Жаңалықтар
-
Улан-Батор қаласына ғылыми іс-сапар қорытындысы
2025 жылдың 6-27 мамыр аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері, атап айтқанда аталған институттың жетекші ғылыми қызметкері т.ғ.к., А.Т. Қайпбаева мен кіші ғылыми қызметкер, PhD докторант Е. Сауырқан «1920–1930 жылдардағы Қазақстан аумағындағы және іргелес елдердегі балалар панасыздығы мәселесі» атты гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобаны жүзеге асыру аясында Моңғолия мемлекетінің Ұлан-Батыр қаласы…
-
Поляк және қазақ этнологтарының ынтымақтастығы: бірлескен зерттеулердің жаңа перспективалары
2025 жылғы 28–29 мамырда Алматы қаласында Польша ғылым академиясының ресми делегациясы сапармен болды. Сапар аясында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкерлері мен Польша ғылым академиясы Археология және этнология институтының этнология бөлімінің меңгерушісі, доктор Катажина Кошч-Рыжко арасында жұмыс кездесуі өтті. Институт атынан кездесуге этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты А.Т. Абдулина және…
-
2025 жылғы 23 мамыр – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Іргелес елдер тарихын зерттеудің бүгінгі және алдағы өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті.
Іс-шараны Институттың Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімі ұйымдастырды. Семинар мақсаты: Бұл ғылыми іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан мен оған іргелес мемлекеттер арасындағы ортақ тарихты зерттеу мен көрсетудегі бүгінгі және алдағы өзекті мәселелерді сенімді тарихи деректер негізінде анықтау болды. Негізгі баяндама: Семинардың басты баяндамашысы Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мен іргелес…
-
Дөңгелек үстел: 1920-1930 жылдардағы ашаршылық трагедиясы және шетелдегі қазақ диаспорасы
2025 жылғы 3 мамыр – Алматыдағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында, Иран Ислам Республикасы Елшілігінің мәдени орталығының қолдауымен, 1920-1930 жылдардағы ашаршылық трагедиясына және оның шетелдегі қазақ диаспорасының қалыптасуына әсеріне арналған маңызды дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан, Қырғызстан және Ираннан келген жетекші тарихшыларды, ғалымдар мен дипломаттарды жинады. Отырысты ашқан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және…
-
«Қазақстан ашаршылық пен жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті
2025 жылғы 28 мамыр –Алматы қаласында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан ашаршылық пен жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде. 1931-1938» атты маңызды халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Польшаның жетекші тарихшылары мен зерттеушілерін біріктірді. Дөңгелек үстел офлайн және онлайн форматтарда өткізіліп, қатысушыларға тақырып бойынша терең талқылауларға қосылуға мүмкіндік берді. Модераторлар…
-
Польша Ғылым академиясы Қазақстанмен байланысын нығайтуда: Делегация Тарих және этнология институтына барды
Алматы, 2025 жылғы 29 мамыр – 2025 жылғы 28-29 мамыр аралығында Алматы қаласына Польша Ғылым академиясының ресми делегациясының сапары аясында қазақстандық ғылыми мекемелермен бірқатар кездесулер өтті. Польша тарапы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына ерекше қызығушылық танытты. Польша Ғылым академиясының делегациясын Президент, профессор Марек Конажевский басқарды. Делегация құрамына сонымен қатар: профессор Аркадиуш Новак (Польша…
-
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, журналист, жазушы, әдеби сыншы Смағұл Садуақасұлының туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған «1925 ЖЫЛ: ҰЛТ МҰРАТЫ ШЫҢДАҒАН ҚАЙРАТКЕРЛІК» атты ғылыми-практикалық конференциясының сәтті өткенін хабарлаймыз
Іс-шара 2025 жылғы 16 мамырда Астана қаласында өтті.Іс-шара бағдарламасы мыналарды қамтыды:• 08:00-09:00 – С. Садуақасұлы бейітіне зиярат ету және «Жастар» шағын ауданы, «Қараөткел» қорымында ағаш көшеттерін егу.• 10:00-13:00 – Еуразия ұлттық университетінің бас ғимараты, Президент аудиториясында өткен конференцияның пленарлық мәжілісі.• 13:00-14:30 – Түскі үзіліс, оның ішінде «Тұран» мейрамханасында С. Садуақасұлы мен Алаш қайраткерлері рухына бағышталған…
-
Түркістан қаласында «Ясауи мұрасы дәуірлер мен мәдениеттер сұхбатында: гуманистік бағдарлар мен сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиум өтті
2025 жылғы 14–16 мамыр аралығында Түркістан қаласында «Ясауи мұрасы дәуірлер мен мәдениеттер сұхбатында: гуманистік бағдарлар мен сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиум өтті.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырды. Симпозиумды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин ашты. Оған 20-дан астам елден келген 100-ден астам…
-
2025 жылғы 14 мамырда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қазақ тарихын зерттеу контексіндегі отарлау: ұғымы, мазмұны, интерпретациялары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті
2025 жылғы 14 мамырда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қазақ тарихын зерттеу контексіндегі отарлау: ұғымы, мазмұны, интерпретациялары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Іс-шара жеті томдық «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық басылымын әзірлеу аясында ұйымдастырылды. Семинар модераторы — тарих ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер Ержан Мұратұлы Торайғыров. Келесі ғалымдар баяндама жасады: Семинар…
-
«Орталық Азияның мәдени мұрасындағы ежелгі жартас өнері»: I Халықаралық форум нәтижелері
2025 жылғы 5 мамыр күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімі Жамбыл ауданы Қарабастау ауылына орналасқан «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында «Орталық Азияның мәдени мұрасы контекстіндегі ежелгі жартас өнері» 1-ші халықаралық форум аясында «Қазақстан территориясындағы ортағасырлық түркі мемлекеттері: тарихи сабақтастық пен мемлекеттілік» атты…
-
Қазақстан мен қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесіне арналған халықаралық конференция өтті
2025 жылдың 6 мамырында Алматы және Астана қалаларында «Қазақстан мен қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі (Кеңес халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне 80 жыл)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды. Конференцияны Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы және Беларусь Ұлттық ғылым академиясының…
-
«1931-1933 жылдардағы ашаршылық: Алматы облысы бойынша нәубет куәгерлері мен ұрпақтарының естеліктері» сұхбат материалдарының жинағына» Қарасай ауданы бойынша сұхбат берушілермен кездесу
2025 жылғы 26 сәуірде «1931-1933 жылдардағы ашаршылық: Алматы облысы бойынша нәубет куәгерлері мен ұрпақтарының естеліктері» сұхбат материалдарының жинағына Қарасай ауданы бойынша сұхбат беруші аталармен және апалармен кездесу өткізілді. Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Қарасай аудандық кітапханасының оқу залында өтті. Кездесу Қаскелең қалалық Ардагерлер ұйымының төрағасы Тәкебаев Қанат Тұрсынұлының алғысөзімен ашылып, Қарасай ауданының өлкетанушысы Шуашева Тұрсынбала Нұрсейітқызы…