Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі


Аты-жөні: ҚАИПБАЕВА АЙНАГҮЛ ТОЛҒАНБАЙҚЫЗЫ

Қызметі: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер

Ғылыми дәрежесі, атағы: тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Байланыс мәліметтері: aina__78@mail.ru

Өмірбаяны

1978 жылы 19 қаңтарда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепті үздік аяқтады. 1995 жылдан Алматы қаласында тұрады.

Білімі: жоғары

1995-1999 жж. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында «Тарих және құқық» мамандығы бойынша білім алып, үздік дипломмен аяқтаған. (Диплом ЖВ № 0008693)

Ғылыми дәрежесі:2005 ж. (мамандық шифры 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) кандидаттық диссертация қорғаған. 2006 ж. 26 наурызда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен (№5 хаттама) тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды (Диплом КН №0001168), диссертация тақырыбы: «Ілияс Омаровтың өмірі мен мемлекеттік-қоғамдық қызметі (1912-1970 ж.ж.)».

2017 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен (№1077 бұйрық) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді (Диплом № 0000284)

Кәсіби тәжірибесі: 

2019 ж. 15 шілдеден бүгінге дейін ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология интитутының жетекші ғылыми қызметкері, Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі (2021 жылдан), ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қадағалау тізбесіне енгізілген электрондық ғылыми басылым – халықаралық «edu.e-history.kz» журналының жауапты редакторы. 

2004-2005 оқу жылынан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты Қазақстан тарихы кафедрасында аға оқытушы ретінде қабылданып үздіксіз педагогтік қызметін жалғастырып, 2013-2019 жылдың шілде айына дейін Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасында кафедра меңгерушісі.

2000-2004 жж. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты Дайындық бөлімінің (диаспора) Жалпы білім беру кафедрасында оқытушы және 2001-2004 жж. деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1999-2000 оқу жылы аталған институттың (2008 ж. бастап университет, 2018 жылдан Ұлттық университет мәртебесіне ие болды) Қазақстан тарихы кафедрасында стажер-ізденуші.

Ынталандыру:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында жетістіктері мен біліміне қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 2011 ж.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін “Құрмет белгісі” мерейтойлық медалімен марапатталған. 2014 жылғы 2 қыркүйектегі №121 куәлік

Ғылыми бағыты: тұлғатану; ХХ ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени жағдайы.

4 ғылыми жобаның орындаушысы болды, оның ішінде “ХХ ғ. 20-30 жж. дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім беру және ағарту жүйесі” жобасының жетекшісі.

Жарияланымдар:

70-тен астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың (соның ішінде Scopus және Thompson Reuters базасында 4 мақала), 2 оқулық пен 4 оқу құралының, 2 монографияның (оның ішінде 1 ұжымдық монографияның соавторы).

Мақалалар және баяндамалар:

1. Kaipbayeva A. Influence of Migration Processes on Changing in the Ethnic Composition of the Population of Kazakhstan (End of the XIX – End of the XX Centuries). // Man In India, 97 (2): (Scopus). 47-64. 2017 (coauthors – Kudaibergenova A., Zhugenbayeva G., Apendiyev T., Chatybekova K., Bissembayeva L., Zhumadil A., and Suleymenova K.)

2. Kaipbayeva A. Pre-Revolutionary Historiography of the System of Public Education of Kazakh in the 19th – beginning of the 20th centuries. // Bylye Gody. 2022. 17(1): 145-156. (Scopus). (coauthors – Orazgul Kh. Mukhatova, Ziyabek Y. Kabuldinov, and Makhabbat M. Kozybayeva) DOI 10.13187/bg.2022.1.145 (90 процентиль) (Scopus) 3. Қаипбаева А.Т., Қазақстандағы ілім-білім мен медреселер. // Қазақ тарихы, 2016 ж. – № 4. – 27-29 бб. (соавторы – Берлібаев Е.Т.)

4. Қаипбаева А.Т. «Мәңгілік ел» идеясы және тарихи сабақтастық. // Қазақ тарихы, №2 (149), 2017. – 22-23 бб.

5. Қаипбаева А.Т.ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ тіліне аударылған кітаптар. // Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршы «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы. №2 (53), 2017. 204-209 бб. (соавторы – Саркулова С.Д.)

6. Қаипбаева А.Т.Рухани жаңғыру сабақтастығы: Мәншүк ғұмырнамасын зерделеу мәселесі. // Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы. №1(56), 2018ж. 365-370 бб. (соавторы – Тулентаева К.Ә.) 

7. Қаипбаева А.Т. Отарлық саясат жағдайындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс (1836-1838 жж.). // Отан тарихы, 2019. – №2 (86). – 115-127 бб. 

8. Қаипбаева А.Т. Қазақ қоғамындағы руханияттың дамуындағы парасаттылық пен данышпандықтың көріністері. // Қазақ тарихы; 2019. – №4.

9. Қаипбаева А.Т. Тарихи зерттеулердегі Сырым Датұлының тұлғалық бейнесі. // Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршы «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы. 2019 ж. №6. 250-256 бб.

10.Қаипбаева А.Т. Ілияс Омаров және ұлттық мәдени мұра. // «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы, 2019. – № 1(17). 

11. Қаипбаева А.Т. Қазақстандағы зайырлы білім мен ағарту жүйесі мәселесінің зерттелуі хақында (ХХ ғ. 20-30 жж.). // «Қозыбаев оқулары – 2020: қазақстандық ғылым дамуының басым бағыттары, заманауи жетістіктері мен инновациялары» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы жинағы. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті. – Петропавл, 2020. – 122-125 бб. 

12. Қаипбаева А.Т. ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы зайырлы білім беру ісі: ұлт қайраткерлерінің қызметі. // Қазақ тарихы. – 2020. – №12. – 71-73 бб. (соавтор – Нурмухамбетов А.А.) (ҚР БҒМ БҒССҚК)

11. Қаипбаева А.Т. Из истории деятельности общества «Талап» // Тенденции развития науки и образования. – Самара: Изд. НИЦ «Л-Журнал», 2021. – Май. Часть 8. – №73. – С. 162-168 (соавтор – Курманалина Н.Н.) (РИНЦ)

12. Қаипбаева А.Т. Қазақ халық ағарту институты және оның қызметі. // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. – 2021. –№1 (93). – 15-28 бб. (соавтор – Мұхатова О.Х.) (ҚР БҒМБҒССҚК)

13. Қаипбаева А.Т. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы зайырлы білім мен ағарту жүйесі: зерттеудің әдістемелік негіздері мәселесі. // Көрнекті тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы және ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Академик М.Қ. Қозыбаев және отандық тарихтың заманауи тұжырымдалуы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы материалдарының жинағы. ҚР ҰҒА, Ш.Ш. Уәлиханов ат. ТжЭИ. – Алматы, 2021. 16 қараша. – 114-118 бб.

14.Қаипбаева А.Т. Ілияс Омаров– мемлекет және қоғам қайраткері (1912-1970 ж.). – Алматы: Қазақ университеті, 2020. – 180 б. ISBN 978-601-04-4700-4 (Монография)