Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Тарихи демография және Қазақстан халқы ассамблеясы бөлімі туралы


Бөлім тарихынан

Тарихи демография және Қазақстан халқы Ассамблеясы бөлімі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жеке құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 1994 ж. 5 желтоқсанындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының №21 бұйрығы бойынша Институт құрылымында бірқатар өзгерістер жүрді. Соның ішінде Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі бөлімі мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық проблемалары тарихы бөлімі деп аталатын екі бөлімдегі өзгерістердің нәтижесінде Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемалары және Тарихи демография деп аталатын үш бөлім құрылды.

1994-1995 жж. Қазақстанның тарихи демографиясы бөлімі меңгерушісі қызметін ҚР ҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор М.Х. Асылбеков атқарды. Бөлімде қызмет істегендер: тарих ғылымдарының кандидаттары Ю.И. Романов, А.Ш. Алтаев, Н.Г. Пан, Т.С. Құлтаев, Л.Т. Балақаева, ғылыми қызметкерлер С.Т. Қазиев, К.Т. Тоғыбаев.

Сондай-ақ, 1995 ж. Тарих және этнология институтында бірқатар құрылымдық өзгерістер жүреді. Соның бірі «Жаңа заман тарихы» мен «тарихи демография» бөлімдері біріктіріліп, «Қазақстанның жаңа заман тарихы және тарихи демография» бөлімі болып қайта құрылды.

1995-2001 жж. аралығында Қазақстанның жаңа заман тарихы және тарихи демография бөлімінің меңгерушісі қызметін ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор М.Х. Асылбеков атқарды. Бұл жылдары бөлімде тарих ғылымдарының докторы А.Ш. Алтаев, тарих ғылымдарының кандидаттары Т.С. Құлтаев, Л.Т. Балақаева, ғылыми қызметкерлер С.Т. Қазиев, К.Т. Тоғыбаев және А.И. Құдайбергенова зерттеу жұмыстарымен айналысты.

Қазақстанның жаңа заман тарихы мен тарихи демография бөлімінің екіге бөлінуі негізінде 2007 жылдың 10 маусымында «Тарихи демография және әлеуметтік процестер» бөлімі ашылады. Жаңадан құрылған бөлімнің меңгерушісі болып тарих ғылымдарының кандидаты, доцент   С.К. Рүстемов тағайындалды.

Бөлімнің негізін қалаушы – Қазақстанның көрнекті ғалымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, бас ғылыми қызметкер Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбек. Ол Қазақстанның тарихшы-демографтарының көшбасшысы еді. Осы саладағы өзінің ғылыми мектебін құрып, жоғары білікті ғылыми ізбасарларын даярлаған. Оның жетекшілігімен 12 ғылым докторлары, 50 ғылым кандидаттары диссертациялар қорғады.

Өнегелі шәкірт, ұлағатты ұстаз, академик М.-А.Х. Асылбек өмірінің соңғы жылдары дамып келе жатқан отандық тарих ғылымындағы тұлғатану саласына да өзіндік үлесін қосты. Оның жетекшілігімен және қатысуымен қазақтың көрнекті қайраткерлері Ә. Бөкейхан, М. Тынышпаев, Т. Рысқұлов және т.б., танымал ғалым-ұстаздар А.М. Панкратова, П.Г. Галузо, С.Б. Бәйішев, А.Н. Нүсіпбеков, Б.С. Сүлейменов, Т.Тәжібаев, Б.А. Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, Р.Б. Сүлейменов, М.Қ. Қозыбаев және Ж.Қ. Қасымбаевтың ғылыми мұрасы мен қызметіне арналған диссертациялық жұмыстар қорғалып, монографиялық еңбектер мен мақалалар жарық көрді. М.-А.Х. Асылбек 351 ғылыми еңбектің, оның ішінде 15 монографияның авторы.

2012 жылдың 1 наурызында «Тарихи демография және әлеуметтік процестер» бөлімі «Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері» бөлімі болып қайта құрылды. Бөлімнің меңгерушісі болып тарих ғылымдарының докторы, доцент, бас ғылыми қызметкері А.И. Құдайбергенова тағайындалды.

А.И. Құдайбергенова 4 монография, 200-ге жуық мақалалардың авторы. Оның жетекшілігімен 2 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы, 1 тарих магистрі диссертацияларын қорғады.

А.И. Құдайбергенова Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты тарапынан даярланған ERI/2015-004 номерлі «Қазақстандағы түрік-месхеттер: тарихи-демографиялық талдау» тақырыбындағы 2016-2017 жж. арналған халықаралық ғылыми іргелі жобаға жетекшілік етті.

Әр жылдары бөлімде тарих ғылымдарының кандидаттары: Қ.М. Ерімбетова, А.С. Уалтаева, Қ. Еңсенов, Ш.А. Салимгереева, PhD докторанттар Т.Ә. Әпендиев, Қ.М. Мурзаходжаев және ғылыми қызметкерлер К.А. Саркенова, Г.А. Омарова, А.Ж. Абуов, А. Альмағамбетова қызмет атқарды.

