Негізгі қызметінің бағыттары
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты – елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тарих білімі саласындағы іргелі зерттеу жүргізетін, ұлттық идеология саласында стратегиялық бағыттарды анықтайтын, Қазақстан патриотизмі, толеранттылығы, азаматтық бірлігінің қалыптасуына септігін тигізетін Қазақстан тарихы ғылымының жетекші ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.
1932 ж. Алматы қаласында КСРО Ғылым академиясының алдымен базасы, кейінірек 1938 ж. филиалы, ал 1946 ж. Қазақстанның бөлек Ғылым академиясы ашылғанда, КСРО-дағы ғылым дамуының тарихында елдегі, соның ішінде Қазақ КСР-індегі де, ғылыми мекемелер желісін қалыптастыру практикасына оң баға берілді. Тарих, археология және этнография институты КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы Төралқасының 1945 жылғы 14 тамыздағы № 20 Қаулысы бойынша Тіл, әдебиет және тарих институтының құрамынан бөлу арқылы ашылды. 1961 ж. қаңтарында институқа Ш.Ш. Уәлихановтың есімі берілді. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бөлініп шығуына байланысты, Қазақ КСР Ғылым академиясы Төралқасының 1991 жылғы 12 қыркүйектегі № 73 Қаулысына сәйкес, институт Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болып қайта аталды, ал 1996 жылы соның құрамынан Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты бөлініп шықты.
Институттың миссиясы –тарих ғылымы, этнология (этнография), антропология, тарихнама және деректану салаларында іргелі ғылыми зерттеу жүргізу, ғылымдағы өндірістік-шаруашылықты ұйымдастыру жұмыстары мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылады.
Институт жұмысының негізгі міндеттері:
- тарих ғылымы, этнология (этнография), антропология, тарихнама және деректану саласында іргелі ғылыми зерттеу жүргізу;
- ғылыми-зерттеу бағдарламаларын, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру және гранттық жобаларды әзірлеу және сапалы орындау;
- меморандумға отыру арқылы отандық тарих ғылымының өзекті мәселелерін зерттейтін жетекші ғылыми орталықтармен халықаралық ынтымақтастық орнату, халықаралық коллаборация аясында зерттеулер жүргізу, сонымен қатар шетелдік мамандарды тарту;
- пәнаралық зерттеу жүргізу, ғылыми зерттеудің жаңа әдістерін енгізу;
- қорытынды зерттеулер мен конкурстық жобаларға ғылыми сараптама жасау; әр маманның зерттеу бағыты бойынша кеңес беру және ғылыми-талдау қызметін көрсету;
- баспа қызметін жүзеге асыру, оның ішінде ғылыми журналдарды басып шығару, мақалаларын жариялауға отандық және шетелдік авторларды тарту;
- ғылыми жарияланымдардың сапасын көтеру, соның ішінде шетелдік рецензияланатын, Scopus и WoS базасына енген басылымдарда, отандық және БҒСБК ұсынған журналдарда жариялау;
- ғылыми кадрларды даярлау және оларды зерттеу жүргізуге ынтасын көтеру;
- ЖОО-дан кейінгі білім бағдарламасы аясында (магистратура, докторантура) ғылыми кадрлардың біліктілігін көтеру, ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру және т.б.;
- заманауи ұйымдастырушылық технологияларды енгізу, менеджмент сапасын және копоративтік басқару жүйесін жетілдіру;
- институттың құрылымын кеңейту, жаңа филиалдарды ашу, штаттық бірліктердің санын көбейту, ғылыми кадрларды күшейту, сауатты кадрлық саясат жүргізу;
- ұйымдағы әрбір қызметкердің бәсекелестік артықшылықтарының дамуы негізінде адами капиталдың өсуі, әлеуметтің саясатты күшейту (жеңілдігі бар тұрғын үй беру бағдарламасына қатысу).
Ғылыми зерттеулер келесі негізгі принциптер бойынша жүргізіледі:
- тарихи дереккөздерге негізделуді, сондай-ақ зерттеу мәселесі бойынша өз ұстанымын ғана емес, оппоненттердің ұстанымын риясыз көрсетуді көздейтін шынайылық принципі;
- тарихи құбылысты немесе проблеманы, жеткіліксіз зертелсе де, тиісті түсінік беріп, жан-жақты сипаттауды көздейтін жан-жақтылық принципі;
- қорытындылар бәрінің қисынды болуын көздейтін дәлелдік принципі.
Институттағы негізгі ғылыми зерттеулер ҚР БҒМ аясындағы ғылыми гранттар мен бағдарламалық-мақсаттық жобалар конкурстарына өтінім беру арқылы жасалады. 2022 жылдан бастап тарих ғылымының басым бағыттарына байланысты зерттеулердің базалық қаржыландыру есебінен жасалатыны жоспарланған.
