Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

 Ахмет Уәлханұлы Тоқтабай (1953 жылы туылған) тарихшы және этнолог, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері. Қазақтың жеті қазынасы мәселесін зерттейді.

1020 қаңтарда 1953 жылы Сайхан ауылы, Қаратал ауыл советі, Зайсан ауданы  Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1969 жылы Зайсан қаласындағы М. Әуезов атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін ҚазМУ-нің тарих факультетіне оқуға түседі. 1974 жылы «археология және этнология» мамандығы бойынша бітірген соң, Мәдениет министрлігіне қарасты тарихи-сәулет ескерткіштерін зерттеу, қайта қалпына келтіру жөніндегі «Қазпроектреставрация» институтында кіші ғылыми қызметкер, соңынан аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.  Институтта жұмыс істеген жылдары (1974-1985) Қазақстанның түкпір-түкпіріне экспедицияға шыққан еді.

1985 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтына ауысып, этнология бөлімінде қызмет істеп келеді. 1987 жылы Ленинград қаласында КСРО Ғылым Академиясының этнография институында стажировкада болды. 2002 жылы Өзбекстан Республикасының Нұрата қаласындағы Әйтеке би қабірін зерттемес бұрын Самарқандттағы Жалаңтөс батыр салдырған Тилли-кари және Шир-дор медреселері туралы мәліметтерді жинап, Әйтекенің өмірінен тың деректерді тұңғыш ғылыми айналымға түсірді.

1999-2001 жылдары ҚазМУ-нің тарих факультетінде археология және этнография кафедрасында жұмыс істеген жылдары студенттер мен оқытушыларға арнап «Алғашқы қоғам тарихының сөздігі», «Түрік халықтарының этнографиясы» оқу құралдарын жазды, оқу бағдарламасына «Түркі халықтарының этнографиясы» курсын енгізді.

2000 жылдардан бастап институттың этнология бөлімінің шетелдегі Моңғолия, Қытай, Ресей, Орта Азия қазақтарын жан-жақты зерттеу бағдарламасына орай экспедициялардың маршруттарын анықтау, жоба – сұрақнамаларды жасау жұмыстарына белсене қатысты.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Тоқтабай 300 –дей ғылыми-көпшілік, 4 монография, 2 жоғарғы оқу студенттеріне арналған көмекші құрал, балаларға арналған 7 кітапшаның авторы. Біраз еңбектері АҚШ, Германия, Италия, Англия, Ресей, Түркия, Қытай елдерінде жарық көрген.