Қазақ ескерткіштануы бойынша орталығы
Орталық туралы қысқа ақпарат
2022 ж. 27 қыркүйек айында ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ресми түрде «Қазақ ескерткіштануы бойынша ғылыми-зерттеу орталығын» құрды (2023 жылдың 27 сәуірі күні салтанатты ашылу рәсімі өтті). Орталықтың құрылуы қазіргі Қазақстан үшін ескерткіштанудың өзекті ғылыми-тәжірибелік бағытының маңызды рөлін көрсетеді; академиялық ғалымдардың – этноархеологтар, этнологтар және т.б. далалық зерттеу жұмыстары саласында, ғылыми тұжырымдамалары мен осы пәнді институтцияландыруы; сондай-ақ, Ұлттық Ғылым Академиясының (соғыстан кейінгі Архитектура және құрлыс Институты) жүйесіндегі ескерткіштану дәстүрі іспетті арнайы мақсатты жасалған іргелі еңбектерінің жалғасы болып табылады.
Қазақстанда 150 мыңнан аса еліміздің өткенін тануға, сан алуан мәдениетін білуге таусылмас дерек көзі болатын тарихи-мәдени, көркемдік маңызға ие ескерткіштер бар, олар маңызды идеологиялық, насихаттық, экономикалық маңызға ие және қазіргі қазақстандық қоғам өмірінде де маңызды болып табылады. Кең байтақ далада тарыдай шашылған көне құрылыстар мен кешендердің маңыздылығы қазіргі күнгі геосаяси тұрғыдан қиын-қыстау кезеңде тіптен арта түспек, өйткені олар территориялық тұтастықтың, мемлекет тәуелсіздігінің негізі болатын тарихи-мәдени іргетасы болып табылады. Баса айтар болсақ, еліміздің негізгі территориясында (Сарыарқа, Арал-Каспий, Жетісу) орналасқан «далалық аймақ ескерткіштері», негізінен қазақ тарихы мен мәдениетіне тікелей қатысы бар: көптеген мемориалды-культтік кешендер, мал шаруашылығы қоныстарының қалдықтары, тасқа қашалған эпиграфикалық ескерткіштер, көне құдықтар және т.б. ескерткіштер аса маңызды рөлге ие. Қазіргі таңда тез бұзылып, жоғалып жатқан бірегей ескерткіштерді кешенді зерттеу, атрибуция, қорғау, қайта қалпына келтіру, сақтау және ары қарай пайдалану жалпы мемлекеттік маңызы бар міндет.
Мәдениетімізбен ғылымымыз үшін аса маңызды болып табылатын ескерткіштану бағыты/пәні соның ішінде соңғы ғасырларға тиесілі ескерткіштерді кешенді зерттеу, қорғау мен пайдалануға бағытталған, ескерткіштанудың негізгі саласы болып табылатын «қазақ (этнографиялық) ескерткіштануы» соңғы уақыттарда арнайы дамуға ие болды.
Академиялық Тарих және этнология институты жанынан «Қазақ ескерткіштануы бойынша ҒЗО» құру толықтай зерттеу жұмысы, ғылыми-теориялық, әдістемелік, ғылыми-ұйымдастырудың осы сала бойынша негіздерін бірінші кезекте мамандардың: этноархеологтар, этнологтар, архитекторлар, реставраторлар, археологтар, өнертанушылар және т.б. тығыз қатынасуы нәтижесінде жасау қарастырылған.
Академиялық ескерткіштанушылар қызыметінің басты бағыты:
– далалық зерттеулер;
– жиынтық еңбектерді дайындау;
– ғылыми-зерттеу жобаларын дайындау;
– экспедициялық зерттеу материалдарын архивациялау болып табылады;
– басты маңызға ие болатын Қазақстандағы ескерткіштану пәнін/ғылымын дамыту бойынша ынтымақтастықта жұмыс істеу: қазақ ескерткіштануы бойынша Симпозиумдарды жүйелі өткізу, салааралық ұжымдық еңбектерді, Қазақстан ескерткіштануы бойынша журналды шығару, ескерткіштанушылар Ассоциациясын құру және т.б.
Орталық басшысы:
Әжіғали Серік Ескендірұлы – этнолог, археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Шығыс елдері халықаралық Сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы ТЭИ этнология бөлімінің құрметті меңгерушісі.