Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бойынша Институттың ғылыми қызметкерлері төмендегі іс-шараларды жүзеге асырды:

 

І. Дөңгелек үстелдер мен конференциялар:

 1.1. 31.01.2018. Дөңгелек үстел . Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, А. Байтұрсынов ат. Тіл білімі институты, Орынбор облыстық «Халықтар достығы үйі» қоғамдық ұйымы (РФ), «Бәйтерек» қайырымдылық қоры (РФ), «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы» бірлесіп Алматы қ.,  «Ғылым ордасы»,  конференц-залында «Рухани жаңғыру» аясында: «Қазақстан мен Ресей: тату көрші және достық жолында» атты дөңгелек үстелдің отырысы мен Т.И. Тугайдың «Оренбургский путь Ахмета Байтурсунова» (Орынбор) атты кітабының тұсаукесерін өткізді.

1.2. 09.02.2018. «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын» дайындау бойынша жұмыс тобының мәжілісі өтті. ҚР БҒМ Ғылым комитеті, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Ақпараттық және есептеу технологиялар институты, География институты, Ғылым комитетінен К.Т. Бекимова, ҚХА сарапшысы                                   Н.П. Калашникова қатысты. «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының конференц-залында «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картаны» дайындау бойынша жұмыс тобының мәжілісі өтті. Ұйымдастырушылар ретінде ҚР БҒМ Ғылым комитеті, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Ақпараттық және есептеу технологиялар институты, География институты. Құттықтау сөз ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Әбдрасилов Болатбек Серікбайұлы және ҚР Президент әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылық бөлімінің меңгерушісі Жолдыбаев Азат Амандықұлы. Модератор ретінде Институт директоры, т.ғ.д., профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы және География институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Медеу Ахметқал Рахметұллаұлы баяндама жасады.

«Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картаның» тұсаукесері бойынша Ақпараттық және есептеу технологиялар институты бас директорының орынбасары, PhD Мағзом Мирас баяндама жасады. Өз пікірлері мен ескертпелерін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің бас сарапшысы Бекимова Кенжегүл Төкенқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, с.ғ.д. Калашникова Наталья Павловна, және ҚР Президент архиві директорының орынбасары, т.ғ.д. Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы ұсынды.

Интерактивті картаны жаңа материалдармен, этностардың тарихымен толықтырып, 2018-2020 жж. қаржыландырып, одан әрі жалғастыру туралы ұсыныстар айтылды. 2017 ж. мемлекеттік тапсырма бойынша алға қойған міндеттер ойдағыдай орындалды, 33 этностың тарихы, этнологиясы бойынша материалдар реттеліп, 16 карта жасалды, Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы материалдар сайтқа қойылды.

Бұл мәжілісте Алғыс айту күніне дайындықты пысықтау керектігі ескертілді.

1.3. 23.02.2018. Алғашқы қазақ антропологы, қазақтардың генетикалық құрамын зерттеуші, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі О.И. Исмағұлов және А.О. Исмағұлованың «Қазақ халқының пайда болуы» (физикалық антропология деректері бойынша) кітабының тұсаукесері өтті.

1.4. 07.03.2018 ж. Дөңгелек үстел, Түркістан газеті ұйымдастырған «Наурызнама». Наурыз мерекесін қазіргі қоғамға сай жаңғырту туралы пікірталасқа институтыттың жетекші ғылыми қызметкері т.ғ.к. Дәулетхан Ә., бас ғылыми қызметкерлері т.ғ.д. Құдайбергенова А.И., Тоқтабай А. қатысты.

1.5. 27.03.208. «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері» ұлттық жобалары тұжырымдарын тарих сабақтарында жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында институт Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесіп қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияға Алматы қаласы мектептерінің тарих пәнінің 400 мұғалімі қатысты. Институт директорының орынбасарлары Шамшиденова Ф.М.  «Қазақстан халқы» ғылыми тарихи картасы және «Туған жер» бағдарламасындағы ұлттық код» атты баяндама және Шашаев Ә.Қ. «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» ұлттық жобасының тарихи маңызы» тақырыбына баяндама жасады.