Зерттеулердің басым бағыттары:
- дүниежүзі тарихы аясында Қазақстан тарихының методологиясы, тарихнамасы және деректану мәселелері;
- тарих ғылымындағы зерттеулерде сандық әдістер мен компьютерлік технологияларды қолдану;
- Ұлы Дала мемлекетінің мыңжылдық дәстүрі;
- қыпшақтану; Алтын Орда және Қазақ хандығының сабақтастық мәселелері;
- ұлы билеушілер, билер, батырлар және т.б. аясындағы Ұлы дала мен Қазақ хандығының тарихы;
- Ресей империясының саясатындағы Қазақстан;
- қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері;
- кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы;
- 1921–1922, 1931–1933 жж. Қазақстандағы ашаршылықтың аз зерттелген қырлары;
- 1920–1950 жж. Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері;
- ұлттық мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздік мәселелері;
- Қазақстанның XIX–XX ғғ. әлеуметтік-демографиялық дамуы;
- Қазақстанның ХХ ғ. тарихындағы қоғамдық-саяси және экономикалық мәселелері;
- Қазақстанның жаһандық әлемдегі қазіргі мәдениеті;
- қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы мәселелері;
- этнография және қазақ қоғамының материалдық мәдениеті мен тұрмысын қалпына келтіру;
- этникалық антропология;
- қазақ ескерткіштануы;
- Қазақстанның сакралды географиясы;
- Қазақстанның халық санының мәселелері және тарихи демография.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағалы, Институт ғалымдары отан тарихының «ақтандық» беттерін ашты, құпия болып келген құжаттарды жариялады, кеңес дәуіріндегі республика тарихының өзекті тақрыптарда зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1991–1999 жж. Институт директоры М. Қозыбаевтың басшылығымен әртүрлі мемлекеттік комиссиялардың (мысалы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жанындағы Комиссия, 1991 жылғы қараша) жұмысы аясында саяси қуғын-сүргін құрбандарын және Алаш қайраткерлерін ақтау бойынша үлкен зерттеулерге мән берілді. Соңғы жылдары бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру мен мемлекеттік тапсырмалар бойынша Ә. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп «Қазақстанның киелі географиясы», Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен бірлесіп «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Архив–2025» және Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесіп «Қазақстан халқы» интерактивтік ғылыми тарихи картасы» сияқты маңызды жобаларды жүзеге асырды. 2021 ж. бастап Институт «Қазақстанда ХХ ғ. 20–50 жж. жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау барысы: бірыңғай деректер базасын құру» (2021–2023) БМҚ ғылыми-техникалық бағдарламасының аясында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жұмысына ғылыми-сараптама жүргізеді. Тарихи деректер мен ғылыми әдебиеттерді жинау мақсатында Институт РФ, Украина, Мажарстан, Польша және т.б. қалаларында тұрақты түрде археографиялық ізденістер жүргізеді, Қазақстан бойынша және Орталық Азиядағы қазақ диаспорасы (Қытай, Моңғолия, Ресей) бойынша кешенді этнографиялық-этноархеологиялық экспедициялар өткізеді.
Зерттеулерде инновациялық методтар мен әдістер қолданылды. «Мәдени мұра» және «Архив-2025» бағдарламалары бойынша шетелдік кітапханалар мен архивтерде табылған құжаттарды талдау барысында монографиялық зерттеулер, ғылыми жинақтар, ғылыми мақалалар жарияланып, жаңаша ғылыми-теориялық нәтижелер берді. Соңғы жылдарда жарық көрген еңбектер тарихи сананы қалыптастыруда, жалпы тарихи үрдістерді зерделеу үшін негіз болып отыр.
Институтта республикалық және халықаралық (шетелдік әріптестерді де тарту арқылы) ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, методологиялық семинарлар және т.б. ғылыми шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Асылбеков, Нүсіпбеков және Мұқанов оқулары сынды халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жыл сайын ұйымдастырылады.
Институттың маңызды қызметінің келесі бағытыҚР мемлекеттік басқару органдарының қызметін ғылыми сүйемелдеуболып табылады. Онда институт – ҚР Президентінің Әкімшілігі, Парламент, ҚР Үкіметі, әртүрлі министерліктер және ведомстволар, ең алдымен Білім және ғылым министрлігі, әртүрлі деңгейдегі әкімдіктер, жоғары оқу орындары, музейлер, Қазақстан халқы ассамблеясы, көптеген басқа да мекемелер және мерейтойлық іс-шараларды (көбінесе конференциялар мен дөңгелек үстелдер) өткізу үшін анықтамалар, жауап хаттар, талданған хаттар, қорытынды сарапатамалар, сынпікірлер және т.б. дайындайды. Институт заңнамалық актілердің жобаларын жариялауға, тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысады. Атап айтқанда, Тарих ғылымын дамыту тұжырымдамасын енгізу үшін ұсыныстар әзірледі.
