Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Дүние жүзі тарихы бөлімі туралы


Бөлім тарихы

Дүние жүзі тарихы бөлімі ‒ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2019 жылы құрылған жаңа құрылымдық бөлімшесі. Бөлімді құру Тарих және этнология институтының ғылыми-зерттеу жұмысының көкжиегін кеңейту қажеттілігінен туындады. Кеңес кезеңінде шет елдердің тарихын зерттеу Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институттарының міндеттері шеңберіне кірді, одақтас республикалар тарих институттары тек қана ұлттық тарихпен айналысты. Бүгінде егемен Қазақстанның халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне кіруіне байланысты шет елдердің тарихы бойынша зерттеулер жүргізу өзекті болып отыр. Сонымен қатар, әлемдік тарихи процесс аясында Қазақстан тарихын қарастыру қажеттілігі дүниежүзі тарихын тарихын зерделеуді талап етеді. Тарихи ғылым бүгінде түркі өркениетінің сипаттамасын ескере отырып, әлемдік тарих контекстінде қазақ халқының саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани даму үрдістерінің жалпы әлемдік үрдістері мен аймақтық ерекшеліктері туралы білім береді.

2022 жылдың ақпан айының ортасына дейін бөлім меңгерушісі бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлжаухар Кәкенқызы Көкебаева болды, ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жоғары мемлекеттік награда-“Құрмет” орденімен марапатталды.

«Түркістан хабаршысы» ғылыми журналы

Бөлім қызметкерлері қазақстандық тарихи онлайн-журнал «Түркістан хабаршысы» журналын ұйымдастыруды жүзеге асырды, ол тарих ғылымын ұйымдастыру және оның нәтижелерін кең ғылыми қоғамдастыққа ұсыну құралдарының бірі болып табылады. Журналдың мақсаты – XVIII-XX ғғ. Орта Азия тарихы бойынша бұрын жарияланбаған, түпнұсқа мақалалар мен шолуларды жариялау. Біз шоғырланатын тақырыптар – Орталық Азия тарихы, қақтығыстар мен көші-қон процесі гуманитарлық ғылымның түрлі салалары үшін әрқашан орталық болды, демек, журнал тарих, этнология, саясаттану, дінтану және халықаралық қатынастар бойынша материалдарды жариялайды.

Біз қарастыратын негізгі тақырыптар:

– XVIII-XX ғғ Орталық Азия тарихы.;

-қақтығыстар, әлемдік және жергілікті соғыстар;

-көші-қон, депортация, репатриация;

-репрессия, лагерьлер мен арнайы қоныстар желісі.

Журнал академиялық ғылыми мақалаларды, сондай-ақ практикалық қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзекті шолулар мен ойларды қолдайды. Егер барлық әдіснамалық бағыттар мен мектептер күрделі зерттеулерге негізделсе және тарих ғылымының негізгі принциптеріне сәйкес өңделсе, онда журналға өз жұмыстарын бере алады.

Бөлім қызметкерлерінің зерттеу жобаларын іске асыруға қатысуы:

− «Атырау облысының тарихы: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін» гранттық қаржыландыру жобасы.

  • Қазақстан тарихы. Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін іргелі академиялық басылымының жеті томын әзірлеу
  • Крестьянство Казахстана в послевоенное десятилетие: социальная трансформация и повседневность 
  • Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу

Монографиялар:

Борбасов С.М.  Қазіргі жаһандық үрдістер тарихи және әлемдік саясат – Алматы, ҚазҰАУ: 2019. – 238 бет.

Борбасов С.М. Қожаберген батыр Жәнібекұлы – Монография. Алматы, ЖШС «Palitra Press» баспасы, 2020. – 428 бет.