Конференцияға қатысушылардың ұсынымдары қабылданды. Онда Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтына қатысты төмендегідей шешім қабылданды:

– Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласының негізгі тұжырымдарының ғылыми, тарихи-әлеуметтік маңызын ашып, мектеп мұғалімдері мен оқушыларға арналған ғылыми-көпшілік әдебиеттермен қамтамасыз ету;

– «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері» ұлттық жобалары тұжырымдарының  ғылыми, тарихи-әлеуметтік маңызын ашып, мектеп мұғалімдері мен оқушыларға арналған ғылыми-көпшілік әдебиеттермен қамтамасыз ету.

1.6. 2018 жылдың 6 сәуір күні Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, аудандық мәдениет үйінде Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Батыр бабаларымызды ұлықтау парызы» атты ғылыми конференция өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімшілігі, «Әлмерек баба» қайырымдылық қоры.

Қатысушылар: Қазақстанның көрнекті ғалымдары, жазушылары мен қоғам мен мәдениет қайраткерлері, ардагер ақсақалдар, әкімшілік қызметкерлері мен ауыл тұрғындары.

          Ғылыми конференция барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, Жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к., Шашаев Әуезхан Қадіржанұлы  – «Рухани жаңғыру аясындағы «Туған жер» бағдарламасының мәні мен маңызы» деген тақырыпта баяндама жасайды. Сонымен қатар, Ораз Қауғабай – Д. Қонаев атындағы Халықаралық Евразия академиясының профессоры, Әлмерек танушы, Д. Қонаев танушы, жазушы, – «Әз Тәуке хан және Әлмерек би»; Тілеубаев Шамек Баянұлы  – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты. «Қалша батыр Мүсірәліұлы туралы тарихи деректер (ХІХ ғ. ІІ-ші жартысы)»; Дәулет Күнікеев – Тарихшы, зейнеткер «Тарихқа  тағызым Рухани жаңғыру»;  Оразов Рашид Ешенұлы ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ph(D) докторанты. «Жаркент уезінің құрылу тарихы»; Әлбеков Тоқтар Кесімұлы – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының “Қолжазба және текстология” ғылыми-инновациялық бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты. «Қазақ ұлттық қолжазбалары тарихи дерек ретінде» деген баяндамалар жасайды.

1.7. 13-14.04.2018 ж. ҚР Мемлекеттік орталық музейі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультеті және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлескен «III-і Арғынбаев оқулары. Қазіргі заман этнография ғылымы және оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына институт қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Атап айтқанда, доктор PhD Құрманалина Н.Н. «Тарихи зерттеулерді жүргізудегі фольклордың орны» атты баяндама жасады. // «III Арғынбаев оқулары.  қазіргі заман этнография ғылымы және  оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  материалдары 13-14 сәуір 2018 ж./ Құраст. Г.У. Орынбаева, А.И. Исаева, А.Қ. Бейсегулова; ғылыми ред. Н. Әлімбай, А.Б. Қалыш. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 579 б. – Б. 335-338.

1.8. 2018 жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласында, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына арналған «Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы: Ұлы Жеңістің ақиқаты және маңызы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Елбасының 2017 жылы 13 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық бірегейлікті сақтау, соның ішінде ең біріншісі – ұлттық кодты сақтау, сондай-ақ туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру. «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп айтқан. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жоғарыда аталған тапсырмаларын орындау мақсатында осы халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Конференцияны ұйымдастырғандар: Оңтүстік Қазақстан облыстық  әкімдігі; Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі; Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты; Республикалық ардагерлер ұйымының орталық кеңесі; М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры.

Қатысушылар: Мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттары, ҚР қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар, ҚР жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, ҚР мұрағаттары мен өлкетану мұражайларының қызметкерлері, ҚР жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары, зиялы қауым өкілдері.

1.9. 2018 ж. 26 сәуірде институтта ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы қызметкерлерімен өкілдерімен бірлесіп «Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру тарихын зерттеудің әдіснамалық тәсілдері» атты семинар өтті. Семинардың басты мақсаты тың және тыңайған жерлерді игеру тарихының әлеуметтік-экономикалық, этно-демографиялық қырларын зерттеудің негізгі әдістемелік тәсілдерін анықтау болды.

