Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жүнісбаев Алмас Әбдіғаниұлы

ғылыми қызметкер, тарих магистрі

1984 жылы 13 тамызда Алматы облысының Талғар қаласында дүниеге келген.

2000 жылы Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университеттің жанындағы заң гимназиясын үздік аяқтаған.

2005 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарих факультетін «Шығыстану» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

2008 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аспирантурасын «Жалпы тарих» мамандығы бойынша аяқтаған.

2013 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институтын үздік аяқтаған.

«Санжар Асфендиаровтың ғылыми-педагогикалық қызметі (1927-1937 жж.)» тақырыбында магистерлік диссертация қорғаған. Бірнеше жыл бойы көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Санжар Асфендиаровтың өмірі мен қызметін зерттеумен айналысып келеді.

Негізгі ғылыми еңбектері:

1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Жарияланбаған құжаттар мен деректер (1917-1937 жылдар). Хрестоматия / Құрастырғандар: О.М. Қоңыратбаев, С.Қ. Шілдебай, А.Ә. Жүнісбаев. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. – 288 б.

2. Қоңыратбаев О.М., Жүнісбаев А.Ә. Мұсылман Бюросы – егемендік идеясының жаршысы (1919-1920). – Алматы: ИП «Уатханов баспасы», 2011. – 2011. – 246 б.

3. Жүрсінбаев Б.А., Жүнісбаев А.Ә., Қоңыратбаев О.М. Мені таңғалдырған тұлғалар: Ахмет Байтұрсынов (1872-1938 жж.), Санжар Асфендиаров (1889-1938 жж.), Тұрар Рысқұлов (1894-1938 жж.). – Алматы: Нұр-Принт75, 2011. – 328 б.

4. Жүнісбаев А.Ә. Санжар Асфендиаров  – әскери-дәрігер. – Қоғам және дәуір. – 2011. – №4. – 128-144 бб.

5. Жүнісбаев А.Ә. Санжар Асфендиаров – қазақ ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері // История национально-освободительных движений: путь к независимости: Материалы Республиканской научно-теоретической конференции. – Алматы: КазНПУ им. Абая, 2011. – 310-321 бб.

6. Жүнісбаев А.Ә. Сүйік Әлі және Асфендиар сұлтандар (Санжар Асфендиаровтың аталары туралы) // Қазақстан мұрағаттары. – 2012. – №1. – 15-23 бб.

7. Жүнісбаев А.Ә. Ұлттық-мемлекеттік межелеу барысында Санжар Асфендиаровтың қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтіру жолындағы қызметі // Қазақстан мұрағаттары. – 2013. – №3. – 39-50 бб.

8. Жүнісбаев А.Ә. Санжар Асфендиаров – Мәскеу Шығыстану институтының ректоры (1927-1928 жж.) // «Ғылыми қазына» және Отан тарихы: жас ғалымдар үлесі» атты жас тарихшы ғалымдардың IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 21 мамыр 2013 ж. / ред. Х.М. Әбжанов, Д.А. Рахымқұлов. – Алматы: «Елтаным баспасы», 2013. – 50-58 бб.