Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің зерттеу жұмыстары мен қызметінің негізгі бағыттары


Қазақстан және іргелес елдердің ежелгі және ортағасырлардағы тарихы Бөлімі  Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ең көне және жетекші құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Бөлім қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты Қазақстан аумағындағы және оған іргелес аймақтардағы қазақ халқының және мемлекеттік бірлестіктерінің ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының негізгі тақырыптары:

– бағдарламалық-мақсатты және гранттық қаржыландыру шеңберінде іргелі, теориялық және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру;

– Қазақстанның көне және ортағасырлық тарихын зерттеуде деректану, тарихнамалық, кешенді, пәнаралық және өзекті бағыттарды дамыту;

– Ұлы Дала өркениетін жалпы тарихи үдерістер аясында ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу;

– кадрларды даярлау.

Бөлім ұжымының қазіргі кезеңдегі стратегиялық ғылыми-зерттеу бағыттары: «Көне дәуірден бүгінгі қазіргі кезеңге дейінгі Қазақстан тарихы» атты мақсатты бағдарламаны іске асыру шеңберінде Ұлы даланың тарихы, деректану, өркениеті мен мәдениеті, түркі дәуіріндегі Қазақстан тарихы бойынша академиялық басылым дайындау.