1.10. 2018 жылы 27 сәуірде Рухани жаңғыру аясында Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Шанханай ауылында орналасқан Ш. Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінде «Жарқ еткен жасын ғұмыр» атты Ш. Уәлихановты еске алу кешіне орай облыстық ғылыми-теориялық конференция өтті.Конференцияға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директоры т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов «Шоқан Уәлиханов – қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы» атты баяндама жасаса, Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері және PhD докторанты Р.Е. Оразов «Қос тұлға – Шоқан Уәлиханов және Сыздық Кенесарыұлы: тарих және тағдыр» атты тақырыпта баяндама жасады.

1.11. 2018 ж. 26 сәуір күні институтта «Шыңғыс хан империясының мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі бағыттары:
деректеме және тарихнама мәселелері; орыс княздықтары мен Моңғол империясының ара-қатынастары; ХIII ғ. түріктердің әскери әрекеттерінің мәселелері.

Іс-шара барысында А.Г.Оловинцовтың«Статус Руси в XIII – XVI вв.: а) Тюрки или монголы? б) «Иго» или противостояние?» кітабының тұсауы кесілді. Дөңгелек үстелге Хасен Қожа-Ахмет сынды қоғам қайраткері, белгілі отандық тарихшылар Әбдіров М.Ж., Өтениязов С.К., Жанымхан Ошан, «Полигон – 29 тамыз» қоры кеңесінің төрағасы, т.ғ.д. Бозтаев Н.К., э.ғ.к. Томпиев М.К., Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары, «Казачий курьер» газетінің бас редакторы М.Ф. Киндалев, сондай-ақ Институттың ғалымдары, бөлім басшылары және осы мәселеге қызығушылық танытатын зерттеушілер, докторанттар мен магистранттар қатысты.
А.Г. Оловинцовтың Алтын Орда әскерінің құрамы этникалық түріктер деген көзқарасын дөңгелек үстелге қатысушылар қолдап, қосымша толықтырулар жасады. Сондай-ақ Алтын Орда Русь княздіктерінің бірігіп, мемлекет құруына қолайлы жағдай жасап берді деген көзқарасты талқылады.

Әуесқой тарихшының жазған еңбегіне баға берген тарихшылар – З.Е. Қабылдинов, Ж. Ошан, Ә. Дәулетхан, З.М. Төленова, Ф.М. Шамшиденова сынды ғалымдар бұл жаңалықтар кәсіпқой тарихшылар арасында мойындалып қойған тұжырым деген пікірде болды. Сонымен қатар, пікір айтушылар Ресейлік тарихшылардың жарияланған шығармаларына, оның ішінде қазақ тіліндегі еңбектерге сілтеме жасауды ұсынды. Жалпы жиналған қауым А.Г. Оловинцовтың көп жылдық еңбегін осы тарихи кезеңнің балама көзқарасы ретінде бағалап, еңбекті қайта басып шығарған кезде барлық ұсыныстарды ескеруді тіледі.

1.12. 03.05.2018. Дөңгелек үстел: «Қазақстанның ұлттық әскери құрамалары соғыс майдандарында (1941-1945 жж.)». Дөңгелек үстелде т.ғ.к., жоба жетекшісі Алдажұманов Қ.С.: «Қазақстандағы ұлттық құрамалардың қалыптасуы және олардың 1941-1945 жж. соғыстағы Жеңіске қосқан үлесі», Асанова С.А.: «Қазақстандағы ұлттық әскери құрамалар туралы жаңа материалдар», Жүнісбаев А.А.: «105-ші ұлттық кавалерия дивизиясының қалыптасу тарихы», Бурханов Б.Б.: «Ардагерлер естеліктеріндегі соғыс тарихы» және Қали А.Н. «Қазақ халқының майдандағы көмегі» атты баяндамалар жасады. Бұл дөңгелек үстелдің «Рухани жаңғыру» аясында жастарға патриоттық тәрбие беруде, тарихи сананы дамытуға үлесін қосары сөзсіз.

Соңында институттың ғалымдары пікір алмасты. Соғыс тақырыбын ғылыми қарастыру, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы бойынша методологиялық семинарларды өткізу, семинарлар мен дөңгелек үстелдердің жұмыстарына докторанттар мен магистранттарды тарту туралы ұсыныс жасалды. Дөңгелек үстелге институттың ғылыми қызметкерлері, докторанттары мен магистранттары қатысты.

