальность разработки краткой истории Казахстана для иностранной аудитории в рамках практической реализации статьи К.-Ж.К. Токаева «независимость превыше всего» – Алматы: Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, ИП «Алма», 2021. – 344 с.
  19. Сборник материалов Республиканской научно-практической конференции «Политические репрессии среди казахов на территории республик Средней Азии в 20-50-е годы XX века (в свете новых архивных источников)» ‒ Алматы: Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, ТОО «Литера-М, 2021. – 246 с.
  20. «Отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттегі 1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы аштық»: 1920 жылдардың басындағы ашаршылықтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстелдің материалдары = «Голод в Казахстане в 1921-1922 годах в отечественной и зарубежной научной литературе»: Материалы круглого стола, посвященного 100-летию голода начала 1920-х годов. / Құраст. М.М. Қозыбаева, А.Т. Капаева, А.А. Бекенова. – Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2021. – 158 б. – Каз., рус.