Алашорда тарихы Орта Азия жылнамасында революцияға дейінгі және революциядан кейінгі жылдарындағы қазақ ұлтының нығаюының қайта құру кезеңіндегі басты орындарының бірін алады. Мұсылман елдерін зерттеуші көрнекті ғалымдардың бірі Уилл Мейердің пікірінше, Алашорда антиимпералистік қозғалыстың көшбасшысы болып, өткен ғасырдың басындағы кішібұхарлықтармен, Қоқан Республикасымен, көтерілісші басмашылармен, Кавказ, Қырым, Якутия, Бурятияның ұлттық-демократиялық партияларымен бірге үлкен қоғамдық толқулардың қозғаушы күші болды. Оған ХІХ-ХХ ғасырларды қалыптасқан қазақ этногенезінің ұлт түзуші сипаттарға ие бола бастаған жағдай әсерін тигізді. Аталған кезең империяның шет жақтарына туыстық белгілер бойынша топтасқан этноәлеуметтік топтардың бірігуі нәтижесінде туындаған жаңа сезімінің ықпалы және жылдар бойы қалыптасқан ұлттық зиялы қауымның интеллектуалды неізінің қалыптасуымен сипатталады. Империяның нақты айқындалған “еуропалық” және “батыстық” бөліктері арасындағы орталық жолды ұстанған жалпы қазақтық зиялы қауым феодалдық құрылыстың қатаң тәртібі мен руаралық қақтығыстарға нүкте қоятын жүздердің бірігуі мен нығаюына алып келетін өзіндік жолдарды іздеуге кіріседі.
Оның негізін далалық аристократияның өкілдері, байлар және бұқара халықтың алуан түрлі өкілдері: мұғалімдер, аудармашылар, кішігірім қызметкерлер, шаруалар құрды. Ондаған жылдар бойы қазақтар жастарды екі мәселені шешу міндетімен Ресейдің жоғарғы оқу орындарына жіберу тәжірибесі қалыптасты: жаңа ұрпақтың ресейдің нақты өміріне бейімделуі және өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалу. Біреулері Санкт-Петербургке, Мәскеуге жіберілсе, оқу екіншілері татар және башқұрт тілінде жүргізілген Қазан және Уфаның оқу орындарына жіберілді. Енді бірқатар қазақ жастары Түркия мен Египеттің мұсылман оқу орындарынан білім алды. Аталған екі дайындық білім жүйелері қоғамдық-саяси ойдың екі бағытының қалыптасуына ықпал етті: өзіндік мәдени дәстүрлері мен рухани құндылықтарымен ерекшеленетін батыстық және шығыстық. 1910 жылы Ә. Бөкейханов былай деп жазған болатын: “Олардың бірі қазақтардың басқа да мұсылмандармен діни негізде бірігуінің идеалы болып келетін ұлтық-діни деп аталады. Екіншісі, кең мағынада, қырғыз даласына мақсатты түрде батыс мәдениетін ендіретін батыстық бағыт. Біріншісі, бәлкім үлгі ретінде татар партияларын негізге алса, екіншісі оппозициялық орыстарды, дәлірек айтсақ, халық еркі париясын негізге алады.”
ХХ ғасыр өзінің реформаторлық қозғалысында үш компонентті біріктірді: теологиялық, мәдени, саяси. Егер де басқа да мұсылмандық провинцияларда “жаңа жолдың”, джадидизмнің өкілдерін іскер адамдар тобы құраса, Далалық аймақтарда реформация еуропалық джадистер тәрізді айта да білетін және іс қимыл жасайтын аристократиялық зиялы қауымның өкілдерінің өмірінің мақсаты болды, мұнымен қоса олар өз халқының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін ескеріп отырды.
“Қырғыз (қазақ) халқы … Ресейден бөлінгісі келмейді, біз батысшылармыз”. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатов өздерінің іс-әрекетін халықтың саяси санасын жетілдіруге қиыншылықтар әкелген қазақ халқының далалық аймақта шашырыңқы орналасу жағдайында белсенді түрде жүргізді.
