Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

27 айға гранттық қаржыландыру жобалары. (2020-2022)


Кеңес үкіметінің алғашқы ширегіндегі қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен мәдениеті: инерциялық дамуы, күйреуі және салдары (тарихи-этнологиялық зерттеу)


Жобаның жетекшісіОрынбаева Г.У.

ИРН: AP08857659

Жоба тақырыбының атауы: «Кеңес үкіметінің алғашқы ширегіндегі қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен мәдениеті: инерциялық дамуы, күйреуі және салдары (тарихи-этнологиялық зерттеу)»

Өтінім берілетін ғылымды дамытудың басым бағытының атауы: 6. «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)

Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы, зерттеудің түрі: 6.3. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеулер: 6.3.5 Ұлы даланың Жеті қыры: мұра және тарихи қоғамның рухани жаңғыруы

Жобаның басталатын және аяқталатын болжамды күні, оның айлармен көрсетілген ұзақтығы: 1 қазан 2020 – 31 желтоқсан 2022; 27 ай.

Өзектілігі. Қазақстанның қазіргі этнология ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі Кеңес үкіметінің алғашқы ширегіндегі қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен мәдениетінің трансформациялануын зерттеу болып табылады. Көшпелі-қазақтардың тұрмысы жайында, оның уақытша кезеңдердегі болып жатқан өзгерістері туралы әлі күнге дейін ешқандай зерттеулер жоқ деуге болады. Кеңестік модернизация саясаты екі-үш он жылдық ішінде халықтың мәдени бет-бейнесін мүлде өзгертіп жіберді. Қарастырылып отырған халық тарихының қиын кезеңіне арналған зерттеуге әлеуметтік сұраныс халық арасында, әсіресе, ғылыми және шығармашылық интеллигенция арасында әдетте жоғары. Халықтың бет-бейнесіне, оның кейінгі шаруашылығындағы, әлеуметтік қарым-қатынастар мен мәдениетіндегі өзгерістерге ұжымдастыру, күштеп отырықшыландыру және ашаршылықтың әсері жайлы тақырыпты зерттеу қажеттілігі ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдар бетінде жазылып келеді. Ол дегеніміз тарихи және ұлттық сананың айтарлықтай жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері қоғамдық сананың бұдан кейінгі гумандануына, қоғам өмірінде рухани-адамгершілік ұстанымдардың нығаюына қызмет етуі қажет.

Жобаның мақсаты. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдықтарында (1920–1930 жж.) мәдениетті дамыту процесін зерттеу болып табылады,  ұлттық мәдениеттері  артта қалған деп жою міндетін қойған волюнтаристік модернистік ұмтылыстарға ие болды. Соның нәтижесінде қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының, сондай-ақ кейіннен жаңа тоталитарлық режимге, жағдайларға бейімделуге мәжбүр болған мәдениеттің бұзылуы орын алды.

Зерттеу нәтижесінде мынадай жарияланымдар болады:

– Web of Science базасында 1 (бірінші), немесе 2 (екінші), немесе 3 (үшінші) квартиліне енетін және (немесе) Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында cite Score бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2  (екі) мақала шығады;

– 4 (төрт) ғылыми мақала БҒСБК ұсынған отандық журналдарда (шамамен: «Отан тарихы», «edu-history.kz» «Ә. Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы», «Абай атындағыҚазҰПУ Хабаршысы», «Қазақ тарихы» және т.б.) жарияланады;

– Зерттеу нәтижесі 15 басылымдық беттен тұратын көлемді ұжымдық монография болмақ, оның мазмұны іске асырылған жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін иллюстрацияланған басылым болып табылады.

Ұжымдық монографияның тараулары ғылыми журналдарда, ғылыми конференцияларда, шетелдек басылымдарда мақала түрінде нәтижелері жарияланып келеді:

2020 ж.

