Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


ЕРЗАКОВИЧ Лев Борисович


ЕРЗАКОВИЧ Лев Борисович (08.12.1936, Алматы – 18.09.1993) – белгілі қазақстандық археолог, т.ғ.к. Алматы қ.-да белгілі музыканттар отбасында дүниеге келді. Е.-тің әкесі Борис Григорьевич Ерзакович Қазақстандағы белгілі музыкатанушы, композитор, проф., Қазақ КСР ҒА-ның корр.-мүшесі (1908-97). Е. 1959 ж. Қазақ Мемл. ун-тінің тарих ф-тін тамамдады. Студенттік кезден 1956 ж. КСРО-ның ҒА-ның Археол. ин-тының Шығ. Қазақстандық археол. экспедициясының далалық зерттеулеріне, 1957 ж. Қаз. КСР-ның ҒА Оңт. Қазақстан археол. экспедициясының құрамында қазба жұмыстарына қатысты. 1959 ж. ҚазКСР-ның ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этногр. ин-тына археол. бөлімінің лаборанты болып қызметке кірісіп кетеді. Е. 1959-60 ж. Қазақ ССР-ның ҒА-ның Орт. Қазақстан экспедициясы, 1961 ж. Қазақ ССР-ның ҒА-ның Ш.Ш. Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этногр. ин-тының Тараз экспедициясы қатарында далалық зерттеулерге қатысады. 1962 ж. Е. ҚазКСР-ның ҒА-ның аспирантурасына қабылданып одан арнайы білім шыңдау үшін КСРО ҒА-ның Археол. ин-тының Ленинградтық бөліміне, Орта Азия мен Кавказ секторына жіберіледі. Аспирант Е. канд. дисс-ға материал жинау үшін Қазақстанның оңт-дегі көне қала қирандылары орындарында: Созақ пен Аспарада археол. қазба жұмыстар жүргізеді. Дисс. қажеттігіне орай Өзбекстандағы Ташкент, Бұқара, Самарқанд қ-на, Қазақстандағы Жамбыл, Шымкент қ-на сапар шегіп, сол жерлердегі музейлер қорындағы ортағасырлық материалдармен танысып, жұмыс жасайды. Аспирантурада оқу барысында тәжірибе жинақтау мақсатында Солт. Тәжікстандық археол. экспедицияның Пянджикент тобында (1963-70), КСРО-ның ҒА-ның Археол. ин-тының Ленинградттық бөлімінің Астрахан археол. экспедициясы құрамында (1966, 1968) далалық зерттеу жұмыстарға қатысты. 1965 ж. бастап Е. Қазақ КСР-ның ҒА-ның Ш.Ш. Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этногр. ин-тында аға лаборант болып қызмет істейді. 1966 ж. КСРО-ның ҒА-ның Археол. ин-тының Ленинградттық бөлімінің ғыл. кеңесі отырысында «Оңт. Қазақстан моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңде (13-18 ғ.)» атты тақырыпта канд. дисс. ойдағыдай қорғап, тарих ғыл. канд. ғыл. атағын алды. 1966 ж. бастап Е. Қазақ КСР-ның ҒА-ның Ш.Ш. Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этногр. ин-тында кіші ғыл. қызметкер, 1973 ж. бастап аға ғыл. қызметкер, 1987 ж. бастап ортағасырлық археол. бөлімінің жетекші ғыл. қызметкері болып жұмыс жасайды. 1966-68 ж. Жетісу археол. экспедициясының, 1969-70 ж. Отырар археол. экспедициясының, 1971 ж. бастап Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспедициясы отрядтарының жұмыстарына басшылық етті. 1987 ж. бастап Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспедициясының (ОҚКАЭ) бастығының орынбасары, 1988 ж. желтоқсан айынан бастап Қазақстан жаңа құрылыс экспедициясы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Е. Отырар туралы үш моногр-ның, «Отырар керамикасы» атты альбомның, Қазақстанның байырғы қ-лары туралы екі кітаптың қосалқы авторы. Е. бестомдық «Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» атты ұжымдық зерттеудің ортағасырлық қ-лар атты бір тараудың авторы болып табылады. Е.-тың жалпы осы уақытқа дейін 72 еңбегі жарияланған. Соңғы жылдары ғалым «Ортағасырлық Отырар» тақырыпта докторлық дисс. жазумен айналысты. Е.-тің Аспара қалашығындағы археол. қазба жұмыстары Қазақстандағы кейінгі ортағасыр қабаттарын зерттеудің алғашқылардың бірі деуге негіз бар. Е. Талас аңғарындағы кейінгі ортағасырлық мәдениет ескерткіштерін зерттеуі барысында өзіне дейін ешбір археологтар көңіл бөлмеген кейінгі ортағасыр қабаттарына назар салды. Ғыл. айналымға аталған кезеңге қатысты бұрын белгісіз болып келген жаңа археол. материалдар енгізді, оларды талдап саралады. Е.-тың Түркістан алқабындағы зерттеулері аталған аймақтағы кейбір қалашықтарды баламалау, Шойтөбе мен Ескі Түркістан қалажұртында археол. қазбалар және Ахмет Ясауи кесенесі қасындағы көрхананы қазу сияқты жұмыстар болды. Е.-тың Созақтағы зерттеулері Қазақстан археол. үлкен жаңалық болды. Бұл жұмыстар сөз жоқ, Созақ қ.-ның тарихын тереңдетумен қатар жалпы археол. үшін аса маңызды болды. Археолог алғаш рет Оңт. Қазақстан аумағында арнайы кейінгі ортағасырлық (олардың ішінде Қазақ хандығы заманы) қабаттарды қазып зерттеді. Алғаш рет Созақтағы қазба материалдары негізінде жүйелі түрде кейінгі ортағасырлық керамика, құрылыс қабаттар, тұрғын үй элементтері сипатталды, нақты қазба барысында табылған археол. материал тарихи дерек ретінде қаралып көшпелілердің ықпалы туралы мәселелер қойылды. Бұл Қазақстандағы кейінгі ортағасырлық қалалық археол. саласындағы алғашқы жұмыстардың бірі болатын.

Шығ.: Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древние города Казахстана. – А-Ата, 1971; Акишев К.А, Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. – А-Ата, 1972; Акишев К.А, Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Отрар в ХІІІ-ХV веках. – А-Ата, 1987; Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Позднесредневековый Отрар. – А-Ата, 1981; Ортағасырлық Отырар керамикасы. Альбом құрастырушылары және мәтін авторлары К.М. Байпаков, Л.Б. Ерзакович. – Алматы, 1990.

Әдеб.: Лев Борисович Ерзакович /некролог/ // Известия НАН РК. Серия общ. наук, 1994, № 4; Л.Б. Ерзакович // Байпаков К.М. Древние города Казахстана. – Алматы, 2007; Лев Борисович Ерзакович // Қыдыр Е. Отырар. – Астана, 2009; Ерзакович Лев Борисович // Кузнецова О.В. Южно-Казахстанская комплексная археологическая экспедиция (ЮККАЭ). – Алматы, 2014.

М. Қожа, З. Төленова