Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Басшылық


Абдулина Ақсұңқар Тұрсынқызы


Аты-жөні: Абдулина Ақсұңқар Тұрсынқызы

Лауазымы, бөлімі: директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары, Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер

Ғылыми дәрежесі,атағы: тарих ғылымының кандидаты

Байланыс: e-mail: abd_aksunkar@mail.ru

Өмірбаяны

1968 жылы 11 қарашада Қазақ КСР-і Талдықорған облысы Талдықорған қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келді. 1973 жылдан бері Алматыда тұрады. 1985 жылы Алма-Ата қ. № 70 орта мектепті бітірді.

Білімі: жоғары

1985–1990 жж. – С.М. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыды. Мамандығы – тарих және қоғамтану оқытушысы(үздік дипломмен).

1993 – 1997 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірді.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында 07.00.07 – этнология және археология мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Жетісу ауыл-село тұрғындары арасындығы қазіргі кездегі этномәдени процесстер (этносоциологиялық зерттеу материалдары негізінде)» тақырыбында диссертациясын қорғады.

Еңбек өтілі: 

2021 ж. осы кезге дейін – Директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары м.а., Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі. 

2020–2021 жж. – Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі.

2019–2020 жж. – Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының ЖҒҚ. 

2018–2019 – «Тұран» университетінің доценті.

2013–2015 жылдары ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылым академиясы Ш.Ш. Уәлиханов Тарих және этнология институтының (бұдан әрі – Институт) этнология және антропология кафедрасында аға ғылыми қызметкер қызметін атқарды, 3 ғылыми жобаларға қатысып, 2013 жылы Қытай диаспорасын зерттеу үшін Қытайдың Шыңжаң Республикасына ғылыми экспедицияға қатысты.

2010 ж. бері Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының доценті, 2011 жылы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2008–2010 жж. – «Сымбат» сән академиясының аға оқытушысы.

2007–2008 жж. – ЖШС «Латон» фирмасы, іс жүргізуші, қосымша қызметкерлер бойынша менеджер.

2005–2006 жж. – Алматы құрылыс және менеджмент колледжі, лауазымы: Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, Адам және қоғам пәндерінің оқытушысы.

2006 ж. қазақ-желтоқсаны – «Делопроизводство в Казахстане» журналының авторлары мен жарнама берушілермен жұмыс бойынша редакторы.

2003–2006 жж. – ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі Ақпарат және архивтер комитетінің құжат жүргізу және архив ісі бойынша ғылыми-техникалық ақпарат орталығының директоры.

1998–2003 жж. – ҚР Орталық мемлекеттік архиві, лауазымы: жоғары категориялы архив маманы, жеке қорлар бөлімінің басшысы.

1997–1998 жж. – № 72 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі.

1996–1997 жж. – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің мәдениеттану пәнінің оқытушысі.

1990–1993 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ этнография және археология кафедрасында ассистент.

Марапаттары: 

2003 ж. – ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі архивтер мен құжаттама комитетінің Құрмет грамотасы;

2005 ж. – ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі архивтер мен құжаттама комитетінің алғыс хаты; 

2017 ж. – ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің қолымен Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы;

2019 ж. – Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры тарих ғылымдарының докторы, проф. З.Е. Қабылдиновтың алғыс хаты; 

2020 ж. – ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың қолы қойылған отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы;

2021 ж. – «Тұғырыл хан – Оң хан» корпоративтік қоры «Халық қалаулысы» медалімен марапатталды; «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мемлекеттік медалімен марапатталды.

Ғылыми қызығушылығы: этнология және этносоциология, тарихи демография, көші-қон үдерістері, ұлтаралық қатынастар, этномәдени және этноәлеуметтік үдерістер, қазіргі кезеңдегі отбасы және неке мәселелері.

Жарияланымдары: Оның отандық және әлемдік тарихтың, этнологияның, мұрағат ісінің, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің өмірі, халықаралық қатынастар мен әлемдік саясаттың 100-ден астам жарияланымдары бар.

10 жобада орындаушы ретінде қатысты, соның ішінде екі жобаның үйлестірушісі қызметін атқарды: жүзеге асырылған «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасын өзектендіру, ғылыми тұрғыдан таңдау және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша талдамалық зерттеу жасау» жобасының үйлестірушісі (2019); «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» жобасының үйлестірушісі (2021-2022); «Ұлы даланың ұлы есімдері» веб-порталына арналған контентті қалыптастыру және тарериалдар жинағының құрастырушысы болды.

Монографиялар:

1. Сариева Р.Х. Абдулина А.Т. Очерки по истории организации государственной архивной службы в Казахстане (1918-1945 гг.). – Алматы: Арыс, 2006. – 324 с.;

2. Абдулина А.Т.К истории архивного строительства в Казахстане (1918–1945). – Алматы: Эверо, 2020. – 300 с. (19 п.л.).