Шетелдегі ғылыми жарияланым

  1. Турганбаева Л.Р. К проблеме изучения объемно-планировочной структуры традиционного казахского поселения // Вестник Омского университета. Серия «Исторические науки». – 2020. – Т. 7. – № 3 (27). – С. 104–111. (входит в БД РИНЦ)

БҒСБК ұсынған отандық журналда шыққан мақала

  1. Орынбаева Г.У. Хозяйство и быт казахов в первое десятилетие советской власти (по исследованиям 20-х гг. XX в.) // Отан тарихы. – 2020. – № 4. (в печати).

БАҚ-тағы жарияланымдар

  1. Каратаев А. От полуоседлости до коллективизации (интервью С.Е. Ажигали) // Актюбинский вестник. – 2020. – 19 ноября.
  2. Каратаев А. От полуоседлости до коллективизации (интервью С.Е. Ажигали) // Казахстанская правда. – 2020. – 26 ноября.

Дөңгелек үстелде оқылған баяндамалар

  1. Ажигали С.Е. «Культово-жилищные комплексы казахов 1-й трети ХХ в.: кульминация развития, регресс и запустение (по материалам Североустюртской зоны)» // Республиканский круглый стол на тему: «Судьбы традиционной казахской культуры и этноса в первые десятилетия советской власти» (17 ноября 2020 г.).
  2. Абылхожин Ж.Б. Основные этапы разрушения традиционного хозяйства казахов (начало XX-го – середина XX века ) // Республиканский круглый стол на тему: «Судьбы традиционной казахской культуры и этноса в первые десятилетия советской власти» (17 ноября 2020 г.).
  3. Алимбай Н. Основные направления в развитии исторической мысли Казахстана в 20-х – 30-х гг. XX в. // Республиканский круглый стол на тему: «Судьбы традиционной казахской культуры и этноса в первые десятилетия советской власти» (17 ноября 2020 г.).
  4. Турганбаева Л.Р. Организация жизненного пространства казахов в экстремальных условиях // Республиканский круглый стол на тему: «Судьбы традиционной казахской культуры и этноса в первые десятилетия советской власти» (17 ноября 2020 г.).
  5. Жумадил А.К. Трагические последствия большевистской модернизации сознания // Республиканский круглый стол на тему: «Судьбы традиционной казахской культуры и этноса в первые десятилетия советской власти» (17 ноября 2020 г.).
  6. Орынбаева Г.У. О целях и задачах грантового проекта «Традиционное хозяйство и культура казахов в первые десятилетия советской власти: инерционное развитие, разрушение и последствия (историко-этнологическое исследование)» // Республиканский круглый стол на тему: «Судьбы традиционной казахской культуры и этноса в первые десятилетия советской власти» (17 ноября 2020 г.).

2021 ж.

Web of Science базасында енетін және (немесе) Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдағы мақала

  1. Ажигали С.Е., Турганбаева Л.Р. Культово-жилищный комплекс Кайнар на Северном Устюрте 2-й половины XVIII – начала ХХ вв. как историко-культурный и архитектурный памятник // Археология, этнография и антропология Евразии (г. Новосибирск). 2021. №4. (Баспада).

            БҒСБК ұсынған отандық журналдарда шыққан мақалалар

  1. Ажигали С.Е., Орынбаева Г.У. О научном наследии востоковеда, библиографа и этнографа Нигмета Сабитова и увековечении его памяти: конференция к 125-летию ученого // Отан тарихы. 2021. № 1. С. 201–210.
  2. Әжіғали С.Е., Әшім Б.Ә. Доңызтаудың Беспай және Изенағаш діни-тұрғын кешендеріндегі мешіттердің ерекшелігі // Отан тарихы. 2021. № 1. 169–179 бб.
  3. Орынбаева Г.У. Казахский аул и советская модернизация: традиционная культура в преддверии гибели // Отан тарихы. № 4. (Баспада).

