Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


ДАХШЛЕЙГЕР Григорий Федорович


ДАХШЛЕЙГЕР Григорий Федорович (2.11.1919, Одесса – 1.08.1983 Алматы) – көрнекті тарихшы, Қазақстандағы тарих ғылымының ірі ұйымдастырушыларының бірі, педагог, Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1941 ж. Одесса мемл. ун-тінің тарих ф-тін, 1949 ж. ҚазКСР ҒА-ның Тарих, археол. және этногр. ин-тының аспирантурасын бітірген.

Д.-дің саналы ғұмыры мен ғыл.-шығарм. қызметі толықтай ин-тпен тығыз байланыста өтті: 1949 ж. кіші ғыл. қызметкер, 1950 ж. бастап ғалым хатшы, ал 1957 ж. бастап өмірінің соңына дейін директордың ғыл. жұмыс жөніндегі орынбасары. 1950 ж. «История строительства Турксиба» тақырыбында канд. дисс., 1966 ж. «Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921-1929 гг.)» атты моногр-лық еңбегінің негізінде докт. дисс. қорғады. 1968 ж. проф. атағын алса, 1972 ж. ҚазКСР ҒА корр. мүшесі болып сайланды. Ғалымның зерттеу аясы өте кең: тарихи геогр. мәселелері бойынша КСРО тарихының акад. атласы үшін бірқатар тақырыптар әзірледі, тарихнама және деректану мәселелері, респ-ғы социалистік құрылыстың буржуазиялық бұрмалануы, 1905-07 ж. рев. кезеңіндегі Қазақстандағы жұмысшылар қозғалысы, социализмді жетілдіру жағдайында респ. аумағындағы этномәдени байланыстар, көшпелі қоғам, көшпенділер мен жартылай отырықшылар, қазақтарды отырықшыландырудың кеңестік тәжірибесінде көшпеліліктің халықар. маңыздылығы анықтап көрсетті. Сондай-ақ зерттеулерінде 1920-шы ж. қазақ ауылы мен оның әлеум.-экон. өзгерістерін, өлкедегі тың және тыңайған жерлерді игерудің әлеум.-экон. нәтижелерін зерттеуге баса назар аударған. Д-дің тарихнамалық еңбектері ерекше назар аударуға лайық, үлкен сұранысқа ие зерттеулер. Ол Қазақстандағы тарих ғылымының тарихын зерттеуге үлкен үлес қосты, бұл мәселеге 2 моногр. мен 30-ға жуық мақалалар арнады. Бірқатар моногр-дың жауапты ред., құжаттар жинағының құрастырушы және ҚСЭ және КСЭ-де ынтымақтастықта жұмыс істеді. Ғылымдағы жетістіктері үшін 1979 ж. ҚазКСР ҒА Ш. Уәлиханов атынд. сыйлықтың иегері, 1982 ж. бес томдық «Қазақ КСР тарихының» басылымына қосқан үлесі үшін ҚазССР Мемл. сыйлығының иегері атанды. Оның есімі респ., Одақ көлемінен тысқары да жақсы танымал болды. Токиодағы 8 халықар. антропол. және этногр. ғылымдар конгресіне (1968), Ташкенттегі «КСРО-дағы Социалистік өзгерістер тәжірибесі және оның халықаралық маңызы» атты Халықар. ғыл. конф-яға (1972), Чикагодағы 9 халықар. антропол. және этногр. ғыл. конгресіне (1973), 14 халықар. тарих ғыл. Конгресіне, Франциско (1975), Алматыдаға Бүкілодақтық түркология конф. (1976), Вишва-Бхарати (Шанти-Никетан, 1977) әлеум. ғыл. бойынша Кеңес-Үнді симпозиумына, Москвадағы аграрлық тарих мәселелері бойынша симпозиумның 18 сессиясына (1980) қатысқан. Сондай-ақ қазақстандық тарихшылардың қалыптасуына үлкен үлес қосқан оның жетекшілігімен 14 канд. дисс. қорғалды. Ғыл.-ұйымдастыру жұмыстарына да белсене атсалысқан Д. Кеңес Одағы тарихшылары ұлттық к-тінің, тарих ғылымының тарихы, социалистік және коммунистік құрылыс тарихы бойынша ғыл.-проблемалық кеңестердің, КСРО ҒА тарих бөлімшесі жанындағы тарихи геогр. бойынша, КСРО ҒА Президиумының қоғамдық ғылымдар секциясының жанындағы ұлттық мәселелер бойынша кеңестің мүшесі, Кеңес саяси ғылымдар қауымдастығының қазақстандық секциясы төрағасының орынбасары, ҚазССР ҒА Тарих, археол. және этногр. ин-ты жанындағы КСРО тарихы бойынша докт. дисс. қорғау жөніндегі мамандандырылған ғыл. кеңес төрағасының орынбасары, «ҚазКСР ҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы» журналы Бас ред.-ның орынбасары болды. Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, басқа да КСРО медальдарымен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған және ҚазКСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері атанды.

Шығ.: Турксиб – первенец социалистической индустриализации: (очерк истории постройки Турксиба). – А-Ата, 1953; Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921-1929 гг.). – А-Ата, 1965; Историография Советского Казахстана: Очерк. – А-Ата, 1969; В.И. Ленин и проблемы казахстанской историографии. – Алма-Ата, 1973; Маршрутом социального прогресса. – А-Ата, 1978; История крестьянства Советского Казахстана. – Алма-Ата, 1985 (Соавт.: К. Нурпеисов).

Әдеб.: Нурпеисов К. Видный ученый историк // Изв. АН КазССР. Сер. общ. наук, 1979, № 6; Сулейменов Р.Б. Памяти Григория Федоровича Дахшлейгера // Народы Азии и Африки, 1984, № 4; Тулепбаев Б.А., Басин В.Я. Григорий Федорович Дахшлейгер (1919-1983) // История и историки: Историографический ежегодник, 1980. – М., 1984; Дахшлейгер Григорий Федорович // Биобиблиография обществоведов Казахстана. – А-Ата, 1986; Дахшлейгер Григорий Федорович. / Сост.: С.С. Каракулов, В.Г. Дахшлейгер. – Астана, 2009.

З. Төленова, А. Қали