Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Басшылық


Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы


Аты-жөні: Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы

Қызметі: ҚР БҒМ ҒК «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» ШЖҚ РМК директоры, бас ғылыми қызметкер, қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері.

Ғылыми дәрежесі, атағы: тарих ғылымдарыныңдокторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.

Байланыс деректері: email: kabulzia@rambler.ru.

Өмірбаян

Қабылдинов Зиябек Ермұқанұлы, қазақ, 1965 жылдың 13 желтоқсанында Омбы облысы Таврия ауданы Байдалы (Байтұяқ) ауылында дүниеге келді. 1983 жылы Омбы облысы Таврия ауданының Пристан орта мектебін бітірді. Новосібір физика-математика мектебінде білім алды. 1984-1986 жж. КСРО ҚК қатарында әскери қызметін өтеді. 1994 жылы тарихи отаны – Қазақстан Республикасының Павлодар қаласында көшіп келді.

1997 ж. «XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Сібірдің қазақтары (тарихи-демографиялық аспект)» атты кандидаттық диссертациясын (02.00.07 мамандығы бойынша) қорғады (Алматы, 1997, Абай ат. АМУ (ғылыми жетекші Ж. Қасымбаев).

2003 ж. «XVIII – XX ғғ. басында Ресей империясының ішкі губернияларының қазақтары (тарихи аспект)» атты докторлық диссертациясын қорғады (Алматы, 2003, Абай ат. АМУ, ғылыми консультант Ж. Қасымбаев).

Білімі:

1986-1991 жж. Омбы мемлекеттік университетінің тарих факультетінің күндізгі бөлімінде оқыды, Омбы қаласында қазақстандық студенттер қозғалысын басқарып, апта сайын 1,5 мың жас қазақ студенттері үшін қазақ кештерін өткізді.

1998-2000 жж. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтында «Құқықтану» мамандығы бойынша оқыды (Қазақстан).

Адам құқықтары бойынша 5 сертификаттың иегері (ЕҚЫҰ, Польшаның құқықтық білім беру қауымдастығы).

Еңбек жолы

2021 ж. ақпан – осы уақытқа дейін – ҚР БҒМ ҒК «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» ШЖҚ РМК, директор.

2020 ж. маусым – 2021 ж. ақпан – ҚР БҒМ ҒК «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» ШЖҚ РМК, директор м.а.

2017 ж. маусым – 2020 ж. маусым – ҚР БҒМ ҒК «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» ШЖҚ РМК, директор. 

2011 ж. қазан – 2017 ж. маусым – Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ «Еуразия» ҒЗО директоры, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.

2010 ж. қаңтар – 2011 ж. қыркүйек – Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ әкімшілік-шаруашылық жұмыстар бойынша проректор.

2008 ж. қыркүйек – 2010 ж. қаңтар – Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы.

2007 ж. сәуір – 2008 ж. қыркүйек – Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ Дүниежүзі тарихы мен археология кафедрасының меңгерушісі.

2006 ж. маусым – 2006 ж. желтоқсан – Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ Дүниежүзі тарихы мен археология кафедрасының меңгерушісі. 

2005 ж. маусым – 2006 ж. маусым – Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ тәрбие жұмысы бойынша проректор.

2004 ж. шілде – 2005 ж. маусым – Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ ректорының кеңесшісі.

2004 наурыз – 2004 ж. шілде – .Н. Гумилев ат. ЕҰУ тарих кафедрасының меңгерушісі.

2003 ж. қазан – 2004 ж. наурыз – С. Торайғыров ат. ПМУ Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі.

1997 ж. мамыр – 2003 ж. қазан – Павлодар заң колледжінде (ҚР ІІМ) түрлі жауапты лауазымдарда қызмет (аға оқытушы, тілдік даярлау кафедрасы меңгерушісінің м.а., колледж бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары) атқарған. Арнайы атағы «әділет майоры».

1996 ж. қаңтар – 1997 ж. мамыр – «Дауа» газеті редакциясының тілшісі.

1994 ж. қыркүйек – 1996 ж. қаңтар – «Қайнар» университетінің (Павлодар филиалы) тарих пәні оқытушысы.

1994 ж. тамыз – 1994 ж. тамыз – Ш. Айманов атындағы кинотеатрда әдіскер.

1993 ж. ақпан – 1994 ж. мамыр – «Омбы үні» газеті редакциясында шолушы.

1991 ж. қазан – 1993 ж. ақпан – «Қазақ тілі» қоғамының Омбы бөлімшесі.

1984 ж. қаңтар – 1984 ж. мамыр – Омбы облысы Таврия ауданының Байдалин сегіз жылдық мектебінде орыс тілі мұғалімі.

Қоғамдық және ғылымижұмысы

Тұңғыш Дүниежүзілік «Жігіт сұлтаны» байқауының қатысушысы (1992 ж. мамыр, Алматы), Омбы қ. қазақ студенттік жерлестігінің жетекшісі (1989-1993 жж.).

«Отан тарихы», «edu.e-history.kz», «Түркістан хабаршысы» ғылыми журналдардың бас редакторы. Бірнеше ғылыми журналдардың редакциялық алқаларының мүшесі.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесінің мүшесі (2021).