1.13. 10.05.2018. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұйымдастырған т.ғ.д., профессор Кадысова Р.Ж. еске алуға арналған «Тарих тағылымы: Рухани жаңғыру» мәнінде» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына институт директоры З.Е. Қабылдинов қатысып, «Ұлттық тарихтың аз зерттелген тұстары» атты баяндама жасады.

1.14 Құдайбергенова А.И. «Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асырудағы халықтану саласының басты ұстанымы – «Бірлік бар жерде тірлік бар!» қағидасы / «Ермұханова оқулары: тарих және қоғамдық пәндерді оқытудың инновациялық әдістемелері мен тәжірибелері» атты республикалық ғылыми-әдіснамалық конференция. 4 мамыр, 2018 ж.

ІІ. Ғылыми мақалалар

1. Кабульдинов З.Е. The abolition of Khan power in Kazakhstan // Отан тарихы. 2018. – №1. – С.51-66.

2. Кабульдинов З.Е. Социально-экономическая и культурно-просветительская деятельность хана Жангира. // «III Арғынбаев оқулары.  қазіргі заман этнография ғылымы және  оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  материалдары 13-14 сәуір 2018 ж.– с. 43–46.

3. Тоқтабай А.У. Шұбарайғыр Қожаберген батыр Жәнібекұлы. // «III Арғынбаев оқулары.  қазіргі заман этнография ғылымы және  оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  материалдары 13-14 сәуір 2018 ж – – 261 б.

4. Әпендиев Т.Ә. Қазақстан тарихы бойынша түрік деректеріне тарихнамалық шолу // «III Арғынбаев оқулары.  қазіргі заман этнография ғылымы және  оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  материалдары 13-14 сәуір 2018 ж. – 339–342 бб.

5. Кубеев Р.Д. On some peculiarities of the muslim tradition in Kazakhstan as a part of the national culture. // «III Арғынбаев оқулары.  қазіргі заман этнография ғылымы және  оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  материалдары 13-14 сәуір 2018 ж. – С. 349–352.

6. Морякова М.Т. Казахско-могульские сражения при Хакк-Назар-хане. // «III Арғынбаев оқулары.  Қазіргі заман этнография ғылымы және  оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  материалдары 13-14 сәуір 2018 ж. – С. 376–378.

7. Дәулетхан Ә. Қоғам қайраткері және этнограф ғалым Жағда Бабалық туралы не білесіз? // «Ақиқат» журналы 2018. №2. – 20-40 бб.

8. Джунисбаев А.А. Из истории становления системы здравоохранения в Советском Туркестане (1917-1919 гг.) // http://e-history.kz/ru/contents/view/7292 (дата обращения – 02.05.2018).

9. Джунисбаев А. К истории формирования 105-й национальной кавалерийской дивизии в Жамбылской области // Круглый стол, посвященный Дню Победы Советского Союза в Великой Отечественной войне. 3 мая 2018 г. г. Алматы, Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова.

10. Жүнісбаев А.Ә. Қазақ тарихындағы Асфендиаровтар әулетінің ізі // Түркістан жинағы = Туркестанский сборник. – Тараз, 2018. – Т. 6. – 92-117 бб.

11. Kubeyev R.D., Murzakhodzhaev K.M. On some vftters of Jadist educational institutions in Kazakhstan in the context of traditionalism and modernism correlation // Отан тарихы. 2018. – №1. – С. 165-181.

12. Курманалина Н.Н. Тарихи зерттеулерді жүргізудегі фольклордың орны. // «III Арғынбаев оқулары.  қазіргі заман этнография ғылымы және  оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  материалдары 13-14 сәуір 2018 ж./ Құраст. Г.У. Орынбаева, А.И. Исаева, А.Қ. Бейсегулова; ғылыми ред. Н. Әлімбай, А.Б. Қалыш. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 579 б. – Б. 335-338.

13. Шамшиденова Ф.М. «Қазақстан халқы» интерактивті тарихи картасы» және «Туған жер» бағдарламасындағы ұлттық код // «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері» ұлттық жобалары тұжырымдарын тарих сабақтарында жүзеге асыру мәселелері» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. – Алматы, 2018.

14. Shamshidenova F. Siberian frontier in the late XVI-first quarter of the XVII centuries // Отан тарихы. 2018. – №1. – С. 66-76.

15. Шамшиденова Ф.М. Сибирский вопрос в русско-польском отношении // научно-практическая конф.посвященная 70-летию д.и.н., профессора К.Т. Жумагулова.

