Жаңалықтар
-
ҚХР Қоғамдық ғылымдар академиясының делегациясымен өткен кездесуге байланысты
2025 жылғы 4 шілдеде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Қытай Халық Республикасы Қоғамдық ғылымдар академиясының ғалымдарымен ресми кездесу өтті. Кездесуді институттың Бас директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов ашып, Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталды. Ол академиялық байланыстың осындай кездесулер арқылы нығая түсетінін…
-
Түркі әлемі жас тарихшыларының семинары
ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЖАС ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ СЕМИНАРЫ 2025 жылғы 3–4 шілде күндері Түркияның астанасы Анкара қаласындағы Ататүрік атындағы Мәдениет, Тіл және Тарих Жоғары Институтының (Bilkent кампусы) базасында «Түркі әлемі жас тарихшыларының семинары» өтті. Аталған ғылыми жиын түркі елдеріндегі жас ғалымдардың басын қосып, ортақ тарихты зерделеудегі өзара ынтымақтастықты арттыруды көздеді.Семинардың ашылу салтанаты 3 шілде күні сағат 10:00-де өтті.…
-
Ақпараттық Хат
2025 жылғы 1 шілдеде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районы (ШҰАР) Қоғамдық ғылымдар академиясының ғалымдарымен ресми кездесу өтті Кездесуді институттың ғылыми жұмыстар жөніндегі Бас директорының орынбасары Шамек Тілеубаев ашып, қонақтарға институттың қызметі мен ғылыми бағыттары туралы кеңінен таныстырды. Қытай делегациясын ШҰАР Қоғамдық ғылымдар академиясының вице-президенті, заң ғылымдарының…
-
Ақпараттық хат
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қызметкерлерінің іссапары туралы 2025 жылдың 10–20 маусымы аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкерлері – Уалтаева А.С. және Омаров Г.А. – «Тәуелсіз Қазақстанның шағын және моноқалаларының күнделікті өмірі (Шығыс аймақ мысалында)» атты ғылыми жоба аясында Абай облысының Семей, Курчатов, Аягөз және Шар қалаларына ғылыми іссапар жасады.…
-
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қызметкерлерінің Омбы қаласына ғылыми іссапары туралы 2025 жылғы 4–16 маусым аралығында Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы З.Т. Садвокасова және зерттеу тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты А.Т. Ахметжанова «Қазақстанның дала облыстарындағы уездік басқармалар және патша үкіметінің отарлық саясаты (ХІХ…
-
2025 жылғы 12 маусым «Қазақстан тарихына қатысты Қытай деректері және оның игерілу ахуалы» атты ғылыми семинар өтті
2025 жылғы 12 маусымда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қазақстан тарихына қатысты Қытай деректері және оның игерілу ахуалы» атты ғылыми семинар өтті. Іс-шараны Институттың Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімі ұйымдастырды. Ғылыми семинардың мақсаты Қазақстан тарихына қатысты Қытай деректерінің мазмұнын, түрлерін және ғылыми айналымға енгізілу деңгейін саралау. Семинар барысында…
-
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ-қырғыз тарихы атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өткізілуі туралы 2025 жылғы 12 маусымда Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде «XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ-қырғыз тарихы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция университеттің шағын акт залында өтіп, Қазақстан мен Қырғызстанның жетекші тарихшылары, ғалымдары мен зерттеушілерін бір арнаға тоғыстырды. Іс-шараға қырғыз тараптың шақыруымен келген қазақстандық әріптестердің қатысуы конференцияның…
-
Улан-Батор қаласына ғылыми іс-сапар қорытындысы
2025 жылдың 6-27 мамыр аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері, атап айтқанда аталған институттың жетекші ғылыми қызметкері т.ғ.к., А.Т. Қайпбаева мен кіші ғылыми қызметкер, PhD докторант Е. Сауырқан «1920–1930 жылдардағы Қазақстан аумағындағы және іргелес елдердегі балалар панасыздығы мәселесі» атты гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобаны жүзеге асыру аясында Моңғолия мемлекетінің Ұлан-Батыр қаласы…
-
Поляк және қазақ этнологтарының ынтымақтастығы: бірлескен зерттеулердің жаңа перспективалары
2025 жылғы 28–29 мамырда Алматы қаласында Польша ғылым академиясының ресми делегациясы сапармен болды. Сапар аясында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкерлері мен Польша ғылым академиясы Археология және этнология институтының этнология бөлімінің меңгерушісі, доктор Катажина Кошч-Рыжко арасында жұмыс кездесуі өтті. Институт атынан кездесуге этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты А.Т. Абдулина және…
-
2025 жылғы 23 мамыр – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Іргелес елдер тарихын зерттеудің бүгінгі және алдағы өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті.
Іс-шараны Институттың Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімі ұйымдастырды. Семинар мақсаты: Бұл ғылыми іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан мен оған іргелес мемлекеттер арасындағы ортақ тарихты зерттеу мен көрсетудегі бүгінгі және алдағы өзекті мәселелерді сенімді тарихи деректер негізінде анықтау болды. Негізгі баяндама: Семинардың басты баяндамашысы Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мен іргелес…
-
Дөңгелек үстел: 1920-1930 жылдардағы ашаршылық трагедиясы және шетелдегі қазақ диаспорасы
2025 жылғы 3 мамыр – Алматыдағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында, Иран Ислам Республикасы Елшілігінің мәдени орталығының қолдауымен, 1920-1930 жылдардағы ашаршылық трагедиясына және оның шетелдегі қазақ диаспорасының қалыптасуына әсеріне арналған маңызды дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан, Қырғызстан және Ираннан келген жетекші тарихшыларды, ғалымдар мен дипломаттарды жинады. Отырысты ашқан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және…
-
«Қазақстан ашаршылық пен жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті
2025 жылғы 28 мамыр –Алматы қаласында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан ашаршылық пен жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде. 1931-1938» атты маңызды халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Польшаның жетекші тарихшылары мен зерттеушілерін біріктірді. Дөңгелек үстел офлайн және онлайн форматтарда өткізіліп, қатысушыларға тақырып бойынша терең талқылауларға қосылуға мүмкіндік берді. Модераторлар…