          Шетелдегі ғылыми жарияланым

  1. Abylkhozhin, Zhulduzbek. Stalinist Anti-Peasant Repression Policy and Its Implementation in Kazakhstan (Late 1920s – Early 1930s) // Zhulduzbek Abylkhozhin, Mikhail Akulov, Alexandra Tsay (Eds.). Stalinism in Kazakhstan: History, Memory, and Representation. Lanham, MD: Lexington Books, 2021. 202 pp. 29 – 66 pp.

Халықаралық конференцияның ғылыми жинағында шыққан мақала

  1. Орынбаева Г.У. О некоторых подходах к изучению генеонимии Евразии (на примере рода катаган) // Этнопространство Западной Сибири: современная языковая ситуация. Сборник тезисов докладов Международного научного форума (22 октября 2021 г., г. Тобольск). Киров: Изд-во МЦИТО, 2021. С. 24 – 29.

          БАҚ-тағы жарияланымдар

  1. Орынбаева Г.У. Про красные караваны // Прикаспийская коммуна. 2021. 27 апреля. С. 7.
  2. Орынбаева Г.У. История болезни // Вечерний Алматы. 20 мая. С. 19.
  3. Орынбаева Г.У. Геноцид народной культуры // Прикаспийская коммуна. 1 июня. С. 2.

Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйлеу

  1. Абылхожин Ж.Б. Методологические и концептуальные проблемы аграрной истории Казахстана // Международная научно-практическая конференция «Актуальные проблемы аграрной истории Казахстана в советский период: власть и общество» (25 мая 2021 г., Алматы).
  2. Турганбаева Л.Р. К изучению культового зодчества Южного Казахстана // Республиканская научно-практическая конференция «Проблемы этнической истории Южного Казахстана в контексте изучения этносоциальной структуры и традиционной культуры казахов» (20 мая 2021 г., г. Алматы).
  3. Орынбаева Г.У. Из истории катаганов // Республиканская научно-практическая конференция «Проблемы этнической истории Южного Казахстана в контексте изучения этносоциальной структуры и традиционной культуры казахов» (20 мая 2021 г., г. Алматы).
  4. Орынбаева Г.У. Практические принципы этнографических исследований в западной социокультурной антропологии // Летняя школа «Письменные и визуальные исторические источники по истории и культуре Центральной Азии: состояние и перспективы изучения», посвященная памяти известного востоковеда Вениамина Петровича Юдина (18 июня 2021 г., г. Алматы).
  5. Орынбаева Г.У. О некоторых подходах к изучению генеонимии Евразии (на примере рода катаган) // Международный научный форум «Этнопространство Западной Сибири: современная языковая ситуация» (22 октября 2021 г., г. Тобольск).

Зерттеу тобының мүшелері:

Орынбаева Гүлмира Үсенбайқызы – жобаның ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі.

Түйіндеме. Тарихи-шаруашылық, тарихи-мәдени мәселенаманы, этномәдениеттегі ғылыми тақырыптардың әртүрлі мәселелерін зерттеумен айналысады: дәстүрлі шаруашылық тарихы, халық тарихы, этнографиялық деректану және т.б.Орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жарияланған 70-тен аса ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстың авторы. Автордың мақалалары Ресейде, Қытайда, Моңғолияда, Румынияда шыққан, соның ішінде рецензияланған журналдарда да жарияланған.

Жобадағы атқаратын жұмысы: жобаға жетекшілік ету, зерттеудің құрылымын және концепциясын әзірлеу; экспедицияны ұйымдастыру; далалық және архив материалдарын жинау; дәстүрлі шаруашылықтың дамуы, колхоздардың орнауы және т.б. тақырыптарға қатысты тараулар жазу.

Әжіғали Серік Ескендірұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Түйіндеме. Қазақ халқының этнографиясы, мәдениеті және тарихы бойынша белгілі маман. 45-тен астам кешенді экспедиция ұйымдастырған. Өзінің зерттеулеріндеқазақ қоғамы және оның дәстүрлі кезеңдегі соңғы мәдениеттен (XIX ғ. соңы – ХХ ғ. алғашқы онжылдығы) кеңестік ұжымдастыруға дейінгі мәселелердің жай-жапсарлары қарастырылған. ХХ ғ. бірінші онжылдығындағы этностың тарихы мен мәдениетіне қатысты діни-тұрғын кешендерін, Қазақстанның аридттік аймақтарындағы мемориалдық-культтік ескерткіштерін, қазақтың малшаруашылығының қоныс жүйелерін және т.б. көптеген мәселелерді зерттейді. 550-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде 22-сі жеке басылым.

