Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің зерттеу жұмыстары мен қызметінің негізгі бағыттары


Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Бөлімде жүргізілетін зерттеулердің жалпы тақырыбы XVIII – XX ғғ. басындағы зерттеу кезеңін қамтиды. Бөлімнің негізгі міндеттері:

– жаңа дәуір кезеңіндегі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша кешенді зерттеулер әзірлеу;

– революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстан аумағындағы әлеуметтік-саяси үрдістерді зерттеу;

– ұлт-азаттық күрестер, көтерілістер мен соғыстардың рөлі мен маңызын зерттеу және бағалау;

– кешенді, іргелі және қолданбалы жобаларды іске асыру;

– қорытынды ұжымдық еңбектерді, монографияларды, құжаттар жинақтарын және т.б. еңбектерді басып шығару;- кадр резервін дайындау.