Құдайбергенұлы Болат, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары.
1975 жылы 12 қазанда Павлодар қаласында туған. 1993-1997 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде тарих пәнінің оқытушысы мамандығы мамандығы бойынша оқыған. 1997-2000 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Ғылыми дәрежесі – тарих ғылымдарының кандидаты (2001), мамандық: 07.00.02 «Отан тарихы» (Қазақстан Республикасының тарихы).
Жұмыс тәжірибесі:
2001-2004 жж. – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Археология, этнология және тарих» кафедрасының аға оқытушысы, доцент, Павлодар қ.;
2004-2008 жж. – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Жаңа және қазіргі заман тарихы» кафедрасының меңгерушісі, «Тарихи демография” ғылыми-тәжірибе орталығының директоры;
2009-2010 жж. – Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық инститының «Тарих және өнер» факультетінің деканы, Арқалық қ.;
2010-2011жж. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық инститының ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Арқалық қ.;
2011-2013 жж. – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институының «Қазақстан және шетелдер тарихы», «Экономика, құқық және философия» кафедрасының доценті, Павлодар қ.;
2013-2019 жж. «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ-дың МКДППҚ кафедрасының меңгерушісі, Павлодар қ.;
2019 ж. қазан-қараша ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер» бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ.;
2019 жылдың қарашасынан бастап ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары м.а., Алматы қ.
Ғылыми еңбектері:
Алпыстан астам ғылыми жарияланымдар, оның ішінде 6 оқу құралы
История Павлодарского Прииртышья. Учебное пособие. Павлодар 2003. с.170 .
Топонимика Павлодарской области: Иртышский район. Книга 1. Павлодар 2003. 123б.
Топонимика Павлодарской области: Успенский район. Книга 2. Павлодар 2003 75 б. Павлодар 2003 75 б.
Өлкетану. Тарих мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. П., 2014, 37 б.