Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


Арғынбаев Халел Арғынбайұлы


Арғынбаев Халел Арғынбайұлы – атақты этнограф, қазақ этнографиясының негізін салушылардың бірі, археолог, тарих ғылымдарының докторы (1977), профессор (1982); Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімінің меңгерушісі (1976-1989).

1924 жылы 21 қыркүйекте Павлодар облысының Баянауыл ауданында шаруа отбасында дүниеге келген. 1931-35 жж. Қазақстандағы ашаршылық кезінде бірнеше жыл алдымен Кузбасста, кейін Петропавл-Камчаткада жұмысшы болып істеуге мәжбүр болды. Содан кейін отбасы Жетісуға оралды, мұнда Халел Арғынбаев 1939 жылы Қапал ауданында сегіз жылдық мектепті бітірді. Білімін әрі қарай Қапал педагогикалық училищесінде жалғастырды. ІІ-дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты 1942-1943 жж. Ташкенттегі Орта Азия әскери округінің қысқа мерзімді радиотелеграф курстарында оқыды. 1943 жылдың көктемінде курстарды аяқтағаннан кейін 18 жасар радист Халел Арғынбаев Воронеж майданының 10-шы артиллериялық дивизиясы штабының қарамағына жіберілді. 1943 жылдың 24 сәуірінде 27-ші артиллериялық бригада штабына жіберіліп, соғыс аяқталғанға дейін 2-ші және 3-ші Украин майдандары құрамында радист болып қызмет етті. Жауынгерлік наградалары: «Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» естелік медалі және т.б.  

Соғыс біткен соң 1946 жылдың мамырына дейін – Карпат әскери округі штабтарының бірінде аға радист; 1946 жылдың мамырынан – Балтық әскери округінің Чортков қ. 135 артиллериялық бригадасы радистерінің командирі. Әскерден 1947 жылы 1 наурызда босатылған.

1947-1951 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетінде оқып, үздік бітірді. 1951 жылдың тамыз айында Панфилов қаласындағы (Қазіргі Жаркент қаласы) педагогикалық училищенің оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалып, осы лауазыммен қоса тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет етті. 

1954-1957 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының аспирантурасында оқыды. Оның кейінгі еңбек қызметі осы институтпен байланысты: ол этнография бөлімінің кіші, одан кейін аға ғылыми қызметкері болды. Жас ғалымның ғылыми жетекшісі бөлім меңгерушісі міндетін атқарған этнолог И.В. Захарова болып табылды. Х. Арғынбаев жыл сайын Қазақстан бойынша далалық экспедицияларға қатысып, диссертациясына материал жинады. 1960 ж. «ХІХ ғ. ортасы мен ХХ ғ. басындағы  орыс және қазақ халықтарының тарихи-мәдени және олардың қазақтардың материалдық мәдениетіне ықпалы (Шығыс Қазақстан материалдары бойынша)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1976-1989 жылдары – этнография бөлімінің меңгерушісі. 1976 жылы Мәскеу қаласындағы Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнография институтында «Қазақтардағы отбасы және неке» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Осы уақыттарда Х.А. Арғынбаев ғылыми ортада беделді әрі жетекші кеңестік этнографтармен – Н.А. Кисляков, С.М. Абрамзон, Т.А. Жданко, Р.Г. Кузеев, Б.Х. Кармышев, В.П. Курылев, В.Н. Басилов және т.б. тығыз байланыста болған танымал ғалымға айналды.

1959 жылдан бастап Жамбыл, Талдықорған, Павлодар, Гурьев, Көкшетау, Ақтөбе, Маңғышлақ облыстарына және басқа да өңірлерде этнографиялық экспедициялар басқарды. Қазақстанның барлық аумақтары бойынша 30-дан астам экспедицияларда айтарлықтай далалық материалдар жинап, қазақтардың дәстүрлі шаруашылық тарихын, материалдық және рухани мәдениетін зерделеуге елеулі үлес қосты. «Орта Азия және Қазақстан халықтарының тарихи-этнографиялық атласының» жеке бөлімдерін дайындауға, әзірлеуге қатысты. Қазақтардың тарихи этнографиясының көптеген іргелі бағыттарымен айналысты, атап айтқанда: мал шаруашылығын, қолөнер мен қолданбалы өнерді, халық өнерін, отбасылық және неке қатынастарын және басқа да проблемаларды зерттеумен айналысты.

Х.А. Арғынбаев жеті монография авторы, олар: «Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк» («Этнографический очерк казахского животноводства») (Алматы, 1969), «Мал ауруларын емдеудегі қазақтың халықтық тәжірибесі туралы этнографиялық очерк» («Этнографический очерк лечения заболеваний у скота») (Алматы, 1969), «Қазақ халқындағы семья мен неке: Тарихи-этнографиялық шолу» («Семья и брак казахского народа: историко-этнограф.исследование») (Алматы, 1973), «Рукоделие (ремесло) казахского народа», «Қазақ отбасы» («Казахская семья») (Алматы, 1996), «Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки истории и теории» (в соавторстве, Алматы, 1998); «Қазақ шежіресі хақында» («О казахской генеалогии») (в соавторстве, Алматы, 1999) және т.б. Бұлардан бөлек ғалымның 167 ғылыми мақалалары да жарық көрді.

