Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


АҚЫНЖАНОВ Сержан Мұсатайұлы


АҚЫНЖАНОВ СержанМұсатайұлы(3.09.1939,Алматы – 16.8.1991, Тараз) – ғалым-археолог, тарих ғылымдарының канд. (1973). 1964 ж. М.В. Ломоносов атынд. Москва мемл. ун-тінің тарих ф-тін «археология» мамандығы бойынша үздік бітірген.1965-68 ж. ҚазКСР ҒА Ш.Ш.Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этнол. ин-тының аспирантурасында оқыды. 1973 ж. А. «Қыпшақтар және олардың 11-13 ғ. басындағы Хорезммен саяси қарым-қатынасы» тақырыбында канд. дисс. қорғады.

1977 ж. бастап археол. бөлімінің аға ғыл. қызметкері, ал 1984 ж. бастап археол. технол. зертханасының меңгерушісі. А. көшпендітанудың ғыл.-теор. негізін қалады және осы тақырыпты терең зерттеу нәтижелері оның моногр. еңбектерінде көрініс тапты Көптеген жылдар бойы ол Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспед-сының отрядтарын басқарды. 1982-86 ж. Шығ. Қазақстандағы Шүлбі және Орт. Қазақстан археол. экспед-сының жұмыстарына жетекшілік жасады. 1989 ж. Ганновер қ-сында өткен «Еуразиялық дала көшпенділері» халықар. көрмесінде қазақстандық тарих ғылымын таныстырды. 20 ғ. 90-ж. А. Қазақстан археол-ның тарихында тұңғыш рет Халықар. Қазақ-Американ археол.-этногр. экспед-сының қосалқы жетекшісі болды. А. орта ғасыр тарихы мен Қазақстан археол. бойынша 50-ден астам ғыл. және ғыл.-зерттеу жұмыстарының авторы.

Шығ.: Археологические памятники в зоне строительстваШульбинской ГЭС. – Алматы, 1987; Проблемы палеоэкономики Казахстана по археологическим данным. – Алматы, 1988; Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. – Алматы, 1989.

Әдеб.: Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005.

З. Төленова, А. Қали