16. Шашаев Ә.Қ. Рухани жаңғыру аясындағы Қазақстанның киелі жерлері географиясы // Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Нұрпейіс оқулары аясында өткен «Астана – тәуелсіз Қазақстанның рухани жаңғыруы мен жетістіктерінің нышаны» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциялар материалдары. – Алматы: 2018 жыл 14 наурыз. – 191 б.

17. Шашаев Ә.Қ. Кәсіби этнограф Н. Сәбитовтың ғылыми мұрасы. // «III Арғынбаев оқулары.  қазіргі заман этнография ғылымы және  оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  материалдары 13-14 сәуір 2018 ж – 101–106 бб.

18. Шашаев Ә.Қ. Шығыстанушы, библиограф және этнограф-тарихшы Н.Сәбитовтың қоғамдық-ғылыми мұрасы мен өмірінің бастапқы кезеңі // ҚызМемПУ, Хабаршы/Вестник, 2018. – №3.

 ІІІ. Ғылыми жобалар

 3.1. Бағдарлама-мақсаттық қаржыландыру 2018-2020 жж.

3.1.1. «Қазақстанның тарихи энциклопедиясы» (Жетекшісі: Рустемов С.К.).

3.1.2. «Қазақстанның мемлекеттілік тарихындағы Алаш: идеялар, тағдырлар, мұрасы (қоғамның рухани жаңғыру негізінде)» (Жетекшісі: Қозыбаева М.М.).

3.1.3. «Ұлы Дала тарихы» (Жетекшісі: Қабылдинов З.Е.).

3.2. Гранттық жобалар

3.2.1. Қазіргі Қазақстан тарихнамасындағы мифты жасау үрдістерімен бұрмалаудың рухани жаңғыруға қауіп ретінде (Жетекшісі: Абылхожин Ж.Б.).

3.2.2. «Қазақстанның ұлттық әскери құрамалары соғыс майдандарында (1941-1945 жж.)» (Жетекшісі: Алдажуманов Қ.С.).

3.2.3. «Қазақ (этнографиялық) ескерткіштануы: теориялық, ғылыми-әдістемелік және қолданбалы мәселелері» (жетекші. т.ғ.д. Әжіғали С.Е.)

3.2.4. «АЛЖИР-де азап шеккен аналар тағдыры (1938-1953 жылдары)» (жетекшісі: т.ғ.д. Құдайбергенова А.)

3.2.5. «Қазақтың көшпелі қауымы: контекст, құрылымы, функциясы (ХVІІІ – ХХ ғ. басы)» (жетекшісі: т.ғ.к. Әлімбай Н.)

3.2.6. «Өзбекстандағы қазақтардың киелі жерлері (Жалаңтөс батыр, Төле, Әйтеке билердің қабірлері т.б.), пайда болуы, зерттелу тарихы, қазіргі кездегі жағдайы» (жетекшісі: т.ғ.д. Тоқтабай А.)

 

ІV. Кітаптар, монографиялар

 4.1. Валиханов Ч. Историко-этнографические труды. – Т.1. – Алматы, 2018. Совместно с посольством Казахстана в Великобритании (Лондон).

4.2. Народ Казахстана: история и современность. Ответственный редактор д.и.н., профессор Кабульдинов З.Е. – Алматы: Атамұра, 2017. – 300 с.

4.3. Қазақстан халқы: тарихы және қазіргі жағдайы. Жауапты редактор т.ғ.д., профессор Қабылдинов З.Е. – Алматы: Атамұра, 2017. – 300 с.

4.4. «Астана – бейбітшілік пен рухани жаңғыру ордасы». V – Халықаралық суретшілер байқауы картиналарының каталогы. Құрастырушылар: Абдулин А.А., Қабылдинов З.Е., Боранкулов Е., Маслов Х.Б., Козыбаева М.М. – Астана, 2018.

 

V. БАҚ

5.1. Теледидарға қатысу:

Дәулетхан Ә. Наурыз қалай өтілген, ғылыми мағынасы // Отау тв, «Халық арнасы». 06.03.2018 ж.

Дәулетхан Ә. ХХІ ғасырда шынымен Қытайға мемлекеттік бөлшектану тұнып тұр ма?», әлде Қазақстанға Қытай экспансиясының қатері төніп тұр ма? // Абай.kz

Қабылдинов З.Е. Абылай хан // Хабар. Апрель 2018.