Жобадағы атқаратын жұмысы: зерттеудің құрылымы мен концепциясын дайындауға қатысу, экспедиция ұйымдастыру, далалық және архив материалдарын жинау, көрсетілген кезеңдегі қазақтардың діни-тұрғын кешендеріне, қоныс жүйелеріне қатысты тараулар жазу.

Әбілхожин Жұлдызбек Бекмұхамедұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Түйіндеме. Қазақстанның XX ғ. әлеуметтік-экономикалық, аграрлық мәселелері бойынша Қазақстанда және шетелдік зерттеушілер арасында танымал маман. 12 монографиялық зерттеулердің (бір бөлігі авторлық бірлестікте) және 150-ден астам ғылыми мақалалардың авторы, оның ішінде шетелдерде де жарияланған (Жапония, Италия, Франция, Германия, Швеция, АҚШ, Түркия, Ресей және т.б.).

Жобадағы атқаратын жұмысы: зерттеудің құрылымы мен концепциясын дайындауға қатысу, көрсетілген кезеңдегі қазақ қоғамының және шаруашылықтың даму тарихына қатысты тарауларды жазу.

Тұрғанбаева Ләйлә Рымбекқызы – архитектура докторы.

Түйіндеме. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін зерттеуші. Мемориалды-культтік архитектура ескерткіштері және қоныс жүйелері бойынша маман. 3 монографияның және 68 ғылыми мақаланың авторы. 2001–2019 жж. көптеген ғылыми экспедицияларға қатысқан.

Жобадағы атқаратын жұмысы: далалық және архив материалдарын жинау, көрсетілген кезеңдегі тұрғын үйлердің және оның жабдықтарының трансформациялануына қатысты тарауларды жазу.

Әлімбай Нұрсан Әлімбайұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Түйіндеме. Белгілі ғалым, номадологияның және этнологияның эмпирикалық және теориялық мәселелерін зерттеумен айналысады. 200-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің авторы, оның ішінде фольклортанудың, дәстүрлі мәдениеттің және этнографияның әртүрлі аспектілеріне арналған 6 монографиялық зерттеуі шыққан. Бірқатар еңбектері шетелдік жетекші ғылыми басылымдарда жарияланған.

Жобадағы атқаратын жұмысы: зерттеудің құрылымы мен концепциясын дайындауға қатысу, далалық және архив материалдарын жинау, көресетілген кезеңнің қазақтың рухани мәдениетіндегі және қазақ қоғамындағы өзгерістер жөнінде тараулар жазу.

Жұмаділ Арман Қабдешұлы – тарих ғылымдарының кандидаты.

Түйіндеме. 3 монография мен оқу құралының, 50-ден астам мақаланың авторы. Қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті, қазақтың әскери өнері бойынша маман.

Жобадағы атқаратын жұмысы: далалық және архив материалдарын жинау, көресетілген кезеңдегі қазақ қоғамындағы наразылық қозғалыстарына қатысты тарауларды жазу.

Әшім Бағлан Әбдірахманұлы – «Археология және этнология» мамандығының PhD докторанты.

Түйіндеме. Этноархеология және тарихи этнография бойынша 15-ке жуық мақаланың авторы. 8 ғылыми далалық этнографиялық экспедицияға қатысқан. Ресей ғылым академиясы Н.Н. Миклухо-Маклая атындағы Этнология және антропология институтында (Мәскеу қ.) ғылыми тағылымдамадан өткен. Этнограф-ескерткіштанушы, қазақ мешіттерін зерттеумен айналысады, сондай-ақ, қосымша қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық мәселелерін зерттейді.