Әлеуметтік белсенділікті қозғау құралдарының бірі ретінде баспа сөзі алынды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ тілінде ағартушылық “Түркістан уәлләятының газеті”, “Дала Уәлләятының газеті” басылымдары шыға бастады. 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін “Серке”, “Қазақ газеті”, “Қазақстан, ”Қазақ” және біртұтас қазақ қоғамының құрылуына себеп болған тағы басқа баспалар пайда болды”. Бұл жағдайға (1905 жыл 26 шілде) ең алғашқы қазақ кәсіби саясаткерлерінің елдің тағдыры жөніндегі ойлары жарияланған «Қоянды жәрмеңкесіндегі петиция» бағдарламалық хабарлама алғышарт болды. Қазақ зиялы қоғамының ұлттық мәселені түсіну деңгейлерін сол кездегі қазақ ағартушыларының шығармаларында және XIX-XX ғғ. мерзімді баспалардан көруге болады. Редактордың бөлімдері мен талдау бөлімшелерін қолдана отырып, олардың авторлары белсенді үгіттеу жұмыстарын жүргізді. Осылайша М. Дулатов «Зар-Заман» өкілдерінің дәстүрін жалғастыра отырып, өзінің өлеңдер цикліндегі «Оян қазақ» өлеңінде былай делінген:
Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,
Кеттік қой отқа күйіп, өрттен қашпай.
Әр халық алға кетіп жатса-дағы,
Біздің жұрт шегінеді алға баспай.
Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетінде (1913 ж.) «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі қиын мәселеге айналуда» деп жазды. Елдің отарланған мәртебесі Тарихи-мәдени және этникалық мұраның негізінде біріккен отарланған халықтардың бірігуінен көрінген әлеуметтік, рухани-мәдени саласының ұйымдастырылуы сапалы жаңа деңгейге өтуін талап етті. Жергілікті немесе географиялық тұтастығы байланыс құралдарының және олардың қауіпсіздігінің ұлғаюына қарай, жергілікті тұрғындардың белсенді көші-қон қозғалысы мен урбанизация үрдісінің тез өсуімен тезірек жойыла бастады. Зиялы қауымдар арасындағы жергілікті ұқсастықтар одан әлдеқайда ірі географиялық ұқсастықтарға, әсіресе Солтүстік Кавказ және Орталық Азияда орын бере бастады.
ХІХ ғ. аяғында Орталық Азияда «Түркістан» атты ірі географиялық тұтастық өзінің алғашқы қалыптасу сатысында тұрды. Әрине бұл процесс ауыл тұрғындары емес, қалалық зиялы қауым арасында дамыды. Оның пайда болуы, орыс отаршылдығы жағдайында Түркістан тұрғындарының ұлттық және саяси бірлікті бірден бір ұлтты сақтау құралы ретінде түсінуіне байланысты болды.
Революцияға дейінгі Түркістанның барлық саяси өкілдері: Абдурраиф Фитрат, Махмуд Ходжа Бехбуди, Мұстафа Шоқай, сонымен қатар большевистік партияға қосылып кеткен Файзулла Ходжаев немесе Тұрар. Рысқұлов өздерін «түркістандықтармыз» деп атаған. Біртұтас Тұран республикасын құру қағидасы Татарстан, Башқұртстан, Чуваш Республикасының, Солтүстік Кавказдың мұсылмандық аудандары, Әзірбайжан, Дағыстан елдерін қамтитын бүкіл мұсылмандық-түркі әлемін біріктіру болды. Түркістан республикасының 75% түркі және шамамен 80% мұсылман болуы тиіс болды. Алайда империяның құзырлы органдарының саяси пайымдау көзқарастары тұрғысынан бұл үрдіс жүзеге асырылмай қалды.
Билік басына большевиктердің келуіне байланысты шашыраңқы неміс мемлекеттерін біріктірген Пруссия үлгісі тәріздес жобаның аймақта жүзеге асуын болдырмады. Большевиктердің жеңісі және олардың лениндік бағдарламасы Ресей империясын мүмкіндігінше ұзақ сақтауға және оңтүстік шығыс аймақтың отарлық мәртебесінің сақталуына себін тигізді.
