Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


БЕЛАН Павел Степанович


(16.08.1927 Ақмола обл. Ақкөл ауд. Трудовое с. – 16.11.2009, Алматы) – ғалым, тарихшы, тар. ғыл. докт. Шаруа отбасында дүниеге келген. 1952 ж. С.М. Киров атынд. Қазақ мемл. Ун-тінің тарих ф-тін аяқтағаннан кейін Ақмола обл-ның Шортанды кенті мен Атбасар ст. мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеді. 1957 ж. қазан айынан бастап 2008 ж. дейін ҚазКСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этногр. ин-тында кіші, аға, жетекші, бас ғыл. қызметкер болып жұмыс істеді. 1960 ж. ин-т аспиратурасын бітірді. 1962 ж «Северный Казахстан в годы Великой Отечественной войны» тақырыбында канд. дисс., ал 1991 ж. «Казахстанцы на фронтах Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.» атты докт. дисс. қорғайды. Ғалымның зерттеулерінің басым бағыты Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мен қазақстандықтардың ерлігі тарихына арналған. Осы мәселе бойынша 200-ден астам ғыл. және ғыл.-көпшілік еңбектерді жазды және ұжымдық еңбектердің жазылуына қатысты. Ол соғысқа қатысқан қазақстандықтардың саны, Кеңес Одағының Батырлары және Даңқ орденінің үш дәрежелі кавалерлері туралы мәліметтерді нақтылап, майдандағы адамдардың қайтымсыз шығындарын және тылдағы жанама шығындарды есептеуге алғашқылардың бірі болып зерттеулер жүргізді және сүбелі еңбектер жазды. Қазақстандық құрамалардың жауынгерлік жолы, олардың маңызды шайқастарға қатысуы мен ерлік жолдары, бейбітшіл еңбекшіден ержүрек қорғаушының қалыптасу үрдістестері, сондай-ақ халықтар достығын нығайту және оның соғыс барысы мен нәтижесіне әсері туралы жазды. 1990 ж. «Боздақтар» «Книга памяти» кітаптарын дайындау мен жарыққа шығуына үлкен еңбек сіңірген ғалым.

Шығ.: Герои Советского Союза – казахстанцы. Сб. очерков в 2-хт. – А-Ата, 1968 (с Н.П. Калитой и автор 26 очерков); Казахстанцы в боях за Ленинград. – А-Ата, 1973; Доблесть солдатская [Сб. очерков о казахстанцах-кавалерах ордена Славы трех степеней]. (с А.В. Потаповым и С.И. Честновым. – А-Ата, 1974.; Фронтовые дороги [391-й стрелковой дивизии]. (В соавт. с А.Д. Тимошенко и Н.С. Барковым). – А-Ата, 1978; Участие казахстанцев в завершающих сражениях Великой Отечественной войны (январь-май 1945). – А-Ата, 1979; Слава тебя найдет [очерки о ранее неизвестных Героях Советского Союза – казахстанцах]. – А-Ата, 1982; Казахстанцы в боях за свободу Украины и Молдавии. – А-Ата, 1984; Казахстанцы в боях за освобождение Белоруссии и Советской Прибалтики (1941-1945). – А-Ата, 1988; Перекопская стрелковая [387-я дивизия]. (В соавт. с И.А. Колывановым и И.И. Смолиным). – А-Ата, 1989; Казахстанцы в битве на Волге. – А-Ата, 1990; Правда о Гросстуркестане и Туркестанском легионе // История Казахстана. «Белые пятна». – Алматы, 1991; Боздақтар. Книга Памяти Казахстана. Сводный том. – Алматы, 1995. [На каз. и рус. яз. / Сост. вместе с Н. Едыгеновым и автор трех разделов]; На всех фронтах: казахстанцы в сражениях ВОВ 1941-1945 гг. – Алматы,1995; Исторический опыт защиты Отечества: Военная история Казахстана. Уч. пос. для курсантов военных и студентов гражданских учебных заведений. – Алматы, 1999. (с Т. Балакаевым, составитель, автор глава 88); Афганская война: история и современность // Вестник Военной академии ВС РК. – 1999, №4; Армия суверенного Казахстана: Становление и развитие. – Алматы, 2004 (в соавт); Славы достойный. Казахстанцы – кавалеры ордена Славы трех степени. – Алматы, 2005.

Әдеб.: Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005.

З. Төленова, А. Қали