Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Әшім Бағлан Әбдірахманұлы – Этнология және антропология бөлімінің ғылыми қызметкері. «Қазақ даласындағы мешіттер» және «қазақтың дәстүрлі шаруашылық мәселелері» тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысады.

1988 жылы Қызылорда облысында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 2005–2009 жж. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде – бакалавр, 2009–2011 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде – магистратура оқыған.

Еңбек жолын «Археолог» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығынан бастаған (2011–2012 жж.). 2012 жылдан бастап ҚР БҒМ Ғылым комитеті  Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері ретінде жұмыс атқарып келеді.