Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ХХ ғ. Қазақстан тарихы бөлімі

Қаипбаева Айнагүл Толғанбайқызы

ГНС, д.и.н., профессор

kaidar.aldazhum@mail.ru

272- 46-55
64-05

8 701 7490327

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Тарихнама, деректану жәнез аманауи методология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)

Білімі (Ғылыми дәрежесі мен атағы): 1995-1999 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында «Тарих және құқық» мамандығы бойынша білім алып, үздік дипломмен аяқтаған.

2005 ж. «Ілияс Омаровтың өмірі мен мемлекеттік-қоғамдық қызметі (1912-1970 ж.ж.)» тақырыбында (мамандық шифры 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) кандидаттық диссертация қорғаған.

2006 ж. 20 наурызда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен (№5 хаттама) тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

2017 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен (№1077 бұйрық) Тарих мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор(доцент) ғылыми атағы берілді (Диплом № 0000284)

Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі: 20 жыл.

Кәсіби біліктілігі:1999-2000 оқу жылы аталған институттың (2008 ж. бастап университет, 2018 жылдан Ұлттық университет мәртебесіне ие болды) Қазақстан тарихы кафедрасында ізденуші.

2000-2004 жылдары Дайындық бөлімі (диаспора) Жалпы білім беру кафедрасында Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы және 2001-2004 жылдары оқытушылық қызметімен қатар, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2004-2005 оқу жылынан Қазақстан тарихы кафедрасында аға оқытушы қызметіне қабылданыпүздіксіз педагогтік қызметін жалғастырып,2013-2019 жылдың шілде айына дейін Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасында кафедра меңгерушісі.

2019 жылдың маусымынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология интитутының жетекші ғылыми қызметкері, ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қадағалау тізбесіне енгізілген электрондық ғылыми басылым – халықаралық «edu.e-history.kz» журналының жауапты редакторы.

Ғылыми-зерттеу шығармашылығындағы негізгі ғылыми бағыт: тұлғатану;кеңестік дәуірдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.

70-тен астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың (соның ішінде Scopus және Thompson Reuters базасында 3 мақала), 3 оқулық пен 2 оқу құралының, 1 монографияның бірлескен авторыжәне Қазақстан тарихынан семинар сабағына арналған әдістемелік құралының, Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтихан бағдарламасының авторы.