Жобадағы атқаратын жұмысы: экспедицияны ұйымдастыру, далалық және архив материалдарын жинау, көрсетілген кезең бойынша қазақтардың рухани және материалдық мәдениетіне қатысты тарауларды жазу.

Досеке Аңсат Нәбижанұлы – инженер-архитектор.

Түйіндеме. «Архитектура» мамандығы бойынша Каспий университетін бітірген. «Алматы строй контракт» ЖШС-де архитектор болып жұмыс істейді. 2019 ж. қазан – желтоқсан айларында Батыс Қазақстан кешенді этнографиялық-этноархеологиялық экспедицияға инженер-архитектор ретінде қатысқан. Архитектура жұмысына кәсіби машықтанған.

Жобадағы атқаратын жұмысы: инженер-архитектор ретінде қатысу.

Зерттеу тобындағы қызметкерлердің жоба тақырыбына қатысты басты жарияланымдары:

  1. Орынбаева Г.У. Осуществление новой культурной политики в казахском селе в 30-х гг. XX вв. // Международная научная конференция, посвященная 550-летию образования Казахского ханства «Развитие Казахского ханства: время, события и личности» (г. Актобе, 13 октября 2015 г.). – С. 271–276.
  2. Орынбаева Г.У. Изменения в хозяйстве казахов в 20-х гг. XX в. // Всероссийская (с международным участием) научно-практическая конференция «Межэтнические и этноконфессиональные отношения: проблемы взаимодействия», посвященная 130-летию видного российскогоэтнолога, антрополога, археолога профессора Сергея Ивановича Руденко (Уфа, 23 октября 2015 г.). – Уфа, 2015. – С. 160–170. Входит в систему РИНЦ. Ссылка: https://elibrary.ru/item.asp?id=24980321
  3. Әжіғали С.Е. (в соавторстве). Қазақ мешіттерінің және діни қайраткерлерінің тарихы (ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басындағы Ақтөбе облысы материалдарының негізінде). Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АӨМУ Баспа орталығы, 2016. – 100 б.
  4. Ажигали С.Е. Главная загадка казахской истории: начало перехода к полуоседлости. Часть Традиционное скотоводческое поселение казахов // Пространство и Время (журнал РАН, Москва). 2018. № 3–4. – С. 56–68.
  5. Абылхожин Ж.Б. Индустриализация в Казахстане в годы первой пятилетки // Отан тарихы. 2017. № 2. – С. 6–37.
  6. Абылхожин Ж.Б. Постсталинский период в истории Советского Казахстана: череда обреченных реформ и несостоявшихся деклараций (1953–1991 гг.). Алматы: КБТУ, 2019. – 468 с.
  7. Турганбаева Л.Р. О жилищах кочевников в эпоху оседания. Вестник науки Казахского агротехнического университета им. С.Сейфуллина. 2008. № 1. – С. 389–392.
  8. Турганбаева Л.Р. К вопросу о казахском домостроении XVIII – начала XX вв. // Материалы международной научной конференции «Развитие Казахского ханства: эпоха, события, личности». Актобе, 2015. – С. 297–311.
  9. Әлімбай, Нұрсан. Қазақтың тарихи этнографиясының категориялық-ұғымдық арқауы // Qazaqtanu. 2018. № 1. – 9–25 бб.
  10. Алимбай, Нурсан. Традиционный порядок установки юрты «үй тігу» у казахов: некоторые этнографические и когнитологические уточнения и дополнения // Қазақ тарихы. № 4. – С. 57–64.
  11. Жумадил А.К. Культурные процессы в Казахстане в 1920-30 гг. ХХ в.: учебное пособие. Алматы, Қазақ университеті, 2019. – 137 с.
  12. Әшім Б.Ә. Доңызтаудағы Бесбай және Изенағаш діни-тұрғын кешендерінің мешіттері // edu.e-history.kz электрондық ғылыми журналы. – 2020. – № 2. – Сәуір–маусым. – 0,5 б.т.