Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


МҰҚАНОВ Марат Сәбитұлы


МҰҚАНОВ Марат Сәбитұлы – (14.11.1929, Солтүстік Қазақстан обл. Петропавл қ. ‒ 15.05.1998, Алматы) ‒ тарихшы, этнограф, фольклоршы. М-тың саналы ғұмыры үлкен шығарм. ортада, кемеңгер тұлғалар арасында оның жастайынан жан-жақты дамуына өз ықпалдарын тигізді. 1948 ж. Алматы қ. № 41 мектепті бітіргеннен кейін алдымен Мәскеу геологиялық барлау ин-на оқуға түседі. Бірақ бір жылдан соң 1949 ж. М.В. Ломоносов атынд. Москва мемл. ун-нің тарих ф-не түсіп, 1954 ж. С.М. Киров ат. Қазақ мемл. ун-тін (қазіргі әл Фараби атынд. ҚазҰУ) бітіреді.

1954-55 ж. Шығ. Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің кіші ғыл. қызметкері, 1956-66 ж. ҚазКСР ҒА Тарих, археол. және этногр. ин-тының кіші ғыл. қызметкері, 1968-69 ж. – ҚазКСР ОМА ғыл. қызметкері, 1970-72 ж. – ҚазКСР ҒА ТАжЭ ин-тының аға инженері лауазымдарында қызмет етеді. Осы жылдары ҚазКСР ҒА ұйымдастырған 6 этнологиялық экспедиция құрамында Қазақстанның 9 обл-да болып, қазақ этногенезі мен этногр., халықтың мәдениті мен тарихы жөінде аса бай материалдар жинайды. 1970 ж. М. этногр. бөліміне орналасқанда оның меңгерушісі қазақ халқының материалдық мәдениетінің және т.б. салаларының көрнекті маманы И.В. Захарова еді. Ол М-тың этнограф ғалым ретінде қалыптасуына айтулы үлес қосты. 1971 ж. М. КСРО ҒА-ның Н.Н. Миклухо-Маклай атынд. Этногр. және антропология ин-тының Орта Азия мен Қазақстан халықтары бөлімінде тәжірибеден өтеді. Ұзақ жылдарғы ізденістер мен жүргізілген дадалық экспедициялар барысында жинақтаған тәжірибе М-тың қазақ халқының этногенезі мен материалдық мәдениетіндегі дәстүрлі қолөнерінің білгірі мен көрнекті зерттеушісіне айналуына жол ашты. 1972 ж. бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін өз тағдыры мен ғылыми қызметін Ш. Уәлиханов атынд. ТЭИ-мен тығыз байланыстырады. Осы жылы 12 маусымда «Орта жүз қазақтарының этникалық құрамы мен қоныстануы» тақырыбында канд. дисс. қорғады. 1972-75 ж. кіші ғыл. қызметкер, 1975-85 ж. аға ғыл. қызметкер болды. 1978 ж. бастап этногр. экспедицияларға жетекшілік ете бастады, осы жылы Шығ. Қазақстан, 1979 ж. Қызылорда, 1980 ж. Көкшетау, Павлодар, 1982 ж. Орталық Қазақстан, ал 1984-86 ж. аралығында «Қазақстан халықтарының қазіргі кездегі ауылдық отбасы» деген жоспарлы тақырып бойынша Алматы және Талдықорған обл. (қазіргі Алматы обл.) аралаған этногр. экспедициясын, көпжылдық Жетісу этногр. экспедициясын басқарды. 1982 ж. ҚазКСР ҒА Төралқасының қаулысымен 07.00.07 – Этнография мамандығы бойынша аға ғыл. қызметкер ғылыми атағы берілді. 1986-89 ж. жетекші, 1989-93 ж. бас ғыл. қызметкер, 1993-95 ж. этнол. бөлімінің меңгерушісі, 1995-98 ж. этнол. және антропология бөлімінің бас ғылыми қызметкері. 1989 ж. «Женские художественные промыслы казахов (историко-этнографическое исследование»» тақырыбында докт. дисс. қорғады. Ал 1990-91 ж. тәуелсіздік жылдары тарихи отанына оралғандарға байланысты тақырыппен Алматы обл. Кеген, Нарынқол ауд-да материалдар жинақтайды. 1997 ж. 26 қыркүйегінде проф. ғыл. атағын алады. М-тың ғылыми еңбектері мен арнайы жүргізілген зерттеулері негізінен қазақ халқының, оның ішінде, Орта жүздің этникалық тарихы, этногенезі, шежіресі, ұлтымыздың материалдық мәдениеті мен қолөнері де жан-жақты қарастырылған. М. Солт., Солт.-Шығ., Орт. Қазақстан қазақтарының этникалық тарихына, құрамы мен орналасуына байланысты көптеген ғылыми мақалалар жариялап, ғылыми ізденісінің қорытындысы ретінде 1974 ж. «Ғылым» баспасынан шыққан «Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза» деген іргелі моногр. еңбегін шығарады. Ғалым қазақ шежіресіне де көп көңіл бөліп, тарихи-ұлттық генезис мәселелерінде зерттейді. Осындай тарихи маңызы терең мәселеге арналған әріптестері, этнограф-ғалымдар Х.А. Арғынбаев және В.В. Востровпен бірлескен авторлықта жазған «Қазақ шежіресі хақында» (1998) атты монография рухани құндылықтарымызды толықтыра түсетін бағалы еңбектердің бірі болып табылады. М. этногр. және антропол. ғалымдардың 7-Халықаралық конгресінің (Мәскеу, 1964), Бүкілодақтық түркология конф-сының (Алматы, 1976), Шығыс кілемдерінің өнері бойынша халықаралық симпозиумның (Баку, 1983), Ауыл отбасының мәселелері бойынша Бүкілодақтық конф-ның (Махачкала қ.) жұмыстарына қатысты. М. 40-тан астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 6 моногр. авторы. Оның қазақ этнография ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан орасан зор үлесі жоғары бағаланып 2000 ж. «Отан тарихы мен этнографиясының өзекті мәселелері» топтамасындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін ҚР ҰҒА-ның Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді. 

Шығ.: Ковровое производство и его орнаментика; Резьба по дереву у казахов // Труды ИИАЭ АН КазССР. Т.6, 1959; К вопросу о родорасселении казахов на территории Казалинского и Перовского уездов Сыр-Дарьинской области // Труды ИИАЭ АН КазССР, т. 12. 1961; Некоторые материалы по войлочно-ткацкому производству // Труды ИИАЭ АН КазССР. т. 16. 1962; Ремесло (в соавт. с А.Х. Маргуланом) // Культура и быт казахского колхозного аула. ‒ А.-Ата, 1967; Родоплеменной состав и расселение казахов (в соавт. с В.В. Востровым). ‒ А.-Ата, 1968; Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза. ‒ А.-Ата, 1974; Казахские домашние художественные ремесла. ‒ А.-Ата, 1979; Виды сельскохозяйственных орудий // Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ вв. ‒ А.- Ата, 1980; Казахская юрта. ‒ А.-Ата, 1981; Охота с ловчими птицами у казахов // Известия АН КазССР. Серия общ. наук, 1983, № 3; Международный симпозиум по искусству восточных ковров // Известия АН КазССР, серия общ. наук, 1984. №3; Қазақ шежіресі хақында (бірлескен авторлықта). ‒ Алматы, 1998.

Әдеб.: Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005.