Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің қызметкерлері


  • Шотанова Ғалия Айтжанқызы – 2020 жылдан бастап бөлім меңгерушісінің м.а., тарих ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер. Ғылыми қызығушылықтары шеңбері: революцияға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымының өзгеруін зерттеу, отарлау мәселесі; XIX – XX ғ. басы кезеңіндегі Ресейдің ғылыми қоғамдары мен мекемелерінің қызметін зерттеу.

  • Садвокасова Закиш Тулехановна – тарих ғылымдарының докторы, профессор, бас ғылыми қызметкер. Ғылыми қызығушылықтары саласы қазақ халқының рухани өміріндегі отаршылдық саясатты зерттеумен байланысты.

  • Әбдіров Мұрат Жеткергенұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, бас ғылыми қызметкер. Ғылыми қызығушылықтарының негізгі шеңбері Қазақстанның жаңа кезең тарихымен (XVIII – XX ғғ.басы), өлкенің әскери-казактык отарлануын зерттеумен, патшалық Ресейдің Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуымен, бұл процесстегі ресейлік казак әскерлерінің – Орал, Орынбор, Сібір және Жетісудың рөлімен байланысты. Отандық тарих ғылымында алғаш рет патша казак әскерлерінің тарихы және аймақтың әскери-казак отарлауы тәуелсіз ғылыми проблема ретінде анықталды, осы тақырыпта бірнеше жеке және ұжымдық монографиялары жарық көрді.
  • Торайгыров Ержан Муратович – тарих ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер. Ғылыми қызығушылықтар шеңбері-Ертіс өңірінің тарихы.

  • Сатенова Марал Ратаевна – гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға ғылыми қызметкер. Ғылыми-зерттеу қызметі келесі мәселелер бойынша жүзеге асырылады:
    • – Ұлы жүз қазақтарының Ресей империясының құрамына қосылуы;
    • – Г.А. Колпаковскийдің әскери және әкімшілік қызметі;
    • – XIX ғасырдағы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар;
    • – Далалық облыстар мен Жетісу өңіріндегі әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-саяси өзгерістер;
    • – Тарихи зерттеулердің әдіснамалық және теориялық аспектілері.

  • Оразов Рашид Ешенұлы – гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға ғылыми қызметкер. Негізгі ғылыми бағыты жаңа кезеңдегі Қазақстан тарихын зерттеу болып табылады. ХІХ ғасырдағы Ресей империясының Қазақстанды отарлауының тарихи тұстары, Сыздық Кенесарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс мәселелерін анағұрлым терең қарастырады.

  • Жетпісбай Нұржан Ықсанұлы– PhD-доктор, аға ғылыми қызметкер. Басым түрде Қазақстанның жаңа заман тарихы мәселелерімен айналысады. Негізгі зерттеу нысандары – XVIII-ХХ ғ. басындағы Батыс Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихы, Қобда-Елек өңірінің тарихы, аталған өңірлерде болған азаттық көтерілістер, тарихи тұлғалар, жергілікті рулардың шежірелері, өлкетану.
  • Арепова Анар Дүйсенбайқызы – аға ғылыми қызметкер.
  • Марғұлан Аида Серікқызы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының PhD докторанты. 2014-2018 жж. академик Ә.Х. Марғұлан атындағы қоғамдық қордың ғылыми қызметкері.. 2018 жылдан «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМҚК ғылыми қызметкері. 2019-2022 жылдары Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының докторанты.

  • Оралова Ақнұр Амангелдіқызы – ғылыми қызметкер, магистр. Тарихшы-мұрағатшы. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары: Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы, деректану, құжаттану теориясы мен әдіснамасы, архив ісі саласының мәселелері.