Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


БАЛАҚАЕВ Төлтай


БАЛАҚАЕВ Төлтай (13.04.1923, Семей обл., Абыралы ауд. 5-а. – 20.11.2017, Алматы) – тарихшы-ғалым, тарих ғыл. докт., проф., Ш.Ш. Уәлиханов атынд. сыйлықтың лауреаты. Кедей шаруаның шаңырағында дүниеге келген ол бастапқыда, жан бағудың қарекетімен ата-анасы Ресейде жұмыс істеуге мәжбүр болғандықтан бастауыш сыныпты Славгород, Хабаровск қ. оқып, кейіннен Абыралы ауд-ғы ауылдық мектепте орта білім алады.

1942 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылады. Ұлы Отан соғысының Бат. майданының 300-ші атқыштар див.ның 1049-шы полк құрамында Сталинград, Орта Дон, Бат. Ростов-Дон ұрыстарына қатысып, 1943 ж. «Матвеев қорғаны» маңындағы шайқаста ауыр жарақаттан кейін елге оралған соң, 1943-44 ж. Абыралы ауд. Қайнар а. мектебінің нұсқаушысы болды. Б. 1944 ж. ҚазМУ-дің (қазіргі әл-Фараби атынд. ҰУ) тарих ф-тіне түсіп, оны 1949 ж. бітіреді. 1946 ж. «За победу над Германией в ВОВ 1941-45 гг.» медалімен марапатталады.

1949-56 ж. ҚКП ОК жанынд. партия тарихы ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, осы ин-тың аспирантурасында оқып, 1956 ж. кандид. дисс. қорғады. 1956 ж. қарашасында ҚазКСР ҒА-ның Тарих, археол. және этногр. ин-на шақырылып, 1956-59 ж. ғалым хатшы, аға ғыл. қызметкер, 1968-85 ж. бөлім меңгерушісі лауазымын атқарады.

Б.-тың негізгі еңбектері Кеңес дәуірі кезіндегі Қазақстан тарихына, әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарындағы респ. халқының тылдағы және майдандағы жасаған ерліктері туралы мәселелерді зерттеуге арналған. 1971 ж. жарық көрген қазақстандықтардың ұлы жеңіске қосқан үлесі туралы «Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.» атты іргелі еңбегі Ш. Уәлиханов атынд. сыйлықтың лауреаты атанды. 1972 ж. осы тақырыпта тарих ғыл. докт. дисс. қорғайды, ал 1979 ж. проф. ғыл. атағын алды. Б. 1970 ж. Москвада өткен тарихшылардың Бүкіләлемдік 1-ші конгресіне қатысты.

1985-89 ж. ин-т директорының ғыл. істер жөніндегі орынбасары, 1988-2005 ж. Бас ғыл. қызметкері лауазымдарында ин-та жарты ғасырға жуық жұмыс істейді. Б. 1957-80 ж. Қазақ КСР тарихының әуелде бірнеше рет екі том, ал кейіннен бес томдық болып шыққан іргелі еңбектің авторларының бірі және оның қазақша басылымдарының ғыл. ред. әрі саяси термин. мәселесін меңгерген ғалым ретінде танылды. Сондай-ақ Б.-тың 1970-80 ж. жарияланған 13 томдық ҚСЭ-да Кеңес-герман майданының басты шайқастарына қатысып, жеңіске өз үлестерін қосқан қазақстандықтардың ерліктерін әскери тарихтың талаптарына сай көрсете жазған мақалалары осы күнге дейін үлкен сұранысқа ие. Акад-лық томдардың текстологиялық жұмыстары аса жауаптылық пен терең білімді қажет ететіні анық.

1987 ж. КСРО ҒА Бүкілодақтық шығыстанушылар ассоциациясының мүшесі болды. Б. 200-ден астам ғыл. және ғыл.-көпшілік жұмыстың, оның ішінде 15 жеке және ұжымдық моногр. еңбектердің авторы. Б. ғылым мен пед. қызметін үйлестіре отырып, ұзақ жылдар бойы ҚазМУ-де, шет тілдері ин-тында (қазіргі Абылай хан атынд. әлем тілдері университеті) қоғамдық пәндерден дәріс оқыды. Сондай-ақ Қазақстан қарулы күштері әскери акад-сында, ҚР ҰҚК-нің әскери ин-тында әскери тарихтың маманы ретінде курсанттар мен тындаушылар арасында әскери-патриотгық тақырыптарда дәрістер оқып, болашақ офицерлерді дайындауға үлес қосты. Ұзақ уақыт Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнол. ин-ты мен Әскери акад-ның дисс. қорғайтын ғыл. кеңестерінің мүшесі ретінде де болашақ ғалымдар мен офицерлер арасынан ғыл. кадрлар дайындауға атсалысты. Ғалымның ғыл. жетекшілігімен 15 ғыл. канд., 1 ғыл. докт. дайындалды.

Проф. Б. ел қорғаудағы жауынгерлік ерлігі және ұзақ жылдар бойы ғылым саласындағы қызметі үшін 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, 18 медальмен, БХШЖК-нің күміс медалімен, екі рет Қазақ КСР ЖК Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталып, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Ш. Уәлиханов атынд. сыйлықтың лауреаты және Шәкәрім атынд. Семей мемл. ун-тінің құрметті проф. атанды.

Шығ.: История КазССР. Т. II. Эпоха социализм. – А-Ата, 1963. – С.688-723; Қазақ ССР тарихы. Соц. дәуірі. – Алматы, 1964. – 745-783-бб.; Работа историков Казахстана в 1962-1964 гг. // История КСРО, 1965. – С. 204-209 (совм. с В.С. Кузнецовым); История КазССР. – А-Ата, 1967. – С. 597-628; Казахстан в Великой Отечественной войне. Вып. I. – А-Ата, 1968. – С. 195-230; Казахстан в Великой Отечественной войне. Вып. II. – А-Ата, 1974. – С.105-119; Актуальные проблемы истории Советского Казахстана. – А-Ата, 1980. – С. 113-141 (совм. с К. Алдажумановым); История КазССР (с древнейших времен до наших дней) в 5-ти томах. – А-Ата, 1981. – С.59-201; Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.). – А-Ата, 1971. – 351 с.; Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941-1945 ж.). – Алматы, 1985. – 318 б. (Қ. Алдажұмановпен бірге); В строю боевым. – А-Ата, 1985. – С.35-49; Коллективизация сельского хозяйства в республиках Средней Азии и Казахстане: опыт и проблемы. – А-Ата, 1990. – С.4-8, 87-102 (соавтор.) және т.б.

Әдеб.: Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005; Балақаев Т. Өнегелі өмір. – Алматы, 2018.

З. Төленова, А. Қали