Институттың маңызды қызметінің тағы бір бағыты – тарихқа байланысты мәліметтерді тарату, тарихи сананы қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді, Қазақстан халықтарының арасындағы бірлік пен келісімді нығайту. Институттың қызметкерлері белсенді түрде республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында еңбектерін жариялайды, теле- және радио бағдарламаларына қатысады, әртүрлі ғылыми-зерттеу мекемелерінің жұмысына сарапшы ретінде тартылады, конференцияларда баяндама мен хабарлама оқиды, ҚР әртүрлі мекемелері және ұйымдарының өкілдерімен кездесіп тұрады.
Білім мекемелерімен тығыз байланыс орнатып келеді. Онда ғылыми жұмыс конкурстарын дайындауда, конференциялар өткізуде және келісім шарт бойынша оқытушылар мен білім алушыларды тартып, зерттеу жүргізуді бірлесіп орындайды. Содан басқа, Институттың қызметкерлері әртүрлі жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет атқарады, Қазақстан тарихы бойынша арнайы курстан дәріс береді, оқулық және әдістеме құралдарын әзірлейді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен тығыз қарым-қатынастар орнатылған.
Институт әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, магистратура және докторантурада оқыту бағдарламасын (https://iie.kz/ru/?page_id=6364/) жүзеге асырады, Институттың іс-қызметі бойынша келісімшарт негізінде жоғары оқу орындарымен бірігіп, өндірістік практика және ғылыми тағылымдама жүргізеді. Институтта докторанттар мен магистранттарды даярлау жұмыстарына З.Е. Қабылдинов, А.У. Тоқтабай, А.И. Құдайбергенова, О.Х. Мұхатова, З.Т. Садвокасова А.Т. Қапаева, А.С. Уалтаева және т.б. ғалымдар белсенді қатысады.
Жас зерттеушілер Институттың гранттық жобаларына қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады. Олардың барлығы дерлігі Италия, Германия, АҚШ, Жапония, Түркия және т.б. елдердің жетекші университеттерінде және әлемдік ғылыми оталықтарда ғылыми тағылымдамадан өткен. Сонымен қатар, жас зерттеушілер әртүрлі ғылыми конференцияларға белсенді қатысады; отандық және шетелдік журналдарда (Scopus) мақалалар шығарып тұрады.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты – Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен, Мемлекет тарихы институтымен, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтымен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтымен және т.б. жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен тұрақты ғылыми байланыстарын дамытып келеді.
Институт алыс шетелдік ғылыми орталықтармен (Ұлыбритания, Үндістан, Италия, Польша, Чехия, Греция, Түркия, Мажарстан), жекелеген ғалымдарменхалықаралық байланысын кеңейтуде және бірлескен халықаралық бағдарламаларды жүзеге асыруда Институт ғалымдары қатысып тұрады. Институт Орталық Азия елдері (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжістан, Түрікменстан) мен Ресей Федерациясы ғалымдарымен шығармашылық байланыстар орнаған. Институтта Мәскеу, Петербор, Саратов, Барнаул, Лондон, Новосибирск, Киев, Минск, Ташкент, Стамбул және Дели қалалларынан келген ғалымдар тәжірибе алмасады. Институт жыл сайын баяндамалары мен хабарламалары бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударатын тарих мәселелеріне байланысты ірі халықаралық конференциялар ұйымдастырып тұрады.
1998 ж. бастап Институтта мақалаларды үш тілде, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығаратын «Отан тарихы» ғылыми журнал бар. Ашылғаннан кейінгі кезеңде ол Қазақстанның ғана емес, алыс және жақын шетел мемлекеттерінің көрнекті ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің мақалаларын жариялайтын тарих ғылымы саласындағы ең беделді журналға (БҒСБК және РҒДИ) айналды. 2014 ж. бастап қазіргі таңда РҒДИ базасына кіретін «Edu.e-history.kz» электронды ғылыми журналы шығады.
Институттың құрамында Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан филиал (2022 жылдан бастап), 7 томнан тұратын «Ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық басылымын дайындау жөніндегі Орталық бар және 8 бөлім жұмыс істейді, атап айтқанда:
– Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімі;
– Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімі;
– ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімі;
– Этнология және антропология бөлімі;
– Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімі;
– Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімі;
– Тарихи демография және Қазақстан халқы ассамблеясы бөлімі;
– Дүние жүзі тарихы бөлімі.
