Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


ШАХМАТОВ Виктор Федорович


ШАХМАТОВ Виктор Федорович – (20.10.1908 ж., Удмурт АКСР Елабуга аймағының Тихте горы ауылы – 4.08.1964 ж., Алматы) – тарихшы. 1927 ж. Семейдегі педагогикалық техникумды бітіргеннен кейін 1928-31 ж. мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, ал 1931-32 ж. «Правда в Степи» аудандық газетінің және «Правда Южного Казахстана» облыстық газетінің қызметкері болып жұмыс істеді. 1932-34 жж. Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетінің студенті, ал институтты бітіргеннен кейін облыстық «Правда Южного Казахстана» газетінің бөлімін басқарды.

Ал 1935 ж. қазан айынан бастап Қазақ мемлекеттік ұлттық мәдениет институтының тарих секторының ғылыми қызметкері, 1936 ж. КСРО ҒА Қазақ филиалының кіші ғылыми қызметкері. КСРО ҒА Қазфилиалы Төралқасының 1938 ж. 15 наурыздағы қаулысы негізінде оған кіші ғылыми қызметкер атағы берілді. 1938-1945 жж. тарих секторын басқарды және оны құру мен нығайту үшін көп күш салды. 1945 ж. қазан айынан бастап «Қазақстанның революцияға дейінгі тарихы» бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 1946 ж. бастап қолжазбалар бөлімінің меңгерушісі, 1947 ж. сәуір-мамыр аралығында Археология секторының меңгерушісі, мамыр айында қолжазбалар бөлімінің меңгерушісі, ал маусым айынан бастап тарих бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1953 ж. ҚазКСР ҒА Президиумының ұсынысы бойынша КСРО Мәдениет министрлігінің ЖАК-нің оған аға ғылыми қызметкер дәрежесін береді. 1957 ж. бастап Қазақстанның ежелгі және орта ғасыр тарихы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

В.Ф.Шахматов ІІ Дүниежүзілік соғысының Батыс және 2-ші Белорус майдандарына қатысқан. 1947 ж. канд. дисс. қорғады. В.Ф.Шахматовтың зерттеу бағыты: феодалдық қатынастардың дамуы және олардың ерекшеліктері, қазақ халқының этногенезі, ұлт-азаттық және шаруа қозғалыстарының тарихы, қазақ ауылының экономикасы, ұйғыр және дүңген халықтарының фольклорын зерттеді. В.Ф.Шахматов тәжірибелі және жан-жақты тарихшылардың бірі болды. 1953-56 ж. «Қазақ КСР тарихының» үшінші басылымның І-ші томын шығаруға дайындыққа қатысты және бұл том үшін ежелгі, орта ғасырлық кезең және ХІХ ғ. бойынша бірқатар тараулар жазды, редалқаның мүшесі, ҚазКСР ҒА гуманитарлық институттардың Ғылыми кеңесінің мүшесі болды. Тарихшылардың ғылыми кадрларын дайындауға, Қазақстан тарихы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға қатысты. В.Ф.Шахматов «Қызыл Жұлдыз» (1944), «Құрмет Белгісі» (1951) ордендерімен және медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Шығармалары: 

Очерки по истории уйгуро-дунганского национально-освободительного движения в XIX в. // Труды КНИИНК. Т.1, 1936;

Земельный вопрос во Внутренней Орде в начале XIX в. // Известия КазФАН. Серия историческ. Вып. I, 1940;

Народные восстания в Казахстане в середине XIX в. // Известия КазФАН, серия историческ., Вып. I, 1940;

Борьба уйгур и дунган за свою национальную независимость в Восточном Туркестане в XIX в. // Казах ели, № 5-6, 7-8, 1946;

Внутренняя Орда и восстание Исатая Тайманова. – А.-Ата, 1946;

Исет Котибаров (к вопросу о вооруженном выступлении казахов в 1855-1857 гг.) // Известия АН КазССР. Вып. 2, 1946;

К вопросу об этногенезе казахского народа // Известия АН КазССР. Вып.6, 1950;

История Казахской ССР. Т.І (гл. 2, 3, 5, 6, 13, 14, 17, 18). –А.-Ата, 1957;

Институт тюленгутства в патриархально-феодальном Казахстане // Известия АН КазССР. Вып.2, 1955;

К вопросу о расслоении казахского аула в первой половине XIX в. // Вестник АН КазССР. №7, 1957;

Основные черты казахской патриархально-феодальной государственности // Известия АН КазССР. Вып. З, 1959;

О происхождении 12-ти летнего животного цикла летоисчисления у кочевников // Вестник АН КазССР. № 1, 1955;

Предисловие к сборнику “Русско- казахстанские отношения в ХVІ-ХVІІІ вв. (в соавторстве). – А.-Ата, 1961; 

Казахская пастбищно-кочевая община (Вопросы образования, эволюции и разложения) // Акад. наук КазССР. Ин-т истории, археологии и этнографии им. Ч.Ч. Валиханова. – А.-Ата: Изд-во Акад. наук КазССР, 1964. – 207 с.

Әдеб.:

Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 60 жылдығына арналған. – Алматы, 2005.

З. Төленова, А. Қали