Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Басшылық


Уалтаева Алтын Слямқайдарқызы


Толық атыжөні: УАЛТАЕВА АЛТЫН СЛЯМҚАЙДАРҚЫЗЫ 

Лауазымы, бөлім: ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, «Ғылым ордасы» ғылыми кадрларды даярлау орталығының басшысы, қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері.

Ғылыми дәрежесі, атағы: тарих ғылымдарының кандидаты, қауымд.профессор, Халықаралық ақпарат ғылымдары академиясының академигі

Байланысқұралдары: e-mail: altyn.lazzat@mail.ru

Өмірбаяны

Уалтаева Алтын Слямқайдарқызы, Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, Өскемен педагогикалық институтын және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің аспирантурасын бітірген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Гордон атындағы Шотландия университетінде ғылыми тәжірибеден өткен.

Білімі:

1980-1986 жж. Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетінің күндізгі бөлімінде оқыды.

1999-2001 жж. – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің аспирантурасы.

2004-2006 М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде, Гордон атындағы Шотландия университетінде тағылымдамадан өтті. Ол 20-ға жуық отандық және шетелдік жобаларды, соның ішінде Орталық Азия университетінің жобасын жүзеге асыруға қатысты.

Еңбек жолы

2008 ж. қыркүйегінен – қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері.

2016 ж. ақпанынан – қазіргі уақытқа дейін «Ғылым ордасы» РМК ғылыми кадрларды даярлау орталығының басшысы.

2004-2008 жж. – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

1991-2004 жж. – Политехникалық колледжінің оқытушысы.

1986-1991 жж. – орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі. 

Қоғамдық және ғылыми жұмыс

Н.Назарбаев атындағы Білім қорының «Тарих» секциясының және Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым Академиясының төрағасы. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге рецензент.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабылдау комиссиясының мүшесі. Оның жетекшілігімен 4 магистрлік және бір PhD диссертация қорғалды.

20-ға жуық ғылыми жобаның қатысушысы және үйлестірушісі (2000–2022).

Марапаттары

2015 ж. – «Қазақ хандығына 550 жыл» медалі.

2016 ж. – Ғылым және білім берудің еңбек сіңірген қайраткері (РФ).

2016 ж. – «Теңдер арасындағы үздік» ордені (Ресей Федерациясы)

2017 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017-2018 жж. ғылыми стипендиясының иегері

2018 жыл – «Алаштың» 100 жылдығына арналған «Алаш» медалі.

2019 жыл – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған медаль.

2019 жыл – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты.

2021 – Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған мерейтойлық медалі.

Ғылыми қызығушылықтары: тарихи демография, моно және шағын қалалардың тарихы мен дамуы, этномәдени бірлестіктер және ҚХА қызметі және т.б.

Ғылыми еңбектері:

100-ге жуық ғылыми жұмыстардың авторы, 4 монографияның және 1 оқу құралының авторы.

Монографиялары:

Население малых городов Казахстана (монография). Алматы: ИП «Веретельный», 2011. – 240 с. 

Малые города Казахстана: информационно-исторический аспект. Том I (монография). Алматы: Елтаным, 2014. – 312 с.

Ожившая в памяти история войны (монография). Алматы, 2016. – 310 с.

Қазақстан республикасы қарақалпақтары арасындағы этно-мәдени үрдістер (Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша). – Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, «Формат-Принт» баспасы, 2020. – 181 бет.

Scopus базасындағы мақалалары:

Formation and development of the bodies of the passport system in Soviet Kazakhstan in 1920s. Man In India. – № 96 (10): 3673-3684. – 2016.

Historical picture of the German people migration to Kazakhstan (end of the XIX and the beginning of the XX centuries). Man In India. – № 96 (10): 4015-4026 – 2016.

New Look at Common Analogies in Language and Culture. Journal of Research in Applied Linguistics, 2020, 11(SpecialIssue). – С. 30-37.