Конференциялар


2024


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2024 жылы атқарылған ғылыми-ұйымдастыру жұмыстары бойынша есебі

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми-ұйымдастыру жұмыстары жоспары 2024 жылдың 16-шы қаңтарында  бекітілген. Оның ішінде Ғылым комитеті тарапынан келген бірқатар тапсырмаларда болды. Өткен 2024 жылы республикалық және халықаралық деңнейде мерейтойлық даталарда аталып өтілді. Олардың ішінде Жошы Ұлысының 800 жылдығы, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, Қазақ КСР ғылым академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығы, академик Ә.Х. Марғұланның 120 жылдығы, Халел Арғынбайұлы Арғынбаевтың 100 жылдығы, т.б. даталар бар. аталған даталар бойынша конференциялар ұйымдастырып өткізу институттың бөлімдеріне жүктелген болатын. Бөлімдер берілген тапсырмаларға сәйкес бұл конференцияларды ойдағыдай сәттә ұйымдастырып өткізді. Ол үшін ұйымдастырушыларға ризашылығымызды білдіреміз.

  • 1. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай  2024 жылдың 3-ші сәуірінде «АКАДЕМИК Қ.И. СӘТБАЕВ ФЕНОМЕНІ ЖӘНЕ  ХХ Ғ. ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМ: ҚАЗІРГІ ҰСТАНЫМДАР МЕН ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты тақырыптағы Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
  • 2. 2024 жылдың 5-ші сәуірінде  Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған «ЖОШЫ ҰЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІЛІК БІРЕГЕЙЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
  • 3. ҚР Тұңғыш Қорғаныс министрі, Совет Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов 100 жылдығына орай 2024 жылдың  28 мамырында «Сағадат Нұрмағамбетов Отанға қызмет етуші» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өттті.
  • 4. Академик Ә.Х. Марғұланның100 жылдығына орай 2024 жылдың  22 мамырында «АКАДЕМИК Ә.Х. МАРҒҰЛАННЫҢ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ РӨЛІ: ЖАҢАША ҰСТАНЫМДАР МЕН БАҒЫТТАР»атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
  • 5. 2024 жылдың 12 маусымында  «Алаш қозғалысының жетісулық қайраткерлері: тағдыры мен мұрасы» жобасы аясында «ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕГІ АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ: ТАРИХЫ МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРЫ» атты тақырыптағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
  • 6. 2024 жылдың 17-ші қыркүйегінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫ: ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ»тақырыбында ғылыми-теориялық дөңгелек үстел өткізілді.  
  • 7. 2024 жылдың 19-шы қыркүйегінде «Абылай, Уəли жəне Бөкей хандардың мемлекттік қызметінің беймəлім тұстары» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.
  • 8. 2024 жылдың 27-ші қыркүйегінде ҚР Орталық мемлекеттік музейінде белгілі этнолог-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Арғынбаев Халел Арғынбайұлының 100 жылдығына арналған «V Арғынбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған ғылыми шараны Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР Мемлекеттік Орталық музейі  және «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы бірлесіп ұйымдастырып өткізді.
  • 9. 2024 жылдың 8-ші қазанында «ҚАЗАҚСТАН ХХ ҒАСЫРДЫҢ 60-80 ЖЫЛДАРЫНДА: Д.А. ҚОНАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
  • 10. 2024 жылдың 15-ші қазанында «ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Ресей империясының ұлттық аймақтарындағы уездік басқару: ұйымдастыру принциптері мен қызметінің механизмдері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
  • 11. 2024 жылдың 24-ші қазанында«ҚАЗАҚ ДАЛАСЫН ӘКІМШІЛІК БАСҚАРУ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ КОНТЕКСІНДЕ» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
  • 12. 2024 жылдың 30-шы желтоқсанындаакадемик Ақай Нүсіпбековтың 115 жылдығына орай ХІІ Нүсіпбеков оқулары аясындағы «АКАДЕМИК АҚАЙ НҮСІПБЕКОВ ЖӘНЕ ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ОТАН ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Бұл конференцияға ҚР Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы, Жошы Ұлысын зерттеу институтының директоры, PhD Сәбитов Жақсылық, Сарайшық музей кешенінің жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Әбілсейіт Қапезұлы, М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, филилогия ғылымдарының кандидаты, доцент Қыдыр Төрәлі, сонымен қатар, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас директоры Зиябек Ермұханұлыбастаған институттың бірқатар ғалымдары қатысып баяндамалар жасады.   Конференция  «Қазақ мемлекеттілігінің тарихи дәстүрлері және ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелері» іргелі ғылыми зерттеу жобасы аясынде өткізілді.