Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Басшылық


Борбасов Сайын Молдағалиұлы


Аты-жөні: Борбасов Сайын Молдағалиұлы

Лауазымы: ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының кеңесшісі.

Ғылыми дәрежесі, атағы: тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы, профессор.

Байланыс мәліметтері: e-mail: Borbasov54@mаil.ru.

Өмірбаяны: 1954 жылы 3 науырызда Шығыс Қазақстан облысының Аякөз ауданының Мыңбұлақ ауылында туылған.

Білімі:жоғары.

1961-1971 жж. Мыңбұлақ орта мектебінде білім алған.

1971-1976 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыды.

Борбасов С.М. аспирантура бітіріп, 1983 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады. 1999 жылы «Посттоталитарлық Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

Жұмыс тәжірибесі:

1976-2000 жж. Семей педагогикалық институтында оқытушылық, аға оқытушылық, доценттік қызметтер атқарды.

1985-1996 жж. 11 жылдан астам «Қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі болды. Пединститут университет болып қайта құрылғаннан кейін 1997-2000 жылдары Семей мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетінің деканы болды.

2001-2007 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-де қызмет етті.

2007-2012 жж. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде қызмет жасады.

2012-2017 жж. «Қоғамдық пәндер» кафедрасы меңгерушілігінен О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты директорлығы қызметін атқарды.

2017-2018 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-ға ауысып, жоба офисінің жетекшісі болды.

2018 – қазіргі уақытта Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында қызмет атқаруда. Қазір Институт директорының кеңесшісі.

С.М. Борбасов төмендегідей мемлекеттік марапаттар иегері:

«Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері»  (1991ж.);

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2003ж.);

«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2008ж.);

«Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы» (2011ж.);

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.).

Ғылыми қызығушылықтары: ғылыми еңбектері тарих, қазіргі саяси билік, этносаясат, конфликтология, халықаралық қатынастар мен әлемдік саясатқа қатысты. Саяси ойды жаңартудың қоғамдағы саяси шындықты танудағы және модернизациялаудағы маңызы ғалым зерттеулерінің негізгі арқауы болып табылады. Жобаны жүеге асыру бойынша тәжірибесі бар: «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық басылымын жеті томдық етіп әзірлеу» нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру жобасының 6-томының жетекшісі. 

Қоғамдық қайраткер дәрежесіне көтеріліп қалалық, республикалық көлеміндегі қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысуда. Ол бірнеше жыл Алматы қалалық әкімшілігінің ономастикалық комиссиясының мүшесі болды. Қалалық әкімшіліктің ішкі істер бөлімінің тапсырмаларын үнемі орындайды. Президенттің халыққа әр жылға Жолдауларын насихаттауға, қоғамдық-саяси өмірге қатысты телехабарлар, радиохабарлар ұйымдастыруда аса үлкен жұмыстар жүргізіп келеді. 

Жарияланымдары: 4 монографиялық зерттеуі, 3 оқу құралы, 200-ден астам мақалалары жарияланған.  

1995 жылы жарық көрген «Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты» атты монографиясында ғалым Қазақстанның саяси ғылымында тұңғыш рет Кеңес дәуірінің дағдарыс себептеріне талдау жасай келе оның елдегі ұлттық дамуға еткен зиянды әсерлерін көрсетеді.

1999 жылы «Посттоталитарлық Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты» тақырыбына докторлық диссертациясында автор елдің саяси, экономикалық, экологиялық қауіпсіздіктерін нығайту жолдарын сараптай келе осы факторлардың этникалық қатынастарды жетілдірудегі және өркениеттендірудегі орны мен рөліне баға берді. Зерттеуде мемлекеттік тілді қоғамдық қатынастарда пайдалануды күшейтудің нақты жолдары көрсетіледі.

Борбасов С.М. Қазақстандағы билік жүйесін жетілдіру, елді дамытудың барысында іске асырылатын негізгі құндылықтар мәселелерін 2000 жылы жарияланған «Тәуелсіздік танымы» монографиясында зерттейді. 2011 жылы жарияланған «Қазіргі саяси процестер» атты оқу құралында  автордың қазіргі әлемдік қайшылықтардың негізгі көздері Ирак, Ауғанстан сабақтарына және қазіргі терроризм табиғатына арналған еңбектеріндегі пікірлер мен ойлардың саяси ғылым мен саяси сананы дамытуда өзіндік орны бар. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында ғалымның 100 ден астам мақалалары  енді. Қазақстандағы демократиялық үрдістер дамуы, әлемдік қатынастардағы Қазқстанның орны мен рөлі туралы, билік жүйесін жетілдіру, елді дамытудың барысында іске асырылатын негізгі құндылықтар мәселелерін 2019 жылы жарияланған  «Қазіргі жаһандық үрдістер тарихы және әлемдік саясат» монографиясында зерттеді.