Бұл жағдайда этнос тарихы «белгілі бір территория мен халықтың үстіне нақты бақылау жүргізуге мүмкіндігі бар өз халқының әлеуметтік және саяси құқы үшін күреске шыққан топтың пайда болуымен анықталды». Осындай топ ретінде Алашорданы өз мақсаттарын жүзеге асыруда құрал деп көретін батыстанған қазақ зиялы қауымы шықты. Жергілікті басқарушы топтың жоқтығынан бұл үрдісті басқаруға деген ұмтылыс өткен ғасырларда зайырлы ағартушылардың, қазақ ағартушыларының, мұсылмандық өкілдері мен реформатор-пантүркілер арасында қызу пікірталас тудырды.
Алайда «Қазақстан: этникалық, тіл және билік» монографиясының авторы Бавна Дэвидің пікірінше, мал шаруашылығы жаңа өзгерістерге тойтарыс беретін мүмкіндіктері жоқ деген жалпы пікір қалыптасты. 1916 ж. көтерілістен кейін патша билігінен көңілдері қалған Алаш басшылары саяси және билік құрылымына радикалды өзгерістер қажеттілігін және бұл малшылардың және Далалық аймақтардағы жер шаруашылығымен айналысатын шаруалардың жағдайын жеңілдетеді деген шешімге келеді».
Кеңес тарихының алғашқы кезеңінде Алаш идеясы әлемдік революцияны жариялаған және халықтардың өзін-өзі анықтау оған жететін бірден бір жол деп қарастырған коммунистік жүйенің шеңберінде дамыды. Екінші жағынан большевиктер коммунизмді исламмен татуластыруға тырысқан және коммунизмге пайдалы Шығысқа революциялық идеяларды алып келген ұлттық-коммунистерді партияның қатарына тарту үшін пайдаланды. Листовкалардың бірінде былай деп жазылған: «Сіздердің әрқайсыларыңызға кешірім жөнінде тұжырым белгілі болуы тиіс. Қырғыз халқы бұған өз жауабын беруі тиіс. Әр ру ұсынысты қарастырып оған өзінің нақты шешімін және Кеңес билігіне өз адал даусын беруі тиіс. Еркін бейбіт демократия және нарықтық қатынастар негізіндегі тәуелсіз қазақ мемлекетін құру бейнесінің орны орыс пролетариатының диктатурасының қазақ халқы мүдделерін қорғау саясатына баламасыз тұрғыда өзгертілді.
Мәскеу тарапынан «аймақтағы өзінің отаршылдық табиғатын формальді түрде жою, алайда бұл басқаруға өзгеріс енгізуге тиым сала, Орталық Азияның жеке саяси құрылымын құруға тырысқан әрекеті болды».
Билік басындағыларға осы ұлтшылдардан тұратын адамдар аса қажет болды және оларға деген теріс көзқарастарына қарамастан өз жақтарына тартты. «1926 ж. Голощекин білім жүйесіне, оқу әдебиетіне, баспасөзге бақылау жүргізбекші болды, алайда оны Алашорда зиялы қауымынсыз жүзеге асыра алмады, себебі олардың орнын басар ешкім болмады». Қазақ зиялы қауымы большевиктік идеологияны жергілікті жерлерге бейімдеуге тырысты: «Алғашқы пролетариат диктатурасының дінге қарсы сипатына қарамастан, жергілікті социалистер орыс жұмысшы табымен қосылу мүмкіндігі, коммунизм шын мәнінде исламмен бірлесе алатындығын түсіндірді. …А. Байтурсынов, өз халқы жөнінде: «қазақтар өзге халықтарға қарағанда коммунизмді бірінші болып қабылдайды, себебі олардың өмір-салты коммунизмге толық сәйкес келеді» деді.
Олар ұлттық коммунизмді идеологиялық тәуелсіздік прецедентін құра отырып, жаңа динамикалық идеологияда коммунизм мен ұлтшылдықтың синтезі деп түсінді. Олар ортодоксальді марксизмнің жорамалдарының басым көпшілігін таптық күресті, пролетариат диктатурасын, пролетариаттық интернационализмді шын мәнінде елемейді.
