Институт ардагерлері
Нұрболат Едігеұлы Масанов

Нұрболат Едігеұлы Масанов – танымал тарихшы, саясаттанушы, этнограф, қоғам қайраткері тарих ғылымдарының докторы, профессор. Ол көшпенділердің мәдени мұрасы мәселелері бойынша Орталық Азиядағы алғашқы Қазақ ғылыми-зерттеу институтының құрылуының бастамашысы және негізін қалады. Нұрболат Едігеұлы өзінің тәуелсіз тарихи-саяси ойларымен, Еуразия даласындағы көшпенді халықтың тұрмыс-тіршілігі, мәдениетін зерделеудегі жаңалықтарымен әлемге танылды. Ғалым қазақ халқының арғы ата-бабалары – көшпенділердің тарихы, сондай-ақ, тек қазақ халқының ғана емес, басқа да халықтардың шығу тегі, мәдениеті мен этникалық тарихы тақырыбы аясында іргелі зерттеу жұмыстарын арнады.
1954 жылы 20 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетте білім алған.
Социальная организация кочевого общества казахов // Вестник АН КазССР. 1984. № 4. – С. 25–38.

