Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


ВАЛИХАНОВ Едіге Жансұлтанұлы


ВАЛИХАНОВ Едіге Жансұлтанұлы (1945-2012, Алматы) – ғалым, тарихшы, қоғамтанушы. С. Киров атынд. Қазақ мемл. ун-ң (қазіргі әл-Фараби атынд. ҚаҰУ) тарих ф-тін бітірген. 1967-69 ж. аспирантурада оқыды, 1969-72 ж. КеңесАрмиясы қатарында қызмет етті. 1972 ж. маусым айынан 1983 ж. ақпан айына дейін Қазақ мемл. Қыздар пед. ин-тының тарих кафедрасының аға оқытушысы, 1979 ж. тарих ф-ті деканының орынбасары, 1983-97 ж. ҚР Орт. мемл. архивінде, 1987 ж. бастап Ш.Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнол. ин-тында ғыл. қызметкер, 1995 ж. аға ғыл. қызметкер, 2001-12 ж. Қазақстан тарихы және тарихи демогр. бөлімінің, Жаңа заман тарихы бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарды.

1990 ж. ҚР ҰҒА мүше-корр М.Х. Асылбековтыңжетекшілігімен «19-20ғ.басындағы қазақ қоғамын зерттеу бойынша Орыс Геогр. қоғамының қызметі» тақырыбында канд. дисс. қорғады. В.-тың ғыл. және қоғамдық қызығушылықтары 18-20 ғ. басындағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша қалыптасады. Ұзақ жылдарғы ізденістері 18-19 ғ. 1-ші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихына арналған. Өзінің ғыл. зерттеулерінде әдіснамалық мәселелерді заманауи тарих ғылымы тұрғысынан қарастырады. Сондай-ақ, кеңестік кезеңге дейінгі Қазақстанның мәдениетінің дамуына, әсіресе қоғам дамуының құрамдас бөлігі ретінде руханият тақырыптарына үлкен көңіл бөлді. Осы бағыттың әртүрлі мәселелері бойынша 70-тен астам ғыл.-ғыл.-танымдық мақалалар жариялады. Соның ішінде Қазақстан тарихының жекелеген қырларын жан-жақты талдаған іргелі акад-лық: «Қазақстантарихы» (3 т., 1997), «Сырым Датовтыңбасшылығымен болған қазақ халқының ұлт-азаттықкүресі», «Халық білімі», «Ғыл. мекемелер мен қоғамдардың қызметі», «Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі күнге дейін» (2 т.) т.б. басылымдарда Ресей және көршілес халықтармен қарым-қатынастар мәселесі, «Исторический опыт защиты Отечества» атты әскери оқу орындарына арналған оқу құралында 17-18 ғ. Жоңғарлармен соғыс, Абылайханныңәскери-саяси өнеріне арналған тараушаларды жазды. В. Өз зерттеу мектебін қалыптастыра алған танымал ғалым. Оның ғыл. жетекшілігімен 2 канд. дисс. қорғалды және 2-уі қорғауға дайындалды. Сондай-ақ, респ-ның ЖОО ізденушілеріне тәлімгерлік жасап, Кіші ғылым акад-да тұрақты мүше ретінде мектеп оқушылары байқауларына қазылық жасады. В. респ. және халықар. деңгейдегі конф-ларда баяндамалар жасады. Оның ғыл. Еңбектері Ресейде, Оңт. Кореяда, Түркияда жарияланған. В. «Қазақ энциклопедиясының» тұрақты авторы ретінде де жақсы танымал болатын. Өмірінің соңғы жылдары ауыр науқасына қарамастан «Өнегелі өмір» сериясы бойынша «Кенесары» кітабын (М.: Молодая гвардия, 2004) шығарды, сонымен қатар «Русская демократическая интеллигенция в Казахстане второй половины 19-начале 20 веков» (М.: Русская книга, 2004) кітабының авторы болды.

Шығ.: Казахские просветители и интеллигенция втор. пол. 19 – нач. 20 веков о казахской государственности // Эволюция казахской государственности. – Алматы, 1996; Национальное самосознание Казахского общества в пер. пол. 19 в. // Культурные контексты Казахстана: история и современность. – Алматы, 1998; Политические традиции казахов и колониализм // Переход от тоталитаризма и демократии: опыт Казахстана. – Астана, 2000; Кенесары. Серия «ЖЗЛ». – М., 2004; Русская демократическая интеллигенция в Казахстане втор. пол. ХІХ-нач. XX веков. – М., 2004.

Әдеб.:Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005

З.Төленова, А.Н.Қали