Профессор С.Е. Әжіғалидің пікірінше, көрнекті ғалым Х.А. Арғынбаев XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ этнографиясының жеке мектебін қалдырған тұлға. Оның ғылыми жетекшілігімен 15-ке жуық докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Негізгі ғылыми еңбектері:

Историко-культурные связи русского и казахского народов и их влияние на материальную культуру казахов во второй половине XIX – начале ХХ веков. (По материалам Восточного Казахстана): Дисс. на соискание к.и.н. / Научн. рук. к.и.н. И.В. Захарова. Алма-Ата, 1959. – 216+23 с.

Историко-культурные связи русского и казахского народов и их влияние на материальную культуру казахов во второй половине XIX – начале XX В. // ТИИАЭ АН КазССР. Т. 6. – Алма-Ата, 1959. – С. 19-90.

Итоги Южно-Казахстанской этнографической экспедиции 1958 г. (в соавт. с И. В. Захаровой) // ТИИАЭ АН КазССР. Т. 12. – Алма-Ата, 1961. – С. 92-119.

Краткий очерк материальной культуры переселенцев из России в Казахстан // ТИИАЭ АН КазССР. Т. 16. – Алма-Ата, 1962. – С. 138-167.

Этнографический очерк народной ветеринарии у казахов // ТИИАЭ АН КазССР. Т. 16. – Алма-Ата, 1962. – С. 3-34.

Из опыта ведения общественного животноводства колхоза им. XXII партсьезда // Изв. АН КазССР. Сер. ист. № 3. 1962. – С. 41.

XXII-партсъезд атындағы колхоздың отарлы мал шаруашылығы жайында (Об отгонном животноводстве колхоза им. XXII партсъезда) // ТИИАЭ АН КазССР. 1963. Т. 18. – С. 3-29.

Қазақтын мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. – Алматы: Ғылым, 1969. – 172 б.

Қазақтын ер-тұрман жабдықтары (О верховой сбруе у казахов) // Казахстан в XV-XVII веках. – Алма-Ата, 1969. – С. 171-202.

О современном отгонном животноводстве в Казахстане // Тр. VII МКАЭН. – М., 1970. – С. 547–551.

Қазақ халқындағы семья мен неке: Тарихи-этнограф.шолу. – Алматы; Ғылым, 1973. – 327 с.

Свадьба и свадебные обряды у казахов. М., 1973. (Доклад на IX конгрессе АИЭН в Чикаго). Тот же текст: Marriage and Marriage Rites Among the Kazakhs in the Nineteenth and Early Twentieth Centuries. Chicago, 1973.

Академику А. X. Маргулану 70 лет // Вестн. АН КазССР. – 1974. – № 3. – С. 21-22.

Свадьба и свадебные обряды у казахов в прошлом настоящем// Советская этнография (ж.). – 1974. – № 6. – С. 69-77.

Народные обычаи и поверья казахов, связанные со скотоводством // Хозяйственно-культурные традиции народов Средней Азии и Казахстана. – М., 1975. – С. 194-205.

Этнография // Казак совет энциклопедиясы. Т. 12. – Алматы, 1978. – С. 451.

Материальная культура [казахов в конце XVIII – первой половине XIX в.] // История Казахской ССР. Т. 3. – Алма-Ата, 1979. – С. 217-222.

Краткий очерк научно-педагогической и общественной деятельности академика А. X. Маргулана (в соавт. с Н. Масановым) // Библиография ученых Казахстана. А. X. Маргулан. – Алма-Ата, 1984.

The kinship system and customs connected with the ban on pronouncing the personal names of elder relatives among the Kazakhs (Система родства и обычаи, связанные с запретом на произношение имен старших родственников у казахов) // Kinship and Marriage in the Soviet Union. Field Studies. London; Boston; Melbourne; Henley, 1984.

Ч. Валиханов — первый казахский ученый просветитель-демократ  // Вестн. АН КазССР. – 1986. – № 11 (в соавт. с Н. Масановым).

Қазақ халкының колөнері (Прикладное искусство у казахов). – Алматы: Өнер, 1987. – 128 с.

Казахи // Народы мира. Историко-этнографический справочник. Гл. ред. Ю.В. Бромлей. – М.: Советская Энциклопедия, 1988. 634 с. – С. 194-196. (в соавт. с С. Исмагуловым)

Археологическое и этнографическое изучение Казахстана (в соавт. с К. Акишевым и Н. Алимбаевым) // Историческая наука Советского Казахстана (19171960 гг.): Очерки становления и развития. АлмаАта: Ғылым, 1990. 272 с.

Семейно-брачные отношения у казахов в советскую эпоху // Актуальные проблемы истории Советского Казахстана. – АлмаАта, 1980. – С. 302-315.

Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. Алматы: Ғылым, 1998. – 234 с. (В соавт. с Н. Алимбаем, М.С. Мукановым).

Әдебиет:

Аджигалиев С. Халел Аргынбаев // Наука Казахстана. – 1994. – № 23 (34). – С. 6.

Ажигали С.Е. Казахская этнография в судьбе ученого-фронтовика (в память о Халеле Аргынбаеве). 15.95. 2015. – URL: https: // www.kazpravda.kz/fresh/view/kazahskaya-etnografiya-v-sudbe-uchenogo-frontovika/?print=yes; https: // assembly.kz / ru / news/kazakhskaya-etnografiya-v-sudbe-uchenogo-frontovika-v-pamyat-o-khalele-argynbaeve/.

Ажигали С.Е. Казахская этнографическая школа второй половины XX века // XIII Конгресс антропологов и этнологов России: сборник материалов. – Москва–Казань: ИЭА РАН, Институт истории Ш. Марджани АН РТ, 2019. – С. XXIII-XXVII.