Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

27 айға гранттық қаржыландыру жобалары. (2020-2022)


«Түркістан ұлттық бірлестігі және оның екінші дүниежүзілік соғыс тұтқындары арасындағы қызметі» ГҚ жобасы бойынша есеп


1. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионының тарихы архив деректерін талдау негізінде оның эволюциясының алгоритмін құру үшін зерттелді. Түркістан легионының саны, құрамы және қызмет бағыттары анықталды. Архивтік деректерді талдау негізінде Түркістан легионының батальондарының құрамы мен мақсаты оның эволюциясының алгоритмін белгілеу мақсатында анықталды.

2. Ерікті құрамалар Қолбасшысының бұйрықтары, өкімдері мен хат-хабарлары зерделенді, олардың негізінде Түркістан легионы қызметінің бағыттары айқындалды. Түркістан легионы батальондарының штаб материалдарын зерделеу негізінде батальондардың құрылу тарихы, Түркістан легионының саны мен ұлттық құрамы айқындалды. 

3. Зерттеу нәтижелері келесі монографияға енгізілді:

Көкебаева Г. Талқыға түскен тағдыр: түркістандық соғыс тұтқындары. Монография. ‒ Алматы: Полиграфия сервис и К0, 2022. ‒ 302 б.  ISBN 978-601-269-121-4.

4. Жарияланымдар:

Scopus халықаралық дерекқорларымен индекстелген рецензияланған ғылыми басылымдағы мақала:

Kokebayeva G.K. The problem of determining the legal status of prisoners  of war on the Eastern Front of World War II //  Terra Sebus, 2022, №14. URL: https://www.cclbsebes.ro/terra-sebus-english-version/ Scopus, процентиль 58%.

Конференция жинағындағы мақала:

Алдажұманов Қ.С. Тұтқындағы қазақ жауынгерлері. Түркістан легионы // ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстандағы саяси
 репрессия құрбандарын ақтау: құжаттар мен материалдар» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы. – Алматы: Алматы қалалық әкімшілігі, 2021. – Б.304-332.