С.М. Борбасовтың негізгі жарияланымдары туралы мәліметтер:

  1. Борбасов С.М. Саясат табиғаты. // Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические поездки. 2017. №2. С. 100-104.  (БҒССҚК).
  2. Борбасов С.М. Қазіргі жаһандық үрдістер тарихы және әлемдік саясат. – Монография. Алматы: Айтұмар, 2019. – 232 б.
  3. Борбасов С.М., Тоқтабай А.У., Шакенұлы Ж. Қожаберген батыр Жәнібекұлы. – Монография. Алматы: Palitra Press, 2020. – 428 б.
  4. Борбасов С.М. Қазақ ұлттық этнографиялық келбетінің айнасы. «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі». 5 томдық энциклопедия. Сын-пікір. «edu.e-history.kz» халықаралық электрондық ғылыми журналы. 2020. №1 (сәуір-маусым).
  5. Борбасов С.М.,  Жунусова Б.Н.  Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы  басымдықтары: қазіргі жағдайы және негізгі мәселелері. // «Отан тарихы» ғылыми журналы. 2021. №4. 191-203 б. (БҒССҚК).
  6. Борбасов С.М. Духовное наследие лидеров партии «Алаш» в контексте формирования идеи казахской государственности. // «edu.e-history.kz» халықаралық электрондық ғылыми журналы. 2020. №2 (июль-сентябрь). (БҒССҚК).
  7. Борбасов С.М. Оспан Ісләмұлы. Өмірі мен күрес жолы. – Монография. Алматы: ЖШС «Литер-М» баспасы, 2022. – 379 б. 

2018, 2019,2020,2021 жылдарда жариялаған еңбектерінің  тізімі:

1.АҚШ – еліміздің  стратегиялық серіктесі // Егемен Қазақстан. 4 қаңтар, 2018  ж.

2.Ауғанстанға тыныштық керек // Егемен Қазақстан. 29 қаңтар, 2018 ж.

3.Транзитті әлеуетті тиімді пайдалану қажет// Егемен Қазақстан. 7 наурыз, 2018 ж.

4.Долгорочный проект.// Вечерняя Алматы. 12 апреля, 2018 г.

5.Жалпыадамзаттық құндылықтар әлемі//Егемен Қазақстан. 4 маусым, 2018 ж.

6.Рухани жаңғыру – зәрулік. В сб.Актуальные вопросы развития методики преподавания истории и гуманитарных дисциплин на современном этапе развития казахстанского образование: Материалы республиканской научно-практической конференции. 10 апреля 2018 г. Алматы: Каз НПУ. 2018.-с.4-5.

7.Личность Темирбека Жургенова в истории и культуре Казахстна.// Модернизация образования,культуры и искусства Казахстана и Центральной Азии,как  уникальный опыт трансформации национального сознания, посвященный 120 летию Т.К.Жургенова. Алматы, 1-2 ноября 2018 г. с.18-19.

8.Саясат феномен..// Айқап.№1. 2018.15-20 б. 

9.Астана – халықаралық келісімдер алаңы.// «Астана, Президент, Тәуелсіздік» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Түркістан,2018.68-74 беттер.

10.Қазақстан Елбасы арқылы әлемге танылды.//Айқын. 1 желтоқсан, 2018 ж.

11.Президенттік биліктің тиімділігі.//Алматы ақшамы 20 қараша, 2018 ж.

12.Халықаралық бедел және сыртқы саясат.//Егемен Қазақстан. 5 қараша2018 ж.

13.Қазақ  ұлтына мәдени жаңару алып келді.// Алматы ақшамы.8 желтоқсан, 2018 ж. 5 б.

14.Бес  милиллиондай адамның өмірін құтқарып қалды (Ангела Меркель туралы)  //Аңыз адам. № 16. 2018. 25 б.

15.Қазақстан стратегиялық ойыншыға айналуы керек // Заң.14 желтоқсан.2018.

16.1986 жылғы  Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінің Семейдегі жаңғырығы.: Алматы. 1986 .Желтоқсан. Айғақ-кітап 12 том. Құрастырушы Т.Айтбайұлы. Алматы, «Толғанай Т».2018.398 б. 243-256 бб.

17.Ұлт тарихы туралы толғаныс// Егемен Қазақстан. 17 қаңтар, 2019.

18.Д.Қонаев – саяси көшбасшы. Материалы международной научно-практической конференции « Академик Д.А. Қонаев» в рамках  программы «Великие люди великой степи» по статье Первого Президента РК, Елбасы «Семь граней великой степи» .- Алматы, 2019. С.45-57.

19. Бізде кездейсоқ адамдар сайлауда жеңіске жете алмайды // Заң. 2019.23 сәуір.

