Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


МАРҒҰЛАН ӘлкейХақанұлы


МАРҒҰЛАН ӘлкейХақанұлы – (11.05.1904, бұрынғы Семей обл. Павлодар уез-ң Ақбеттау болысының № 2 а. – 12.01. 1985, Алматы қ.)– Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, археолог, этнограф, шығыстанушы, тарихшы, филолог, әдебиеттанушы, өнертанушы, қоғам қайраткері, этнография бөлімінің меңгерушісі (1957–1976). Бастауыш білімді ауыл мектебінде алған. 1919-20 ж. Павлодар қ-ндағы мұғалімдер курсында; 1921-25 ж. Семей педагогикалық техникумында; 1925-29 ж. Шығыстану ин-тының түркология бөлімінде, Ленинград ун-теті мен өнер тарихы ин-тының тарих-филология факультетінде; 1931 ж. Ленинградтағы материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік академиясының аспирантурасында білімін жалғастырды. 1936-38 ж. КСРО ҒА материалдық мәдениет тарихы ин-тының ғыл. қызметкері болды. 1943 ж. «Хандар жарлығының тарихи маңызы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Бұл зерттеу қыпшақ жазба ескерткіштерін зерттеудің бастамасы болды. 1945 жылы «Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. М.-ның еңбек қызметінің негізгі бөлігі 1938-84 ж. ҚазКСР Ғылым Акад-нда өтті. Әр жылдары Ш.Уәлиханов атын. Тарих, археол. және этногр. ин-тының тарих секторын, археол. секторын және палеолит бөлімін, этногр. бөлімін басқарды. 1984 ж. Халықтар Достығы орденімен марапатталды. М. 1946 ж-дан 1974 ж-ға дейін 28 жыл бойы Орт. Қазақстан археол. экспедициясын басқарды, ол Жетісу, оңтүстік және Бат. Қазақстанда ежелгі қалаларды ашты. М. 1946 ж-дан 1974 ж-ға дейін 28 жыл бойы Орт. Қазақстан археологиялық экспедициясын басқарды. М. Жетісу, Оңт. және Бат. Қазақстанда ежелгі қалаларын ашты. Соларыдың қатарында Беғазы-Дандібай мәдениетін жатқызуға болады. Беғазы-Дандібай мәдениеті біздің дәуірімізге дейінгі II мыңжылдықта Қазақстан аумағында жоғары дамыған мәдениеті бар өркениет болғанын дәлелдеді. М.-ның көзі тірісінде 400 жуық ғылыми еңбектері жарық көрді. Олардың қатарында әйгілі монографиялары: «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» (1966), «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» (1979). М. ұзақ жылдар (1957-1976) ҚазКСР ҒА АЭИ этнография бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. М.-ның жетекшілігімен Ш. Ш. Уәлихановтың таңдамалы еңбектерін шығарды. «Қазақ КСР тарихының» бес томдық жетекші авторларының бірі ретінде 1982 ж. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. М.-ның жетекшілігімен 50-ден астам кандидаттық және докторлық диссертация қорғалды. 1946 ж. оған корреспондент-мүше, ал 1958 ж. академик ғылыми атағы берілді. М.-ның 100 жылдық мерей тойы ЮНЕСКО қамқорлығымен атап өтілді. Осы мерейтойға орай Қазақстанның пошта маркасы мен естелік монетасы шығарылды. 2008 ж-дың қаңтарында Алматы қ-нда ҚР ҒА ғимаратының жанынан М.-ға ескерткіш ашылды. ҚР ҒА-ның археол. ин-тына, Қазақстанның көптеген қалаларында көшелерге, мұражайлар, ғылыми орталықтар, оқу орындарында М. есімімен аталды. М. атын. халықар. қор бар.