Институттың кадрлық құрамында қазіргі таңда 80-нен астам адам бар, оның ішінде ғылыми атағы бар академиктер, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшелері, тарих ғылымдарының кандидаттары мен докторлары, PhD докторлар және магистрлар жұмыс істейді. Бүгінде институтта О. Смағұлов, Д. Кішібеков, Б.Е. Көмеков, Қ.С. Алдажұманов, Ж.Б. Абылхожин, С.Е. Әжіғали, А.У. Тоқтабай, Н. Әлімбай, Ә. Дәулетхан, З.Е. Қабылдинов, М.Ж. Әбдіров, С.К. Рүстемов, С.М. Борбасов, А.И. Құдайбергенова, Ә.Қ. Шашаев, З.Т. Садвокасова, К.У. Торланбаева, А.Т. Қапаева, Ж. Жеңіс, А.С. Уалтаева, С.А. Асанова, М.Ч. Қалыбекова, А.Т. Қайпбаева, Г.Ү. Орынбаева, А.Т. Абдулина, А.М. Әбікей, Н. Жетпісбай, Р.Е. Оразов, М.Р. Сатенова және т.б. ғалымдар қызмет етуде.
Институттың ақсақалдар кеңесі 1980 жж. соңынан бері жұмыс істеп келеді. 1990 жж. басында Институттың ақсақалдар кеңесін еңбек ардагері, белгілі ғалым-этнограф Халел Арғынбаев басқарды. 1995 ж. бастап 2017 жылдың маусымына дейін т.ғ.к., соғыс және еңбек ардагері Н.С. Едігенов төрағалық етті. Қазіргі таңда Кеңесті белгілі ғалым, т.ғ.к., институттың бас ғылыми қызметкері, осы институтта 50 жылдан астам еңбек еткен Қ.С. Алдажұманов басқарып келеді. Институттың Ақсақалдар кеңесі еңбек ардагерлерін ұйымдастырушы және күшейтуші орган болып табылады, әлеуметтік қорғауға және институттың еңбек ұжымында үздік дәстүрлердің сақталуына ықпал етеді.
Жас ғалымдар кеңесі (бұдан ары қарай – ЖҒК) Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында жұмыс істейтін және магистратура мен PhD докторантура оқитын, жас тарихшылар мен зерттеушілердің ортақ қызығушылықтарын біріктіретін қоғамдық орган болып табылады. ЖҒК өткен ғасырдың 50-жылдардың ортасында ұйымдастырылып, оның тізгінін әр түрлі жылдары Р. Сүлейменов, К. Нұрпейіс, К. Байпақов сынды жас дарынды зерттеушілер ұстады. Жыл сайын ЖҒК-нің мүшелері әртүрлі деңгейде өткізілетін конференцияларда, дөңгелек үстелдер мен семинарларда ғылыми баяндамалар мен хабарлар оқиды. Институттың магистранттары мен докторанттары алыс және жақын шет елдерінің алдынғы қатарлы ЖОО мен ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Кәсіподақ комитеті Институт қызметкерлерінің жалпы құқықтарын қорғайды, экономикалық, еңбек және әлеуметтік мәселелерді шешеді, қызметкерлердің жұмыстан тыс уақыттарында демалысын ұйымдастырумен айналысады. Комитет Институт қызметкерлеріне Қазақстанның шипажайларына жолдама алуға жеңілдік жағдайлар жасайды. Кәсіподақ ұйымы материалдық көмекке мұқтаж қызметкерлерге мүмкіндігінше көмектесу жолдарын қарастырады. Институттың әлеуметтік саясаты аясында 2018 ж. бюджеттен тыс қаражат есебінен ғылыми қызметкерлерге ай сайынғы тегін жол жүру билеттері енгізілді.
Институттың ғылыми өнімдерін басып шығаруға арналған компьютер-баспа орталығы (2003 ж. бастап) және кітапхана, архив жұмыс істейді. Архивте шетелдің архивтері мен кітапханаларынан, отандық архивтерден қағаз түрінде және электронды нұсқада (JPG/PDF) әкелінген құжаттар сақталған. Институтта тарих ғылымы, этнология, антропология, тарихнама және деректану салаларын қамтитын 3 ғылыми журнал шығады: Отан тарихы» (otan.history.iie.kz), «edu.e-history.kz» электронды журналы (edu.e-history.kz) және «Түркістан хабаршысы» электронды журналы (tjournal.kz).
Зерттеу жұмыстардың негізгі нәтижелері, ғылыми іс-шаралар, қызметкерлер туралы ақпараттар орналасқан Институттың өз сайты (iie.kz) бар. Сайтта Институт қызметкерлері құрастырған отан тарихындағы 100 ұлы тұлға туралы ақпаратты қамтитын 3 тілде «Ұлы даланың ұлы есімдері» (http://names-steppe.witharts.kz/) энциклопедиясының электронды порталы тіркелген.
Институттың Youtube-каналы (studio.youtube.com), сонымен қатар әлеуметтік желідегі Facebook және Instagramпарақшасы жұмыс істейді.