Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жеті томдық дайындайтын орталық


Орталық туралы қысқа ақпарат


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік – бәрінен  қымбат» мақаласында айтылған және «Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстан тарихы жөніндегі жаңа академиялық басылымды шығару бөлігінде жарияланған тапсырмасын сапалы  және уақтылы орындау мақсатында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының бұйрығымен (№ 95, 07.09.2021) «Қазақстан тарихы бойынша жаңа академиялық басылымды дайындау орталығы» құрылды. Орталықтың басшысы болып жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты Шашаев Әуезхан Қадыржанұлы тағайындалды. Орталық басшысына: жаңа академиялық басылымның сапалы дайындығын ағымдағы үйлестіруді қамтамасыз ету; ай сайын ҚР БҒМ ҒК өкілдерін шақыра отырып, барлық томдардың үйлестірушілерімен ЗУМ- арқылы кеңес өткізу; ағымдағы құжаттаманы жүргізу туралы мәселені пысықтау; Құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшымен бірлесіп Орталық туралы ереже әзірлеу тапсырылды.

Келесі қызметкерлер томдардың  үйлестірушілері болып тағайындалды:

Әуезхан Кәдіржанұлы Шашаев – 1 том;

Кенже Өскенбайқызы Торланбаева – 2 том;

Жомарт Жеңісұлы Жеңіс- 3том;

Гүлмира Үсенбайқызы Орынбаева – 4 том;

Ғалия Айтжанқызы Шотанова – 5 том ;

Шәмек Баянұлы Тілеубаев – 6 том;Арман Қабдешұлы Жұмаділ Жұмаділ- 7 том