Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті
Шетелдік спикерлермен әдістемелік семинарлар
2022 жылдың басынан бастап ғылыми семинарлар сериясын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді (zoom платформасында онлайн өткізіледі, сөйлеудің таңдаулы тілі: орыс тілі). Семинарлар сериясын өткізудің мақсаты Қазақстан және Орта Азия тарихын зерттеумен айналысатын шетелдік ғалымдардың еңбектерімен және қызметімен, сондай-ақ зерттеу қауымдастықтарының отандық аудиториясы мен мүдделі тұлғалар тобы үшін антропология және этнология мәселелерімен танысу болып табылады.:
1. 2022 жылғы 22 ақпан – Амстердам университетінің еуропалық зерттеулер кафедрасының доценті Альфрид К.Бустановтың «Қазақстандағы кеңестік шығыстану» тақырыбындағы семинары. Ғалымның ғылыми-зерттеу бағыты посткеңестік кеңістіктегі ислам тарихын, атап айтқанда, жеке мұрағаттағы құжаттар призмасы арқылы мұсылмандардың субъективтілігін зерттеуді қамтиды. Альфрид Бустанов сонымен қатар исламтану ғылымын насихаттайды, Ресей мұсылмандарының жазба мұраларын жинау, сақтау және талдау мақсатында жыл сайын Ресей Федерациясы бойынша археологиялық экспедициялар ұйымдастырады, жас зерттеушілерге арналған «Ресейдегі ислам» тұрақты жазғы мектебінің авторы. Баяндама Қазақстандағы кеңестік шығыстану тарихы, оның мемлекеттік құрылыспен байланысы тақырыбына арналды.
2. 17 ақпан 2022 ж. – Oxford Brookes University, PhD in Politics and IR Жасмин Даллагнола «Dos and Don’ts when Working with Western Publishers» тақырыбында ғылыми семинар (Алматы).
3. Дөңгелек үстел белгілі ғалым, түркі-парсытану маманы Джу Юп Лидің «QAZAQLÏQ және ҚАЗАҚТАРДЫҢ БІЛІМІ. Постмонголиялық Орталық Еуразиядағы мемлекет және бірегейлік» атты кітабының аудармасының тұсаукесері. Аталған іс-шара Shon қоры мен отандық ғылыми тарихи қоғамдастық өкілдерімен және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлесіп өткізілді. (Алматы, 21 маусым 2022 ж.).
4. 2022 жылғы 1 шілде – «Shon» қоры Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссиямен және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлесіп ұйымдастырған Almaty Gallery-де 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Біз» фотокөрмесі.