3. Сборник материалов «Великие имена Великой степи» (в рамках реализации проекта «Аналитическое исследование по актуализации, выработке научно-обоснованных критериев отбора и информационному сопровождению проекта «Великие имена Великой степи») / Ред. кол.:Кабульдинов З. Е. (гл.ред.), Абдулина А. Т. (отв.ред.) и др.– Алматы: Литера-М, 2019. – 640 с.

Оқу құралдары:

  1. История Казахстана в вопросах и ответах: учебно-методическое пособие для студентов высших учебных заведений. – Алматы: NURPRESS, 2016. – 312 с. (18,4 б.п.).
  2. История международных отношений в новое время: Сборник типовых тестовых вопросов для студентов специальности 5В020200 «Международные отношения» / Автор-составитель канд. ист. наук А.Т. Абдулина. – Алматы, 2017. – 190 с. (12 б.п.).
  3. Курс лекций по истории международных отношений в новейшее время (1917–начало 2010-хгг.): учебное пособие для студентов высших учебных заведений / А.Т. Абдулина. – Алматы: НурПресс, 2014. – 345 с. (20 б.п.).
  4. История международных отношений в новое время (1618–1917 гг.): учебное пособие для студентов высших заведений / А.Т. Абдулина. – Алматы: ТОО «Лантар Трейд», 2019. – 397 с. (25 б.п.).

Мақалалар мен баяндамалар:

  1. Абдулина А.Т. Этносоциология: история, предмет, методология и методы исследований // Сборник материалов Х Евразийского международного научного форума «Этносы и культуры Евразии: история и современность» (Астана,11октября 2013). – Астана, 2013. – С. 255-260 – 0,44 п.л.
  2. Абдулина А.Т. Состояние культурной и социальной инфраструктуры в Тарбагатайском аймаке СУАР КНР) // Сборник материалов Республиканской научно-практической конференции «Созидательный потенциал казахской диаспоры: история и современность» (Алматы, «Гылымордасы», 31октября 2013). – Алматы, 2013. – 0, 38 п.л. (в печати).
  3. Абдулина А.Т. Республика Казахстан и КНР: проблема трансграничных рек и совместного водопользования //Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Наследие Абылай-хана: взаимосвязь и преемственность идей» (Алматы, 10 декабря 2013 г.). – Алматы, 2013. – С. 452-455 – 0, 4 п.л.
  4. Абдулина А.Т. История становления этносоциологии в Казахстане // Отан тарихы. – 2013. –№ 3. – С. 129-136.
  5. Абдулина А.Т. Каспийская проблема: узел противоречий для прикаспийских государств // Сборник материалов международной научно-практической конференции, посвященной 75-летию д.п.н., проф. Шалтыкова А.И., «Таможенная политика и национальная безопасность» (Алматы, 25-26 апреля 2014 г). – Алматы, 2014. – С. 52-55. – 0,3 п.л.
  6. Абдулина А.Т., Сарбасова А.Б. Иранская ядерная проблема и события в Йемене 2015 года // XV Научные чтения молодых ученых, посвященные памяти выдающегося казахстанского востоковеда В.П. Юдина «Отечественная и зарубежная историография о казахской государственности» (г. Алматы, Институт востоковедения им. Р.Б. Сулейменова КН МОН РК, 12 мая 2014 г.). – 0,6 п.л.
  7. Абдулина А.Т. К историографии вопроса этносоциологических исследований в Казахстане // Вестник КазНУ. – С. 213–217. – 0,5 п.л.
  8. Абдулина А.Т. Марат Хасанаев и архивное дело Казахстана: к 70-летию со дня рождения // Международная научно-теоретическая конференция «Приоритетные направления модернизации интеграционных процессов Евразийского Экономического Сообщества»  (Алматы, 22 апреля 2016 г.). – Алматы, 2016. – С. 314-320. – 0,4 п.л.
  9. Абдулина А.Т. Популяризация сакральных памятников Казахстана – важная задача молодежной политики // Материалы международной научной конференции «Молодежная политика: будущее начинается сегодня» (Кызылординский ГУ им. Коркыт Ата,  г. Кызылорда, 13 марта 2019 г.). – Кызылорда, 2019. – С. 331-337 (0,4 п.л.).
  10. Абдулина А.Т. Документы Оренбургского архива социально-политической истории о проведении работы среди женщин-мусульманок в начале 1920-х годов // Вестник КазНУ. Серия историческая. – 2020. – № 3(98). – С. 132–138 (0,7 п.л.).
  11. Абдулина А.Т. К практике миссионерской деятельности Русской православной церкви в Семиречье // Отан тарихи. – 2021. – № 2. – С. 66–79.
  12. Абдулина А.Т. Воспоминания очевидцев о голоде 1930-х гг. в Казахстане: вопросы источниковедения и отражение повседневности // Отан тарихи. – 2021. – № 3. – С. 92-100.