Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Түркістан жинағындағы» Қазақстан тарихына қатысты материалдарды жинақтау мақсатында жүргізілген күрделі де жүйелі жұмыстардың барысында алынған нәтижелер:
1. «Түркістан жинағындағы» Қазақстан тарихына қатысты материалдардың жалпы нақтылы көлемі анықталды
2. «Түркістан жинағының электронды нұсқасы: Қазақстан туралы мәліметтер» жобасының талаптарына сәйкес кітапханалық-ақпараттық жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында арнайы келісімге қол жеткізіліп, екіжақты Шарт жасалынды.
3. Алынған базалық мәліметтерді пайдалануға, ол туралы материалдарды іріктеуге, жариялауға, үзінділерден көшірме жасау құқығы бар, бірақ алынған толық түпнұсқа бойынша материалдар жинағын сату құқығынсыз шығаруға Лицензиялық келісім жасалынды
4. Барлық 591 том және көрсеткіштер бойынша базалар анықталып,
5. Түркістан жинағының 80 % құрайтын өңдеуден өткен мәліметтер 53 CD–ге жазылды
6. Электронды базадан ақпараттарды іздестіру жүйесі алынды
7. Жинақталған барлық материалдар Қазақстан Республикасына жеткізіліп, одан әрі өңдеу және жариялау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар аталған топтама бойынша көптомдық жинақ шығару жоспарланып отыр.