20. Духовное наследие лидера партии « Алаш» А.Бокейхана в контексте формирования идеи казахской государственности. В кн.; Исторический ежегодник (труды ученых ИИиЭ) А.,2019.-с.-37-44.

21.Ғылымды қаржыландыру маңызды мәселе// Егемен Қазақстан .2019. 19 тамыз. 8 бет.

22.Қазақ мемлекеттілігі және Алашорда. Ұжымдық монография.- Алматы: «Литра-М», 2018.-720 б./ 714-717/.

23. Қазақстан тарихы. Энциклопедия. Алматы: «Литра-М», 2019.-848 б.- /91-92,

24.Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын топтастырушы. «Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі қазіргі әлемдік феномен ретінде» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы,2019.-380 б. /45-53/

25.Тәуелсіздік- тәңір сыиы. //Алматы ақшамы 2019. 12 желтоқсан.17 26.Зейнетақы жүйесінің тиімділігі қандай.//Заң.2019. 6 қыркүйек.1б.

27.Оспан батыр (1899-1951). В кн.:Великие имена Великой степи.Сб. материалов.-Алматы: Литера-М,2019.-640 с.(431 

28.Әл-Фараби танымындағы қалалар//Алматы ақшамы.2020.6 ақпан.8-9

29. Магжан Жумабаев (1893-1938) / Великие имена Великой степи. Сб.материалов. Алматы: Литера-М, 2019. – С. 495 – 496.

30.Қазақ ұлттының этнографиялық келбетінің айнасы. «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының  дәстүрлі жүйесі» 5 томдық энц./ Ғыл. ред. және жоба жетекшісі Н.Әлімбай.-Алматы: « Әлем Даму Интеграция»ЖШС,2018/. Сын-пікір.// Электронный научный журнал « edu. E-histori. kz» № 1, 2020.с.1/5-5/5.

31.Politics as a phenomenon. В кн.: Исторический ежегодник. Сб. трудов ученых ИИиЭ им.Ч.Валиханова.-Алматы,2020.-340 с.(172-176)

32.Қазақстан Республикасы.- Қазақстан тарихы.Энциклопедия. 2 т.Алматы: «Литера М»,2019.-862 б.(473-498)

33.Қ.К.Тоқаев; Оспан батыр;Ұлттық келісім.-Қазақстан тарихы.Энциклопедия. 3 т. Алматы: «Литера М»,2020.-823 б.(195-196; 487-489;591-592)

34.Қожаберген батыр Жәнібекұлы. Монография. Алматы:Planeta Press,2020.-416 б.

35.Қазіргі жаһандық үрдістер тарихы және әлемдік саясат.Монграфия.Алматы: Қаз ҰАУ,2019.-238 б.

36.Оспан батыр – ұлтжандылық үлгісі. «Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясындағы Отан тарихындағы тұлғаның рөлі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы. Алматы қ. 19 қараша 2019 ж. 470 б. (36-40).

37.Отбасының құлдырауы әлеуметтік теңдікті әлсіретті// Заң.2021.23 ақпан.5 б.

38.Алашшыл Семейдегі «кіші» Желтоқсан//Қазақстан дәуірі.2021.8 сәуір.7 б.; 15 сәуір. 10 б.

39.Қызыл террор қасіреті // Астана ақшамы.2021. 25 мамыр. 8 б.

40.Әлмерек-қолбасшы,би,абыз.//Электрондық ғылыми журнал «Түркістан хабаршысы». 2021 № 1.

41.Қазақ кітапханасы// Қазақ әдебиеті.2021. 30 шілде.10-11 б.

42.Тарихи шындыққа зәрулік//Егемен Қазақстан.2021.5 қараша.7.б.

43.Билік халыққа қалтқысыз қызмет еткенде мемлекет дамиды// Заң.2021.14 желтоқсан.6б.

44.Ауғанстан бұлғағы: Діни радикализм қаупінен қалай қорғанамыз//Қазақ әдебиеті.2021.13 тамыз.

45.Ықпалды парламент.Ол қандай болуы керек.//Ақиқат.2020.№5.54-65 бб.

46.Духовное наследие лидеров партии «Алаш» в контексте формирования идей казахской госдарственности// ‘’ edu.e-histori“ 2021.№2.

47. «Сарыарқа» газеті қазақ қауымын демократиялық ел болу жолындағы күреске бастаушы// «edu.e-histori» 2022.№1.

48.Оспан батыр Ісләмұлы: өмірі мен қызметі.Монография. 410 б./ Баспаға тапсырылған/

49.  «Қаңтар қасіретінің» сабақтары // Қазақ әдебиеті.2022. 11 наурыз.1,6-7 бб.

50.Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы басымдылықтары: Қазіргі жағдайы және негізгі мәселелері // Отан тарихы.2021 №4.191-203 бб.