Warning: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, class '' not found in /var/www/iie/data/www/iie.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 308
ХОДЖАЕВА Рукия Дианатовна – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


ХОДЖАЕВА Рукия Дианатовна


ХОДЖАЕВА Рукия Дианатовна – (10.05.1928, Алматы – ө.ж.б.)филолог-тарихшы, этнограф. 1950 ж. С.М. Киров атынд. Қазақ мемл. ун-ның (қазіргі әл-Фараби атынд. ҚазҰУ) филология ф-тін бітірді. 1950-53 жж. Ленинград қ-дағы КСРО ҒА Н.Н. Миклухо-Маклай атынд. Ин-та аспирантура курсын өтті (Ленинград бөлімі). 1953 ж. қарашасынан ҚазКСР ҒА Тарих, археол. және этногр. ин-ның этнография бөлімінің кіші ғылыми қызметкері болып қабылданады. 1953 ж. «Қазақстанның ұйғыр әйелдерінің қоғамдық жағдайы және отбасылық тұрмысы» тақырыбында канд. дисс. қорғады. 1961 жылдан сол бөлімнің аға ғылыми қызметкері болды. Ол қазақтардың материалдық мәдениеті бойынша жетекші маман болды. Далалық этнографиялық материалдарды жинау мен талдаудың қазіргі заманғы әдістемесін жетік меңгерген, Қазақтардың этнографиясы бойынша библиографиялық аннотацияланған көрсеткіш, тұрғын үй, киім, отбасы және неке, мал шаруашылығы бойынша тақырыптық көрсеткіштер, сондай-ақ «Әлем халықтары» сериясындағы «Қазақтар» очеркі үшін қазақтардың этнографиясы бойынша аннотацияланған көрсеткіштер құрастырды. И. Захаровамен бірлесіп «Орта Азия мен Қазақстанның тарихи-этнографиялық атласы» үшін қазақтың ұлттық киімдері бойынша көптеген материалдар дайындады. Бүкілодақтық этнографиялық сессияның жұмысына қатысты.

Шығ.: Общественное положение и семейный быт уйгурской женщины Казахстана // Труды ИИАЭ АН Каз ССР. Т.З, 1956; Отчет о поездке в Кзыл-Ординскую область, 1958; Влияние Великой Октябрьской социалистической революции на Ближний и Средний Восток (на каз. яз.) // Қазақстан әйелдері, 1959, № 10; 06 отмене калыма (к 40-летию со дня выхода декрета об отмене калыма) (на уйгурском языке) // Коммунизм туги, 28 декабря, 1960; Состояние и задачи изучения этнографии Казахстана (в соавторстве) // Советская этнография. – М. 1960, №2; Претворение в жизнь ленинских идей о раскрепощении женщины (по материалам Казахстана) // Известия АН КазССР. Серия ИАЭ, вып.1 (12), 1960; Библиографический аннотированный указатель по этнографии казахов. Одежда казахов Семиречья; Об источниках изучения казахской национальной одежды // Труды ИИАЭ АН КазССР, т.16, 1962; Казахская национальная одежда ХІХ-ХХ вв. – А-Ата: Наука, 1964, (в соавторстве); Культура и быт казахского колхозного аула. 1967; Совещание этнографов республик Средней Азии и Казахстана // Известия АН КазССР, № 3, 1968; Молочная пища и утварь // Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ вв. – А-Ата: Наука, 1982; Карта и объяснительная записка по пастбищным угодьям и их размещению по статистико-экономическим данным начала XX века. (по областям и уездам). – А-Ата: Наука; Объяснительный текст по отраслям животноводства и распределения сезонных пастбищ. – А-Ата: Наука; Материалы по истории и культуры уйгуров / Редактор. – А-Ата: Наука; Одежда и украшения (для историко-этнографического Атласа Средней Азии и Казахстана); Объяснительный текст к карте (кочевые пути казахов в конце XIX-XX вв.). – А-Ата: Наука, 1980; Сравнительная характеристика головных уборов казахов различных районов Казахстана // Труды ИЭ АН СССР.

Әдеб.: Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005.

З. Төленова, А. Қали