Herald of Turkestan


Журнал туралы

ТҮРКІСТАН ХАБАРШЫСЫ – 2020 жылдан бастап ҚР БҒМ ғылым Комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жариялайтын қазақстандық тарихи онлайн-журнал. Журнал тарих ғылымын ұйымдастырудың және оның нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсынудың бір құралы болып табылады.

Редакциялық саясат

Мақсаты мен міндеті

Журналдың мақсаты – XVIII-XX ғғ. Орталық Азия тарихы туралы бұрын жарияланбаған, түпнұсқа мақалалар мен шолулар шығару. Біз айрықша назар аударатын тақырыптар – Орталық Азия тарихы, қақтығыстар және миграциялық процестер  гуманитарлық ғылымдардың әр түрлі салалары үшін қашанда өзекті мәселе болып саналады, соған орай журналда тарих, этнология, саясаттану, дінтану және халықаралық қатынастар саласында дайындалған материалдар жарияланады.

Біз қарастыратын басты тақырыптар:

XVIII-XX ғғ. Орталық Азия тарихы;

қақтығыстар, әлемдік және жергілікті соғыстар;

миграция, депортация, репатриация;

репрессия, лагерлер мен арнайы елді мекендер желісі.

Журнал академиялық ғылыми мақалаларды, сонымен қатар практикалық қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзекті пікірлер мен шолуларды қабылдайды. Ол байыпты зерттеулерге негізделген және тарих ғылымының негізгі қағидаларына сәйкес өңделген барлық әдістемелік бағыттар мен мектептер үшін ашық.

Басылымның этикасы:

Барлық мақалалар редакторлық тексерістен және кем дегенде екі рецензенттің анонимді тексеруінен өтеді.

Авторлар келесі принциптерді басшылыққа алуы керек:

1) ұсынылған мақалалар зерттеулердің сенімді нәтижелерін қамтуы керек;

2) авторлар түпнұсқалық материалдарды ұсынуы керек, алынған материалдарда міндетті түрде дереккөзге сілтеме болуы керек; рәсімделмеген дәйексөздер болмауға тиісті, толық және жартылай плагиатқа жол берілмейді;

3) мақалада зерттеу тақырыбын дамытуға үлес қосқан барлық тұлғалардың көрсетілуі міндетті шарт болып табылады;

4) басқа журналға жарияланған немесе жариялануға ұсынылған қолжазба қабылданбайды;

5) келтірілген фактілердің, дәйексөздердің, статистикалық мәліметтердің, жеке атаулардың, географиялық атаулардың және басқа ақпараттың дұрыстығы үшін авторлар жауап береді.

Журнал үш айда бір рет шығады.

Авторларға қойылатын талаптар.

Журнал ауқымы 3500-5000 сөзден тұратын мақалаларды, 2500-3000 сөз көлеміндегі шолуларды, 1000 сөзден тұратын рецензияларды қабылдайды

Мақаланың құрылымы:

ӘОЖ

Тақырыбы (11-13 сөзден көп емес).

Автордың аты, әкесінің аты және тегі (мақаланың түпнұсқа тілінде және ағылшын тілінде).

Аннотация және кілт сөздер (мақала қазақша болса – орыс тілінде, мақала орысша болса – қазақ тілінде; ағылшын тілінде); Аннотация 200 сөз ауқымында, кілт сөздер – 5-7.

Кіріспе (тақырыптың өзектілігі және қысқаша тарихнамалық шолу).

Дереккөздер, әдіснама мен әдістер.

Материалды талдау және зерттеудің басты нәтижелері.

Қорытынды.

Әдебиет. Әдебиеттер тізімін екі нұсқада ұсыну қажет: бірінші нұсқада (Әдебиет) – қазақ, орыс және шет тіліндегі әдебиет атауы түпнұсқа тілінде; екінші нұсқада (References) – шет тіліндегі әдебиет атауы түпнұсқа тілінде, ал кириллицамен берілген еңбектердің  транслитерациясы.

Әдебиеттер тізімін ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен жинақтау ережесі» бойынша ККСОН тізіміне енетін басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес рәсімдеу қажет. Сілтемелер дөңгелек жақшада беріледі, автордың фамилиясы, егер авторы көрсетілмеген болса, кітап атауының бірінші сөзі шыққын жылы және беті беріледі. Сілтеме үлгісі: (Аскарова, 2015:53)  

Мақала электронды түрде ұсынылады (Word форматындағы doc., docx. файл).

Шрифт кеглі – 14 (аннотация, кілт сөздер, әдебиет  – 12 кегль, кесте мәтіні – 10 кегль), шрифт – Times New Roman. Рәсімдеу: мәтін ені бойынша, интервал – бір, абзац – 1 см, жиектері: жоғарғы  және төменгі – 2 см, оң жағы және сол жағы – 2 см,

Мақаланың қолжазба мәтіндері көрсетілген электронды пошта арқылы редакцияға жіберіледі: turkestanvestnik@gmail.com