Жас ғалымдар жобалары (2020-2023)
Алтынордалық Ақтөбе Лаэти қалашығын қалпына келтіру: деректанулық және тарихнамалық аспектілері
2021 жылдың басында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтында «Алтынордалық Ақтөбе Лаэти қалашығын қалпына келтіру: деректанулық және тарихнамалық аспектілері» атты гранттық қаржыландырудың жобасы басталды. Зерттеу үш жылға жоспарланған. Жоба бойынша жұмыс т.ғ.к., ТжЭИ ЖҒК Ғ.А. Шотанованың жетекшілігімен орындалып жатыр. Зерттеу тобының құрамында: тарих ғылымдарының кандидаты, ортағасыр маманы Е.М. Үжкенов, қытайтанушы Д.Қ. Сайкенева, докторанттар М.Т. Морякова, А.С. Марғұлан, сонымен қатар ТжЭИ Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің мамандары А.Д. Арепова, А.Қ. Нұрманова.
Жобаның зерттеу нысаны Атырау қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан және шамамен XIII-XV ғасырларда болған Ақтөбе деген алтынордалық қалашығы болып табылады.
Жобаның мақсаты: Ұлы даланың тарихы мен мәдениетіндегі Алтын Орда дәуірінің Ақтөбе Лаэти қаласының рөлі мен мәнін деректанулық және тарихнамалық талдау жасау арқылы ашып көрсету.
Жобаның мақсатын зерделеу үшін зерттеушілер тобы революцияға дейінгі, кеңестік және отандық заманауи кезеңіндегі зерттеушілерді жан-жақты кешенді түрде зерттеуге кірісті. Бұл жұмыс тарихнамалық шолуды жасау үшін маңызды, ол кейіннен библиографиялық көрсеткішті қалыптастыру үшін қолданылады. Тарихнамалық талдау идеялардың кемшіліктерін анықтайды, сонымен қатар жаңа теориялар мен көзқарастардың дәлелі бола алады. Сонымен қатар зерттеу тобы белгілі бір уақыт кезеңіндегі қалашықтың даму деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін проблемалық-хронологиялық әдісті қолданатын болады, сондай-ақ аталған өңірде отырықшы-егіншілік мәдениетінің даму заңдылықтарын талдауға ықпал ететін болады. Зерттелетін материалды ұсынуда пәнаралық тәсіл таңдалады. Ол бір жағынан, Қазақстан тарихын белгілі бір дәйектілікпен және өзара байланыста көрсетуге ықпал етеді, екінші жағынан, аралас ғылыми салалардағы бірқатар өзекті проблемаларды бөліп көрсетуге және ашуға мүмкіндік береді.
Нәтижелері мен жаңалығы
Жалпы, Батыс Қазақстанның аридтік аймағында қала мәдениетінің мәселелеріне қатысты барлық негізгі тұжырымдамалар зерделенгенін атап өтуге болады. Дала аймағындағы қала құрылысы мәселелері қайта қаралды, оның ішінде, егер бұрын отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде Алтын Орда элитасының қала құрылысы ісіндегі саяси еркі туралы идея басым болса, бүгінде отырықшы-егіншілік қоныстардың жұмыс істеуіне негіз болатын өзінің жергілікті дәстүрінің бар екендігі туралы толық сеніммен айтуға болады. Сонымен қатар, отырықшы халықтың көшпелі шаруашылыққа айтарлықтай тәуелді екендігі туралы қорытынды жасау маңызды, өйткені көптеген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі азық-түлік өнімдері болғаны анық байқалады. Бұл тұжырым негізінен ортағасырлық елді мекендердің күнделікті мәдениетін қайта құруға және сол арқылы отандық тарих ғылымындағы бар олқылықты толтыруға мүмкіндік береді. Күнтізбелік жоспарға сәйкес Мәскеу, Астрахань қалаларына және қаланың өзі орналасқан Атырау қаласына ғылыми іссапар жүзеге асырылды. Тарихи мәліметтерді жинау үшін архивтер мен ғылыми мекемелерге іссапарлар жүзеге асырылды. Ғылыми сапарлардың нәтижелері туралы толығырақ ресми есептердің беттерінде берілген. Зерттеу нәтижелері ғылыми және мерзімді басылым беттерінде жарияланып жатыр, және теледидарда бірнеше сұхбат бар.
Жалпы, жобаның тікелей нәтижелері біздің тарихымыздағы тарихи процестерді объективті әрі дұрыс бағалауға ықпал етеді. Осы жобаны іске асыру барысында әзірленген ұсынымдар, зерттеу әдістемесі мен тәсілдері одан ары жобалар мен ғылыми жұмыстарда пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, осы жобадан алынған нәтижелер белгілі бір салада ішкі туризмді дамытуға және еліміздің жас ұрпақтарының өткеніне деген қызығушылығын арттыруға көмектесетінін атап өткен жөн. Осылайша, жобаны іске асыру Қазақстанның далалық аймағындағы тарихи үдерістерді қайта жаңғыртуға ғана емес, сонымен қатар ғылыми білімдегі олқылықтарды толықтыруға көмектеседі, және де біздің қоғамымыздың идеологиялық өзектерін нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Жоба бойынша жарияланымдар
- БҒСБК ұсынғанрецензияланатыншетелдікжәне (немесе) отандықбасылымдардағымақалаларжәне (немесе) шолулар:
- Маргулан А.С. Батырхан Б.Ш., Токмурзаев Б.Ш. Историческая география монгольской империи в средневековой энциклопедии Шихаб ад-Дина ал-Омари. Отан тарихы № 2, 2022
- Сайкенева Д.К., Ужкенов Е.М., Морякова М.Т. Генезис городов Золотой Орды: проблемы историографии // Научный журнал «Отан тарихы» – «Отечественная история». 2022. №2.
- Республикалықжәне/немесехалықаралықғылыми-практикалықконференциялараясындажарияланғанмақалалар:
1. Маргулан А.С. Политическая система Улуса Джучи в XIII-XV вв. // Международная научно-практическая онлайн-конференция «III Абылайхановские чтения, 15 апреля 2022 года.
- БАҚ беттерінде жарияланымдар:
1. Арепова А. «Алтын Орда дәуіріне жататын Ақтөбе-Лаэти қаласы – қолөнершілер қонысы»». Газета «Шардара».
2. Участие в съемках телевизионной программы «В поисках истины» на телеканале Абай ТВ по 2 темам:
Телеканал «ABAI TV». В поисках истины. «Алтын Орда. Города» – Ужкенов Ернар от 7 апр. 2022 г. https://www.youtube.com/watch?v=SMU8vNz2C5Q
Телеканал «ABAI TV». В поисках истины. «Границы кочевых государств в древности и средневековье» – Ужкенов Ернар от 5 мая. 2022 г. https://www.youtube.com/watch?v=SMU8vNz2C5Q