Кеңестік тәртіптің алғашқы 10 жылдығында мұсылман ұлттық-коммунистер барлық мұсылман мемлекеттерде, ұзақ мерзімді ықпал еткен, пантюркістік теорияларына сәйкес үгіттеу жұмыстарын жүргізді. Алайда уақыт өте келе партияның өмір сүруінің өзі қиын мәселеге айналды. «Ұлттық мәселе бойынша (1921ж.) РКПб-ның X съезінің тезисі ұлы державалық шовинизмге және жергілікті ұлтшылдыққа қарсы күреске шақырды. Осының негізінде орыстар мен қазақтар арасында, тіпті қазақтар арасында да өз жауын шовинист немесе ұлтшыл деп айып тапқан күрес басталып кетеді. Осындай ұрандар әсерінен Алаш партиясы ыдырады. …Орыс коммунистері енді Алаш партиясымен байланысты болған адамдармен бұдан әрі қарай жұмыс жүргізуге мүмкін емес екендігін тұжырымдай бастады. …Осы кезеңнен бастап кеңес билігі қарамағындағы Алашорданың жариялы қоғамдық қызметі заңсыз деп хабарланды».
Тікелей саяси іс-қимыл құқықтарынан айрылған Алашорданың басшылары бейтараптық ұстанымда қалуды таңдады. Олар марксистік доктринаның «жаңа кеңестік Ресейдің қол астында пайда болған «ұлтық идея негіздерінің жойылуына жол бермейтініне сеніп», белсенді ұйымдастырушылық және ағартушылық жұмысқа кірісіп кетеді.
«Алашордашылар аймақтағы жаңа кеңес әкімшілігінің алғашқы жергілікті ұйымдарын құра отырып, жаппай большевиктік партия қатарына өтті. Дегенмен, олар өздерінің шығу тегіне байланысты Рейседегі аса жоғары лауазымды мұсылман-коммунист Султан-Галиевтың үгіт-насихаттары бойынша мұсылмандық ұлтшылдық, ислам мәдениетіне және автономияға ұмтылыстары аркылы қайшылыққа келіп отырды. Қалай дегенмен де, Кеңестік Шығыс халықтарының ұлттық коммунизм феномені «жаһандық коммунизмнің енуінің ұлы күші болып табылған, орыс ұлтшылдығымен сипатталған» пролетарлық интернационализммен қисыны келмеді».
1923 жылы Орталық Азияның кеңестік аймағына мықты темір қақпаның қойылуымен кеңес мұсылмандарын қалған мұсылман әлемінен бөліп алды: кеңес мұсылмандары мен олардың шетелдегі бауырларының арасындағы байланыс үзілді. Сауд Аравиясының және Иранның қасиетті қалаларына қажылық жасауға тыйым салынып, Орталық Азия мен Кавказдың территориясының есігі кеңестік емес мұсылмандарға жабылып, кеңестік мұсылмандар елден тыс шығу құқынан айырылды.
Қалған Дар ул-Ислами (Мұсылман әлемінен) бөлшектену алфавиттің өзгеруімен одан әрі қарай тереңдей түсті: 1929 жылы араб жазбасы латын әріпі жазбасымен алмастырылып, кейін ол екінші дүниежүзілік соғыс алдында кириллицаға өзгертілді.
Дәл осы кезеңде 1923 жылдан бастап мұсылман зиялы қауымына шабуыл басталды. Барлық ұлттық-коммунистер жазаға тартылды, ал таза джадидизмді жалғастырушылар басқа жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болды.
Осылайша, Қоқан Республикасының құлауына себеп болған жерлікті тұрғындардың кеңестік тәртіпке қарсы шыққан тұңғыш ұйымдастырған әрекетін М. Шоқай, Түркістанның азаттығы үшін күресті алғашында Тифлисте, ал оны большевиктер басып алғаннаң кейін шетелге қоныс аударып (Түркияда, Францияда, Германияда, Польшада, Швейцарияда, Лондонда) жалғастырады.
