Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


ВЯТКИН Михаил Порфирьевич


ВЯТКИН Михаил Порфирьевич – (9.08.1895, Орынбор – 7.12.1967, Ленинград, қазіргі СПб), тарихшы, профессор, Орта Азия халықтары, Ресей тарихының әлеум.-экон. мәселелерін зерттеуші. Орынборда, қ-лық уч-ще мұғаліміның отбасында дүниеге келген. 1909 ж. әкесінің жұмыс орны ауысуына байланысты Перм губ-ның Шадринск қ-на қоныс аударады. 1913 ж. Шадринск уч-щесін, сосын Петроград ун-тінің 3 курсын бітіреді. 1916 ж. күзде армия қатарына алынып, 3 айдан кейін денсаулығына байланысты босатылады. 1917 ж. күзінен 1919 ж. аралығында Шадринскіде статист болып жұмыс істейді, қ-ның орта оқу орындарында сабақ бере бастайды. 1919 ж. көктемінде Перм ун-тіне ерікті тыңдаушы болып қабылданады. 1920 ж. қыркүйекте Томск ун-тінің тарих-филол. ф-тінің тарих бөліміне 4-курсқа ауысады да, оны 1921 ж. бітіріп шығады. Студент кезінде 1921 ж. 10 шілдесінен 15 тамызға дейін Бийск қ-ның археол. музейінде жұмыс істейді. Ун-ті аяқтаған соң М.П. Вяткин Томск ун-тінің орыс тарихы кафедрасына ғыл. қызметкер болып қалдырылады. 1922 ж. бастап Петроград-Ленинградтың еңбек мектептері мен жұмысшы ф-тінде, ал 1929 ж. – Ленинградтың ЖОО: алғашында Өндіріс академ. мен Кәсіподақ қозғалысы мектебінде, сосын Ленинград хим.-технол. ин-тында, КСРО Мемжоспарының Жоспарлау ин-тында, Ленинград тоқыма ин-тында және Кино инж. ин-тында сабақ береді. 1934 ж. ҒА Тарих-археол. ин-тының ғыл. қызметкері болады, ол 1936 ж. КСРО ҒА Тарих ин-ның Ленинград бөлімшесі болып қайта құрылады. 1941 ж. тамызынан Алматыда эвакуацияда болады, КСРО ҒА Қазақ филиалында жұмыс істейді. 1943 ж. Тарих ин-тымен бірге Мәскеуге көшеді, ал келесі жылы Ленинградқа қайтып оралады. 1944 ж. «Сырым батыр» (18 ғ. соңындағы Қазақстандағы азаттық қозғалыстары)» тақырыбындағы докт. дисс. қорғайды. 1955-61 жж. КСРО ҒА Тарих ин-тының Ленинград бөлімінің директоры қызметін атқарған. Сонымен бір мезгілде ғыл.-оқытушылық қызметті қатар жүргізеді: 1944-46 жж. Ленинград мемл. ун-тінің проф., 1945-57 ж. аралығында М.Н. Покровский атынд. Ленинград пед. ин-ның КСРО тарихы кафедрасының меңгерушісі, 1957-60 ж. аралығында А.И. Герцен атынд. Ленинград пед. ин-ның КСРО тарихы кафедрасының проф. Дегенмен, өмірінің соңына дейін оның негізгі қызмет орны Тарих ин-ның Ленинград бөлімшесі болып қалды. Тарих ин-ты үшін ең қиын жылдар болған 1955-61 жж. В. оның басшысы ретінде табандылығымен 1953 ж. жабылып қалған бөлімшенің жұмысы қайта жандандырылды. 1920 ж. жарық көрген В-ң. мануфактураға, өндірістік төңкеріске, Ресейдегі дамыған капитализмге арналған алғашқы ғыл. еңбектері, оның Ресей әлеум.-экон. тарихына деген қызығушылығын арттырды. В. КСРО халықтарының тарихын зерттеумен айналысқан алғашқы кеңестік ғалымдардың бірі болды. Оның қазақ халқының тарихын зерттеудегі еңбегі ерекше. Оның тікелей араласуымен әрі жетекшілігімен «Қазақ КСР тарихы бойынша материалдарының» екі томы дайындалып, жарық көрді. 1941 ж. В-нің жазған ежелгі заманнан 1870 ж. дейінгі Қазақстан тарихы бойынша алғашқы жинақталған еңбек жарияланды. 1947 ж. баспадан шыққан «Сырым батыр» кітабы ғыл. қауымның жоғары бағасына ие болып, 1948 ж. екінші дәрежелі Мемл. (Сталиндік) сыйлықты иеленді. 1954 ж. В. Қырғыз КСР ҒА корр. мүшесі болып сайланды. Қырғыз тарихшыларымен тығыз байланыста болып, ол 1956 ж. жарық көріп, 1963 ж. қайта басылып шыққан «Қырғыз тарихы» ұжымдық еңбегінің 1-т-ның авторы және жауапты ред. болды. Сонымен қатар ол КСРО ҒА және оның Ленинград бөлімшесінің «Феодализм кезеңіндегі КСРО тарихының очерктері» және «КСРО қысқаша тарихы» ұжымдық еңбектерін дайындауға қатысты. Ғалым XIX ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Ресей әлеум.-экон. тарихын әзірлеуге елеулі үлес қосты. 1962 ж. Фрунзедеоның «Орта Азиядағы монополистік капитал» атты моногр. Жарық көрді. Автордың Орал өндірісі тарихын зерттеудегі көпжылдық зерттеулерінің нәтижесі ретінде 1965 ж. жарыққа шыққан «Горнозаводский Урал в 1900-17 гг.» атты ірі моногр. Еңбегі болып табылады. В. өмірінің соңғы жылдарында революцияға дейінгі кезеңдегі Орта Азияның әлеум.-экон. дамуын зерттеуге арналған үлкен тарихи еңбекпен айналысты. Кітапты баспаға автордың әріптестері және оқушыларымен әзірледі және 1974 ж. Қырғыз КСР ҒА Президиумының арнайы қаулысымен басылып шығарылды. В. Еңбек Қызыл Ту және Құрмет Белгісі ордендері, сондай-ақ медальдарымен марапатталды, 1965 ж. РСФСР еңбегі сіңген ғылым қызметкері атағына ие болды. М.П. Вяткин 1967 ж. 7 желтоқсанда Ленинградта, казіргі СПб-те қайтыс болды.

Әдеб.: Новиков Ю.Е., Потолов С.И. Памяти М. П. Вяткина (1895- 1967). – М., 1968.

С.Тоқболат