ПЦФ жобалары
Есепті кезеңде «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» БНҚ шеңберінде жобасын іске асыру нәтижелері 2021-2023 жылдарға арналған
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 464 қаулысымен бекітілген «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» (бұдан әрі – Бағдарлама) конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2021-2022 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылуда. Орындаушы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (бұдан әрі – Институт).
Бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыстар кезең-кезеңмен атқарылды және төмендегідей іс-шараларды қамтыды:
- Елімізде және шетелдерде жарияланған ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттер жинақталып, талдау жасалынды. Жекелей айтқанда, Орталық ғылыми кітапханада (Алматы қ.), ҚР Ұлттық кітапханасы (Алматы қ.), ҚР ұлттық академиялық кітапханасы (Астана қ.), сонымен бірге шетелдік мемлекеттерден іс-сапар нәтижесінде Ресей ұлттық кітапханасы (РФ, Санкт-Петербург қ.), Ресей мемлекеттік кітапханасы (РФ, Мәскеу қ.), Әлішер Науой атындағы Өзбекстан ұлттық кітапханасы (Өзбекстан республикасы, Ташкент қ.). Бұл жұмыстар барысында отандық кітапханаларда нақты белгіленген бөлімдерді жазу үшін үзінділер, сондай-ақ Қазақстанның қысқаша тарихына арналған жалпы саны 300-ден астам ғылыми әдебиеттер мен жарияланған дереккөздердің библиографиялық тізімдері жасалды. Шетел кітапханаларынан көпшілігі революцияға дейінгі сирек басылымдардан алынған 2727 парақ фотокөшірмеленді;
- Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу тұжырымдамасы және авторлар мен сарапшыларға арналған әдістемелік құжаттар (ережелер мен ұсыныстар) әзірленді;
- ұқсас басылымдарды шығарудың халықаралық тәжірибесін зерттелді (Роберт В. Риминидің «Америка Құрама Штаттарының қысқаша тарихы» (2009), Саймон Дженкинстің «Англияның қысқаша тарихы» (2011), Андре Моуроның «Франция тарихы») (2007), «Германияның қысқаша тарихы» (2017), Е.В. Анимисовтың «Ресейдің Руриктен Путинге дейінгі тарихы. Адамдар. Оқиғалар. Даталар») еңбектері және жетекші тарихшылардан басылымның тұжырымдамасы мен құрылымы бойынша сараптамалық пікірлер алынды;
- Астана қаласына және шет мемлекеттерге іс-сапарлар ұымдастыру барысында Қазақстан тарихына қатысты архив құжаттары Астана қаласының Мемлекеттік архиві, РМТА (РФ, Санкт-Петербург қ.), Ресей мемлекеттік көне актілер архиві (Мәскеу қ.), Омбы облыстық тарихи архиві, Орынбор облысының біріккен архивтерінен жалпы 5000 парақ құжаттық материалдарға қол жеткізілді.
- Төмендегідей іс-шаралар өткізілді: «Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қысқаша тарихы» басылымын әзірлеу методологиясы, қағидалары (шетелдік аудитория үшін) және жобаны жүзеге асыру механизмі» тақырыбындағы әдістемелік дөңгелек үстел (Алматы, 22 шілде 2021 ж.),
- Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Мемлекет тарихы институты (Астана қ.) бірлесіп, отандық және шетелдік дипломаттарға «Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын тәжірибелік тұрғыда жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция (Алматы қ., 2021 ж. 28 қыркүйек), «Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің негізгі нәтижелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейнгі Қазақстанның қысқаша тарихы (шетелдік аудитория үшін) кітабы макетінің таныстырылымы.
- Аталмыш кітаптың көне заманнан 2022 жылдың басындағы тәуелсіз Қазақстандағы орын алған оқиғаларға дейінгі кезеңді қамтитын 8 негізгі тараудан тұратын орыс тіліндегі қолжазбасының макеті даярланды (100% – көлемі шамамен 629 бет, 39 б.т.).
№ | Тараулар атауы | Жауапты орындаушы |
I | ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ КӨШПЕЛІЛЕР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН (б.з.д. 2,5 млн. – б.з. VI ғ. ортасы) | Әбдіров Мұрат Жеткергенұлы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, Қазақ ұлттық білім беру академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Алматы қ.) |
II | КӨК ТҮРКІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МҰРАСЫ (VI ғ. соңы – ХІІІ ғ. | Торланбаева Кенже Өскенбайқызы – тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Алматы қ.) |
III | ҰЛЫҚ ҰЛЫС ДӘУІРІ (АЛТЫН ОРДА) (XIII ғ. басы – XV ғ. соңы) | Әбіл Еркін Аманжолұлы – Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Астана қ.) |
IV | ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ (XV ғ. ортасы – XVIII ғ. басы) | Темірғалиев Радик Жексенбайұлы – тарихшы, «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының мүшесі (Қазақстан, Астана қ.) |
V | ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ | Абдулина Ақсұңқар Тұрсынқызы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты (Қазақстан, Алматы қ.) |
VI | ЕКІБАСТЫ ҚЫРАН ҚЫСПАҒЫНДА: (XVIII ғ. басы – XX ғ. басы) | Қабылдинов Зиябек Ермұқанұлы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Алматы қ.) |
VII | ҚЫЗЫЛ ТУ АСТЫНДА (1917–1991) | Сақтағанова Зәуреш Ғалижанқызы – Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетенің этномәдени, тарихи, антропологиялық зерттеугер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Қарағанды қ.) |
VIII | ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН (1991 – бүгінге дейін) | Аяған Бүркітбай Ғелманұлы – Мемлекет тарихы институтының директор орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Астана қ.) |
- 3 сарапшы мен 4 рецензенттен «Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қысқаша тарихы (шетелдік аудитория үшін)» кітабының макетіне 1–8 тараулар бойынша сараптамалық қорытындылар және шолулар алынды;
- авторлар және арнайы редактор Р.Д. Темірғалиеваның, отандық және шетелдік сарапшылардың, жобаның ғылыми жетекшісі З.Е. Қабылдинов, жоба үйлестірушісі А.Т. Абдулинаның ескертпелерімен қайта өңдеулер мен мәтіндерді редакциялау жұмыстары жүргізілді.
- Кітаптың 1-8 тараулары аударуға тапсырылды;
- 22 б.т. құрайтын 2 материалдар жинағы даярланып, баспаға ұсынылды;
- Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелген (немесе) Scopus базасында CiteScore пайыздық көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) рецензияланған ғылыми жарияланымдарда – 4; Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – КОКСON) ұсынған рецензияланған отандық басылымдарда – 15, шетелдік рейтингтік журналдарда (РИНЦ) – 4, республикалық журналдарда – 5, БАҚ-та – 25, конференция материалдары жинақтарында – 90 мақалалар жарияланды, 14 баяндама оқылды.