Шығ:Казахская юрта и ее убранство. – М.: Наука, 1964 [VII Междунар. конгр. антропол. и этногр. наук. Доклад]. – 13 с.; Казахское народное прикладное искусство. Т. 1. – Алма-Ата: Өнер, 1986. – 256 с.; Казахское народное прикладное искусство. Алма-Ата: Онер. Т. 2. 1987. 288 с.; Казахское народное прикладное искусство. Т. 3. Резьба по дереву и кости. Художественная обработка металла и тиснение по коже. – Алма-Ата: Өнер, 1994. – 248 с.; Мир казаха. Алматы: Ин-т развития Казахстана, 1997. 57 с.; Маргулан, А.Х. Сочинения: в 14-т.: Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана / Гл. ред. Н.А. Назарбаев; сост. Д.А. Маргулан, Д. Маргулан; предисл. Н.А. Назарбаева. Алматы: Атамура, 1998. 400 с., ил.

Әдеб: Ақышев К. Археология атасы / Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым: Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер, өлең-арнаулар жинағы. Павлодар: ТООНПФ ЭКО, 2004. – 254 б. – 45–58 бб.; Арын Е. Кемел ойдың кемеңгері / Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым: Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер, өлең-арнаулар жинағы. Павлодар: ТООНПФ ЭКО, 2004. – 254 б. – 3–6 бб.; Ә. Марғұлан туралы естеліктер // Құраст. Марғұлан Д.Ә. – Алматы: Білім, 2004. – 248 б.; Әлімбаев М. Тас кітап / Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым: Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер, өлең-арнаулар жинағы. Павлодар: ТООНПФ ЭКО, 2004. – 254 б. – 117 – 199 бб.; Байпаков К.М. А.Х. Маргулан – выдающийся исследователь археологического наследия // «Маргулановские чтения – 15». – Алматы, 2004. – С. 7–15.; Баскаков Н.А. Ғұлама ғалым / Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым: Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер, өлең-арнаулар жинағы. – Павлодар: ТООНПФ ЭКО, 2004. – 254 б. – 9–12 бб.; Гумилев И.Н. Кемеңгер / Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым: Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер, өлең-арнаулар жинағы. – Павлодар: ТООНПФ ЭКО, 2004. – 254 б. – 12–15 бб.; Далай Ч. Зор ғұлама / Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым: Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер, өлең-арнаулар жинағы. – Павлодар: ТООНПФ ЭКО, 2004. – 254 б. – 15–17 бб.; Маргулан Д. Путь ученого // Отан тарихы. – 2015. № 1. – С. 65–73.; Маргулан Алькей Хаканович: Материалы к биобиблиографии ученых Казахстана / Гл. ред. З.А. Ахметов; Сост. Ш.Н. Кульбаева, Д.Н. Казбекова. – Алма-Ата: Наука, 1984. – 67 с.; Жолдасбеков М. Академик Марғұлан / Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым: Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер, өлең-арнаулар жинағы. – Павлодар: ТООНПФ ЭКО, 2004. – 254 б. – 126–137 бб.; Исмагулов О. Выдающийся исследователь историко-культурного наследия казахского народа // Мысль. – 2004. № 12. – С. 11–15.; Қозыбаев М. Дала перзенті / Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым: Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер, өлең-арнаулар жинағы. – Павлодар: ТООНПФ ЭКО, 2004. – 254 б. – 119–126 бб.; Маргулан Д. Путь ученого // Отан тарихы. – 2015. № 1. – С. 65–73.; Меңдіқұлов М. Көне дәуірдің көріпкелі / Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым: Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер, өлең-арнаулар жинағы. – Павлодар: ТООНПФ ЭКО, 2004. – 254 б. – 48–50 бб.; Сәтбаева Ш. Жарқын бейне / Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым: Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер, өлең-арнаулар жинағы. – Павлодар: ТООНПФ ЭКО, 2004. – 254 б. – 71–79 бб.; Сейдімбек А. Ақан мен академик / Ғұлама. Тұлға. Тағдыр. Тағылым: Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер, өлең-арнаулар жинағы. – Павлодар: ТООНПФ ЭКО, 2004. – 254 б. – 147–152 бб.