Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


ГАЛУЗО Петр Григорьевич


ГАЛУЗО Петр Григорьевич (10.06.1897, Белоруссия, Даргейки а. Сеннен у. Витебск губ.. – 9.04.1980, Алматы) – ғалым, кеңес тарихшысы, Қазақстан және Орта Азияның аграрлық тарихын зерттеуші. 6 жасында 2 сыныптық мектепті бітірген.

Еңбек жолын 1914 ж. Белоруссияда бастауыш мектеп мұғалімінен бастаған. 1916 ж. патша әскерінде қызмет еткен. 1917-19 ж. анархист-коммунист, ал 1919 ж. РКП(б) – канд., 1920 ж. мүшесі болған. 1918 ж. бастап Витебск обл. Сенно қ. у. халықтық білім беру бөлімінде жұмыс істейді. 1919-21 ж. ЖШҚА (РККА) – саяси бөлім бастығы, 1921-23 ж. М.-дағы Я. Свердлов атынд. Коммунистік ун-те, 1926 ж. Қызыл профессура ин-тында оқиды, 1923-26 ж. Ташкент қ. Орта Азия коммунистік ун-тінің тарих кафедрасының меңгерушісі болды. 1924 ж. 14 ақпанынан Түркістан КП ОК жанындағы партия бюросының жетекшісі қызметін атқарады. 1927 ж. Мәскеу қ. Шығыс Еңбекші Коммунистік ун-тінің КСРО тарихы кафедрасының доценті; 1928 ж. В.И. Ленин атынд. ин-тың ғыл. қызметкері. В.И. Лениннің таңд. шығ. 6 томдығын құрастыруға қатысады. 1930 ж. Ташкентке оралады. 1930-32 ж. Орта Азия революция тарихы ғыл.-зерттеу ин-ты директорының орынбасары, 1930-34 ж. Орта Азия коммунистік ун-тінің проректоры, 1932-1934 ж. БКП ОК Орта Азия бюросының мәдени ағарту бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1934 ж. марксизм-ленинизм Орта Азия ин-тының проф., 1935-37 ж. Түркімен жоғары коммунистік а.ш. мектебінің ректоры, проф., тарих кафедрасының меңгерушісі, сондай-ақ «Кенесское хозяйство Туркмении» журналының бас редакторы болып қызмет атқарады. Бірақ 1937 ж. 21 шілдесінде ТКП ОК бюросының шешімімен ректорлық қызметінен, 23 шілдеде бас редакторлықтан алынып, партия қатарынан шығарылады. Сөйтіп саяси қуғынға ұшырайды. 1937 ж. «халық жауы» аталған Г. біраз жылдар түрмелер мен лагерьлерде азапты жылдарын өткізеді. 1946 ж. бастап Өзбек КСР Чирчика қ. Средазхиммаш зауытында экономист, өндірістік жоспарлау тобының жетекшісі, Қазақ КСР Қарағанды обл. Шерубай-Нұра қ. (қазіргі Абай қ.) «Долиненшахт-строй» трестінің шахталық құрылыс басқармасының инж. болып жұмыс істеді. Ал І956 ж.-дан ғұмырының соңына д. Қазақ КСР ҒА-ның Ш. Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этногр. ин-тында аға ғыл. қызметкер болып қызмет етті. Ғылымға қайта оралған оған 1958 ж. қуғындалғанға дейінгі кезеңде жүргізген зерттеулері мен жарияланған еңбектері негізінде тарих ғыл. канд. атағы берілді. Кейінгі жылдарғы ізденістері нәтижесінде 1965 ж. «Қазақстанның оңтүстігіндегі І867-І9І4 ж. аграрлық қатынастар» тақырыбында докт. дисс. қорғап, 1969 ж. проф. ғыл. атағын алады. Оның зерттеулері Түркістан өлкесіндегі патшалық отарлау және қоныс аудару саясатына, 19-20 ғ. басындағы Қазақстандағы аграрлық қатынастар, Орта Азия мен Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихына арналған. Осы мәселелер бойынша Г. 50-ден астам іргелі еңбектер жазды. Әсіресе «Туркестан – колония: (Очерк истории Туркестана от завоевания русскими до революции 1917 года)» атты іргелі еңбегінде патшалық Ресейдің Түркістан мен оңт. Қазақстанды отарлық өлкеге айналдыру барысында ең құнарлы егіндік пен шұрайлы шабындықтан айырылған жергілікті халықтардың мүшкіл халін, олардың ұлттық намысы мен сезімінің аяққа басылуын, ділі мен дінінен айырылуын сол кездің өзінде ашық жазған ғалым болғандықтан да ол 1937 ж. «халық жауы» аталып итжеккенге айдалып, Карлагтың азабын тартады. Танымал қоғамтанушы-тарихшы ретінде 1928 ж. Москвада өткен тарихшы-марксистердің I съезіне және 1962 ж. тарихшылардың Бүкілодақтық кеңесіне және т.б. алқалы жиындарға қатысады. КСРО ҒА Тарих ин-ты жанындағы «Ұлы Октябрь социалистік рев-сының алғышарттары» мәселесі бойынша Ғыл. кеңестің мүшесі болды. Ғылымға сіңірген еңбегі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен және ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Шығ.: Вооружение русских переселенцев в Средней Азии: (Исторический очерк). – Ташкент, 1926; Среднеазиатский архив: (Источниковедческая справка) // Революционный Восток, 1929. № 6; Туркестан – колония. – М., 1929; – Самарканд; – Ташкент, 1930. На узб. яз.; Изд. 2-е, испр. и доп. – Ташкент: Госиздат УзССР, 1935; Восстание 1916 г. в Средней Азии: Сб. док. – Ташкент, 1932. (ред.); Чокан Валиханов. Избр. произв. – А-Ата, 1958. (Один из сост.); Из истории аграрных отношений дореволюционного Семиречья (конец ХІХ-начало XX в.) // Особенности аграрного строя России в период империализма. – М., 1962; К истории колониальной эксплуатации Казахстана в конце ХІХ-начале XX в. (На материалах южных районов Казахстана) // 0б особенностях империализма в России. – М., 1963; К ленинским оценкам предпосылок объединения национальных движений в России с революционной борьбой рабочего класса за социализм // Национальный вопрос накануне и в период проведения Великой Октябрьской социалистической революции. – М., 1964, вып. 1; Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг. – А-Ата, 1965; Колониальная система империалистической России // История КСРО с древнейших времен до наших дней. – М., 1968, т.6; Колониальная система российского империализма в канун Октябрьской революции // Казахстан в канун Октября. – А-Ата, 1968; Основные социально-экономические уклады степного Казахстана – колонии периода империализма // Вопросы истории капиталистической России. Проблемы многоукладности. – Свердловск, 1972.

Әдеб.: Михайлов Ф.К. Петр Григорьевич Галузо: (К 70- летию со дня рождения) // Изв. АН КазССР. Сер. общ. – 1968. Вып. 2; Ахунова М.А., Лунин Б.В. История исторической науки в Узбекистане: Краткий очерк. –Ташкент, 1970; Петр Григорьевич Галузо // Биобиблиографические очерки о деятелях общественных наук Узбекистана. – Ташкент, 1976, т. 1; Биобиблиография обществоведов Казахстана. – Алматы, 1986; Нұрпеис К. Қайсар талант (П.Г. Галузо туралы мөлтек сыр) // http://iie.kz; Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005.

З. Төленова, А. Қали