Ұжымдастырудың және алғашқы индустриаландырудың, жаппай иммиграция, алфавитті латындандыру т.б. төңірегіндегі ұлттық алауыздықтар, тыныштандыру саясатына қосымша, мұсылмандық аймақтардағы ұлттық мамандар тазартуға ілігіп жойылды. Осындай тазарту шаралары елдің бүкіл территориясын қамтыған репрессияның нәтижесі болғанымен де, бұл үрдіс жергілікті мамандарға ерекше ауыр тиді.
Сан жағынан, дайындық жағынан өздерінің орыс серіктестіктерінең әлде қайда әлсіз болып келген мұсылмандар «ұлтшылдықайыбына« жиі ұшырап отырды. Тазарту процесі революциядан кейін большевиктердің жағында болған барлық мұсылман мамандарды да жойып жіберді. Репрессияның мықты орталықтандыру саясаты барлық ұлттық мәдениеттің қайта құрылу мүмкіндігін жасады. Кеңес мемлекеті білім саласын баспасөз және ақпарат құралдарын шексіз бақылауға алды. Кеңестік тәртіп тіл теориясына, білімге, тарихнамаға, әдебиетке өзгерістер енгізетін жан-жақты мәдени өзгерістер тактикасын жасады.
1928-1929 жылдарда Алаш Орда қозғалысының барлық белсенділері сотталды, 1930 жылы олар жазаланып, немесе өздері қаза болды (Әлімхан Ермеков, М. Әуезов аман қалды)». Сол кезден бастап алашордалықтардың идеяларын білдірген қазақ мәдениетінің өкілдеріне кепілденген бұқаралық қаралау құралы ретінде «буржуазиялық ұлтшыл» айыбы тағылды.
Мемлекеттік бұйрық негізінде «әлеуметтік бөтен біреудің ықпалымен» жою кейінгі кезендерде де жалғасын тапты. «Кеңес өкіметі интеллектуалды және саяси зиялы қауымды 1928, 1937-1938 жылдары және 1949-1950 жылдары болған үш дүмпу террор арқылы жойды, мұнымен қатар алашордашылар ғана емес, оларға «қарсы шыққан қазақтар» да жазаға тартылды.
Кеңес тарихының келесі кезеңінде бұл элитаның орнын «олар болмыс істерінде тәжірибелірек, сенімділік күресте белсенділігі төмен болғанымен, консервативті» жаңа күш ауыстырды. Алайда «тазарту процесінен өз идеяларнан бас тарту арқылы аман қалған өткен ұрпақ, ұлттық дәстүрдің сақтаушылары бола отырып, 1937-1938 жылдардағы жойылған ұлттық көшбасшылар арасы мен жас ұрпақты байланыстырушылар болды».
Дегенмен де Алаш Орда қозғалысының кезеңінен бастап, жергілікті зиялы қауым арасында ешқашан ашық түрде ұлттың тарихи дәстүріне тән, имманентті ерекшеліктер негізінде тәуелсіз мемлекет құру туралы мәселе қойылған жоқ.
Тек ХХ ғасырдың аяғы ХХI ғасырдың басында кеңес империясының табиғи күйреуі мен қазақтардың жаңа саяси ұясының пайда болу нәтижесінде қазақтың этникалық теңдік күшінің нышанын көрсететін ұлттық мүдде ізімен Алашорданың идеялары мемлекет құрылысында жүзеге асырылды. Бірақ та «қазақ ұлттық мемлекеттілігі ісіндегі ең маңызды қосылған үлес 1920- жылдардағы Қазақстанның тәуелсіз әкімшіліктің құрылу мәртебесін алуы, ал сонан соң 1936-жылы одақтас республика ретінде мойындалуы болды. Осылай 1913-жылы А. Байтұрсыновтың айтқан қазақ ұлты туралы идеясы, қазақтардың алып жатқан белгілі бір кеңістігі мен өздеріне тән өмір-салтын ұстайтындығы туралы идеясының жүзеге асуы Қазақстанның Кеңес Одағының одақтас республикасы ретінде бөлініп шығуынан көрінді». Территориялық қазақ теңдігінің сақталуы үшін жасалынған күресі, сталиндік тәртіп жағдайында Қазақстанның автономиялық тапталудан одан әрі ұлттық республикаға енгізілуі Алашорданың атқарған қызметі мен ерлігі болып табылады, ал басқаша бағалау өте қиын.