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кулактарды, байларды, жартылай феодалдарды (орта шаруаларды) және шаруаларды оңалту жөніндегі қорытындылар мен ұсынымдарды зерделеу, дайындау жөніндегі жұмыс тобының басшысы (2021).

40-тан астам ғылыми жобаға қатысушысы және жетекшісі (2000–2020). Оның жетекшілігімен 5 кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды.

Марапаттар

2002 ж. – Әділет Министрінен Құрмет грамотасы.

2005 ж. – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаты.

2005 ж. – Ы. Алтынсарин ат. төсбелгі.

2005 ж. – ҚР Конституциясының 10-жылдығына медаль.

2007 ж. – «Қазақстан ЖОО үздік оқытушысы»

2007 ж. – Қазақстан Республикасының Ауғанстан соғысы ардагерлері одағының медалі.

2010 ж. – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтқаны үшін» Құрмет грамотасы, «ЕҰУ үздік деканы» (2010 ж.).

2019 ж. – «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі.

Ғылыми қызығушылықтары: қазақ диаспорасы мен ирреденттерінің қалыптасуы; Астана қаласының тарихы; XVIII – ХХ ғасыр басындағы Қазақстан тарихы; Қазақстанда ұлттық диаспоралардың қалыптасуы; Омбы Ертіс өңірінің қазақтары, т.б.

Еңбектер

ҚР БҒМ қолдауымен 500-ден астам ғылыми жарияланымның, 5 монография мен 7 оқу құралының авторы. ҚР БҒМ ұсынған 8, 9 және 11 сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» бойынша мектеп оқулықтарының авторы (2008, 2012, 2016, 2018, 2019, 2020 жж.).

Монографиялар:

XVIII ғ. екінші жартысындағы – XX ғ. Тобыл және Томск губернияларының қазақтары. – Павлодар, 2001. 293 б.

XVIII – XX ғғ. басында Ресей империясының ішкі губернияларының қазақтары (тарихи аспект). Павлодар, 2002. 232 б.

XVIII – XX ғ. басындағы Ресей қазақтары. – Алматы, 2009. 400 б.

Сұлтанмамет сұлтан: мемлекеттік қайраткер, дипломат және батыр. Алматы, 2018.

ҚР БҒМ ұсынған оқулықтар:

Қазақстан тарихы (XVIII ғ. – 1914 ж.). 8 (7) мектеп сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2018. 304 б.

Қазақстан тарихы (1900-1945). 9 (8) сыныбына арналған оқулық. Алматы, 2019. 234 б.

Қазақстан тарихы. 11 сыныпқа арналған оқулық. 2 бөлімде. Алматы, 2020. 320 б.

ҚР БҒМ ұсынған хрестоматиялар:

Қазақстан тарихы (XVIII ғ. – 1914 ж.). Жалпы білім беретін мектептің 8 (7) сыныбына арналған хрестоматия. Алматы: Атамұра, 2018. 130 б. 

Қазақстан тарихы (1900-1945). 9 (8) сыныбына арналған хрестоматия. Алматы, 2019. 126 б.

Қазақстан тарихы. 11 сыныпқа арналған оқулық. 2 бөлімде хрестоматия. Алматы, 2020. 143 б.

Өзі дайындаған немесе оның басшылығымен әзірленген оқулықтар мен энциклопедиялар:

 «Ақмола облысы Омбы уезінің қазақтары», «Қазақстандағы діндер: тарих және қазіргі заман», «Астана тарихы», «Қазақстан халқы: тарих және қазіргі заман», «Жастарға патриоттық тәрбие беру», «Олар қазақ жерін ғасырлар бойы дәріптеді», Қазақстан тарихы бойынша терминологиялық сөздік және т.б.

Тарихи терминдердің түсіндірме сөздігі. Астана, 2009. 320 б.

Жастарға патриоттық тәрбие беру. Жастар ұйымдарының тәжірибесі. Астана, 2011. 172 б.

Байдалин (Байтұяқ) ауылы: өткені мен бүгіні. Астана, 2014. 288 б.

Омбы Ертіс Өңірінің Қазақтары. Энциклопедия. 1 кітап. Омбы, 2015. 488 б. (құрастырушы, бас ғылыми кеңесшісі).

Астана тарихы. Астана, 2017. 344 б. (на 3- языках).

Олар қазақ жерін ғасырлар бойы дәріптеді. Оқу құралы. Жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқ-на қос.оқуға арналған кітап. – Астана: Шанырақ-Медиа, 2009. 388 б.

Қазақстанның тарихи энциклопедиясы. 3-томдық (2018-2020 жж.).

З.Е. Қабылдиновтың жетекшілігімен дайындалған архив құжаттарының жинақтары:

Алаш. Құжаттар жинағы. Алматы, 2018.

Орта жүздің сұлтандары мен батырлары. Құжаттар жинағы. Алматы, 2018.

Қазақ-ресей қарым-қатынастары тарихынан. Алматы, 2019.

XVIII ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Құжаттар жинағы. Алматы, 2019. 640 б.

«Өте құпия»: құпиясыздандырылған нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттар. Алматы, 2021.

1920-1930 жж. байлар, кулактар мен орта шаруаларды тәркілеу жөніндегі құжаттар мен материалдар және т.б. Алматы, 2021