Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Зерттеудің мақсаты:

  • Отандық тарих ғылымының іргелі және қолданбалы нәтижелері бойынша Қазақстандағы ұлттық идеяның тарихи ретроспективасы мен болашағын сараптау және синтез жасау, осы арқылы отандық ұлттық идеяның болашағы жайында тарихи мәліметтердің ғылыми-ақпараттық базасын негіздеу.
  • Бұл ғылыми-қолданбалы міндеттерді шешуді – ең алдымен, Қазақстандағы ұлттық идеяның қалыптасуы, дамуы және келешегі туралы факторларды өңдеуді, екіншіден, қазақстандық қоғамды отандық тарих ғылымының ұлттық идеяны зерттеу мәселелері саласындағы жүйелі ғылыми ақпараттық және методологиялық нәтижелерімен қамтамасыз ете алады.
  • Қазақстанның кеңестік дәуірге дейінгі және кеңестік кезеңдегі, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық жаңғыруының жалпы сипаты мен феноменін зерттеу. Қазақстанның кеңес үкіметіне дейінгі және кеңестік кезеңдегі, тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі жалпы сипаттамасы мен ұлттық қайта жаңғыру ерекшеліктерін зерттеу.
  • Интеллектуалды элитаның қазақтың ұлттық идеясының кейбір жеке мәселелерін қалыптастыру мен дамытудағы әсерін зерттеу.
  • Көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан мәдениетіндегі ұлттық идеяның даму эволюциясы
  • Қазақстанда аумағында ежелгі және орғасырлар кезеңінде ұлттық идеяның қалыптасуы мен дамуы тарихын зерттеу.
  • Білім және оның ұлттық идеяның қалыптасуына әсерін талдау
  • Қазақстандағы өткен жүзжылдықтың екінші жартысындағы ұлттық қатынастар динамикасы аясындағы әлеуметтік-саяси қатынастардың дамуы
  • Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы ұлттық идеяның рөлі мен маңызын зерттеу, ұлттық идеяны …. қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің кезеңдерін, қазіргі күндегі ұлттық идеяның жалғастығын сараптау
  • ХV-ХVІІІ ғғ. этникалық үрдістерді зерделеу; халықтың саны мен құрамына және халықттың территориялық орналасуына ХV-ХVІІІ ғасырлардағы тарихи оқиғалардың әсерін айқындау;
  • патшалық Ресейдің ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезі аралығындағы отарлық саясаты барысындағы әлеуметтік-демографиялық процестерді ашып көрсету; ХХ ғасырдағы Қазақстандағы әкімшілік-территориялық өзгерістерді саралау;
  • Кеңестік кезеңдегі және бүгінгі дәуірдегі Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық процестердің ерекшелігін ашып көрсету.