Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


ЗУЕВ Юрий Алексеевич


(8.12.1932, Түмен қ. (Тюмень), Ресей – 3(5).12.2006, Алматы) – көрнекті кеңестік және қазақстандық түркітанушы, шығыстанушы, қытайтанушы, тарих ғылымдарының кандидаты. Мектепті бітіргеннен кейін 1950 ж. А.А. Жданов атынд. Ленинград мемл. ун-нің шығыс ф-не оқуға түсіп, 1955 ж. тарихшы-шығыстанушы, қытайтанушы мамандығы бойынша бітірді. Жас маман ун-т жолдамасымен ҚазКСР ҒА Тарих, археол. және этногр. ин-на кіші ғыл. қызметкерлікке қабылданды.

Ин-тың ғылыми өміріне етене араласқан З. көне қытай тілдерінен көптеген мәтіндерді аударып, 8-10 ғ. Танхуйяо «Тамги лошадей из вассальных княжеств» (1960) тақырыбындағы қытай шығармасы бойынша іргелі зерттеу жүргізді. Түркі тайпалары, олардың геогр. орналасуы туралы аса маңызды шығарманы егжей-тегжейлі зерттеген З-тің үйсіндер мен түркілер туралы генеалогиялық аңыздарға жасаған ғылыми талдаулары оның дисс. жұмысының негізін құрады. Уақытының көбін ҚазКСР ҒА Орт. Ғылыми кітапханасында өткізген ғалым ҚХР-нан Пекин мен Шанхайда шыққан қытай шежірелерін, ғылыми және мерзімді баспасөздерден көптеген шығармалардың көшірмесін алып, аударды. 1967 ж. «Древнетюркские генеалогические предания как источник по ранней истории тюрков» тақырыбындағы канд. дисс. сәтті қорғады. 1992 ж. ҚР ҰҒА Ұйғыртану ин-ның Шығыстану орталығының аға ғылыми қызметкері лауазымына ауыстырылған З. өмірінің соңына дейін, осында, яғни ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов атынд. Шығыстану ин-да қызмет жасады. Ғалымның ғылыми қызығушылығы өте ауқымды болғанымен, негізгі басымдылық қытай жазба деректеріндегі түркі халықтарының тарихын зерттеуге берілді. Осы бағытта 250-ден астам ғылыми еңбектер жазды, олардың қатарында «Китайские известия о Суябе», «О формах этносоциальной организации кочевых народов Центральной Азии в древности и средневековье: пестрая орда, сотня», «Кыпчакский Урбе-хан в эпосе и истории» және оның «Казахстанские востоковедные исследования» топтамасы аясында шыққан «Ранние тюрки. Очерки истории и идеологии» (2002) атты еңбектерін жариялады. Ғылыми шығарм. өмірінің 47 жылын Қазақстан ҒА жүйесінде еңбек етуге арнаған З. тек респ-ға танымал синологтардың бірегейі ғана емес, әлемдік шығыстану ғылымында жоғары бағасын алған ғалым. Сонымен қатар З. ғыл.-педагог. қызметпен айналысып, білікті жас мамандар мен ғалымдарды дайындауға да қомақты үлес қосты. 1980-ші жылдары әл-Фараби атынд. ҚазҰУ-де түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті бойынша дәріс оқыды, 20-дан астам маман-шығыстанушыларды дайындады. З. «Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі күнге дейін» бестомдық авторларының бірі. 1970-80 ж. Іле жазығындағы ежелгі Талғар мен Жақсылық қоныстарын зерттеген археол. экспедицияларға да қатысады. Сондай-ақ Қырғыз КСР ҒА Тарих ин-тының Саймалы-таш шатқалына ұйымдастырған Биіктаулы археол. экспедиция құрамында жұмыс істеді. Бар саналы ғұмырын қазақ ғылымының, оның ішінде түркітану, шығыстану мен қытайтану саласының қалыптасуы мен дамуына айрықша үлес қосқан ғалымның еңбегін қайта зерделеу мен оны есте сақтау мақсатында Р.Б. Сүлейменов атынд. Шығыстану ин-да 2009 ж. халықаралық дөңгелек үстел, 2012 ж. желтоқсанда «Орталық Азия тарихындағы түркі мұрасы» тақырыбында Халықаралық конф. ұйымдастырылды.

Шығ.: К вопросу о языке древних усуней // Вестник АН КазССР, 1957, № 15; Из древнетюркской этнонимики в китайской транскрипции. Вопросы истории Казахстана и Восточного Туркестана. – А.-Ата, 1962; Древнетюркские генеалогические предания как источник по ранней истории тюрков: Автореф. дисс. … к.и.н. – А.-Ата, 1967; Историческая проекция казахских генеалогических преданий (К вопросу о пережитках триальной организации у кочевых народов Центральной Азии) // Казахстан в эпоху феодализма (Проблемы этнополитической истории). – А.-Ата, 1981; Сармато-аланы Приаралья (Яньцай\Абзойя) // Культура кочевников на рубеже веков (XIX-XX, XX-XXI вв.): Проблемы генезиса и трансформации: Матер. междунар. конф. – Алматы, 1995; Древнетюркская социальная терминология в китайском тексте VIII в. // Вопросы археологии Казахстана. Вып. 2. – Алматы-М.: 1998; О формах этносоциальной организации кочевых народов Центральной Азии в древности и средневековье: Пестрая Орда, Сотня (сравнительно-типологическое исследование) // Военное искусство кочевников Центральной Азии и Казахстана (эпоха древности и средневековье). Сб. статей. – Алматы, 1998; Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы, 2002.

Әдеб.: Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы, 2002; Торланбаева К.У. К 80-летию Ю.А. Зуева // ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сериясы. – 2013. № 2.

З.М. Төленова, К. Торланбаева