Қабылдинов З.Е. Астананың мың жылдық тарихы бар // Хабар. 08.01.2018.

Тоқтабай А. Отау ТВ, «Халық арнасы» – «Қазақ қаздары шетелдіктерге күйеуге неліктен шығуға құмар, әлеуметтік мәселе» 30.04.2018 ж.

Тоқтабай А. Наурыз қазақтың жаңа жылы // Халық қазынасы бағдарламасы. Ұлттық жаңғыру айдары. 19.03.2018.

Тоқтабай А. Қазақтың қыздары неге шетелдіктерге тұрмысқа шығады? // Халық қазынасы бағдарламасы. Ұлттық жаңғыру айдары. 03.05.2018.

Тоқтабай А. Қазақтың ұлттық құндылықтары. Қамшы. Тазы. Киіз үй. Жылқы // Қазақ радиосы. Наурыз-сәуір 2018.

Шашаев Ә.Қ. Рухани жаңғыру:#сұраныс – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы. «Халық арна» ТВ. 2018 жыл 25 қаңтар.https//youtu.be/3H8zLL66ZoA

Шашаев Ә.Қ. Рухани жаңғыру:#сұраныс – Сакральдң Киелі Қазахстан. «Халық арна» ТВ. 2018 жыл 09 ақпан. https//youtu.be/jmgEXVU0bas.

Шашаев Ә.Қ. Рухани жаңғыру немесе батыр бабаларымызға тағзым. Новости (10.04.18). Жетісу телеарнасы. https//youtu.be/Sih1g35gK8I.

Шашаев Ә.Қ. Қазақстанның киелі жерлері.Qazaqstan Ақпарат. https//youtu.be/wr8jvZEcEZQ.

 5.2 Газеттерде жарияланған мақалалар

 Асанова С.А. Без прошлого нет будущего // Вечерний Алматы. 8 марта 2018. №30.

Козыбаева М.М. Реализовать потенциал сполна // http://www.kazpravda.kz/fresh/view/realizovat-potentsial-spolna/

Қабылдинов З.Е. Ғылымның өрісі кеңеймек // Ана тілі.2018.11-17 қаңтар.- №2(1416).

Қабылдинов З.Е. Ұлы дала елі және салауатты өмір салты // Астана ақшамы. 19.04.2018.

Жүнісбаев А.Ә. Қазақтың тұңғыш әйел-дәрігері (Гүлсім Асфендиарова) // Қазақ әдебиеті. – 2018. – №9 (3591). – 9-15 наурыз.

Шашаев Ә.Қ. Міндет және мүмкіндік // «Ана тілі» №6 (1420), 8-14 ақпан 2018 жыл, 8 бет.

Шамшиденова Ф.М. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстан халқы» интерактивті тарихи картасы» ұлттық кодты сақтаудың негізгі платформасы // Егемен Қазақстан. 2018. мамыр (басылымда).

VІ. Меморандумдар

 6.1. Алматы қ. және Қазақстан аймақтары

6.1.1. Қызылорда облысының әкімшілігімен меморандумға 03.05.2018 ж. қол қойылып, 3 томдық «Қызылорда облысының тарихын» жазу қолға алынды.

6.1.2. Батыс Қазақстан облыс акиматтарымен қарым-қатынас орнатылып, «Атырау облысының тарихы» атты кітаптың құрылымы жасалды.

6.1.3. 24.04.2018 ж. ҚР Орталық мемлекеттік архиві директоры Данияр Сержанович Мукатаев арасында ынтымақтастық келісім жасалды. Кездесу барысында жас ғылым кадрларын магистратура мен докторантурада дайындау, болашақ мамандарды архивте ғылыми практика өткізу қажеттігі және «Қазақстан мұрағаттары», «Отан тарихы», электронды журнал «edu. e-history.kz» ғылыми журналдарында мақалалар жариялау айтылды.

6.2. Жақын шетелдермен меморандум

6.2.1. Өзбекстан республикасы Ғылым академиясының Тарих институтымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

6.2.2. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісімнің мәні бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру, өткізу және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, ақпараттық қызметтер көрсету және әртүрлі аспектілері бойынша кеңес беру болып табылады.