2019 ж. 30 сәуірде «Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері» бөлімі «Тарихи демография және Қазақстан халқы Ассамблеясы» бөлімі болып қайта құрылып,  бұл бөлімді т.ғ.д., доцент А.И. Құдайбергенова 2019 ж. 31 желтоқсанына дейін басқарды. Осы уақытта бөлімде алты ғалым жұмыс істеді: бөлім меңгерушісі, т.ғ.д., доцент, бас ғылыми қызметкер А.И. Құдайбергенова; т.ғ.к.,, доцент, қ. профессор, жетекші ғылыми қызметкер А.С. Уалтаева; PhD докторант, ғылыми қызметкер К.М. Мурзаходжаев; PhD докторант, ғылыми қызметкер Б.Н. Жүнісова, гуманитарлық ғылымдар магистрі, ғылыми қызметкер Г.А. Омарова және кіші ғылыми қызметкер Е. Ешім.

2020 жылдың 05 қаңтарынан бастап бөлімнің негізін қалаушы ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Асылбек Мәлік-Айдар Хантемірұлының соңғы дайындаған шәкірттерінің бірі ЖҒҚ, PhD доктор Т.Ә. Әпендиев бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Т.Ә. Әпендиев тарих саласы бойынша ғылыми деңгейі жоғары отандық және шетелдік журналдарда, халықаралық және республикалық конференция жинақтарында 50-ге жуық ғылыми мақала және баяндамалар жарияланған. Сонымен қатар, ғылыми мақалалардың халықаралық жүйелерінде көрсеткіші: Web of Science Хирш индексі 4.0, ал Scopus 2.0-ге тең. Сондай-ақ 2 монографияның, 1 ұжымдық еңбектің авторы және ұжымдық оқу құралы, көмекші құрал, мақалалар жинағы, библиографиялық көрсеткіштерді құрастырушылардың бірі.

Еңбек жолында көптеген марапаттармен, алғыс хаттармен, үздік грамоталармен марапатталған және 2018 жылғы Ғылым саласындағы жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның  иегері. Сондай-ақ, 2019 жылы «АЛТЫН ГЛОБУС» халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясының «ҚР Білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлердің «Алтын кітап» атты республикалық энциклопедиялық жинағына енгені және кәсіби саласында жеткен нәтижелі жетістіктері мен үздік қызметі үшін «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталған. 2012-2016 жылдар аралығында шет елдерде (Түркия, Германия, Мәскеу т.б.) білімін жетілдірген.

2017 жылы «Қазақстандағы ХІХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. бас кезіндегі неміс диаспорасы (әлеуметтік демографиялық қыры» тақырыбында докторлық дисертациясын қорғады. Ғылыми жетекшілік еткен  бөлімнің бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., доцент А.И. Құдайбергенова. 

Ғылыми жобалар

Халықтану, демография, әлеуметтік – экономикалық бағыттар аясындағы зерттеулер

Бөлім қызметкерлерімен келесі тақырыптар бойынша іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді:

– «ХVІ ғ. екінші жартысындағы және ХХІ ғ. басындағы Қазақстан халқы мен аумағы (тарихи-демографиялық талдау)»;

– «Социально-демографическое развитие Казахстана во второй половине ХІХ в. и в нач. ХХІ в.», «Репрессированная» перепись (По итогам Всесоюзной переписи населения 1937 и 1939 гг.: итоги и уроки)»;

– «ХІХ ғ. екінші жартысындағы және ХХІ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы», «Қуғын-сүргін санағы» (1937 және 1939 жылдардағы Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары бойынша: қорытындылар мен сабақтар)»;

– «Қазақстан халқының полиэтникалық құрамын қалыптастыру және дамыту (ХІХ ғасырдың екінші жартысы-ХХІ ғасырдың басы);

– 2015-2016 жылдары «Халық тарих толқынында» басым бағыты бойынша «Қазақстанның Түркі халықтары: тарихи-демографиялық талдау (ХІХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басы)» тақырыбына зерттеу жұмысы жүргізілді.;

– «АЛЖИР-де азап шеккен аналар тағдыры (1938-1953 жж.)» және «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті»;

– «Қазақстан түрік-месхетиндіктері: Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты жанындағы тарихи-демографиялық талдау (2016-2017 жж.)»;

– «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қалалары әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде: этно-демографиялық және әлеуметтік-мәдени дамуы» (2023-2025 жж.).

Баспа қызметі

Бөлім қызметкерлерінің зерттеу нәтижелері ғылыми қоғамдастыққа монографиялар түрінде ұсынылды.

Бөлім шығарған монографиялар:

– Население Казахстана по Всесоюзной переписи населения 1939 года. В 5-ти томах / Составители: М.Х. Асылбеков, К.А. Енсенов, А.И. Кудайбергенова, Г.А. Омарова, Ш.А. Салимгереева, А.С. Уалтаева и др. 1 том. – Алматы: Арыс, 2009. – 400 с.

– Асылбеков М.Х., Козина В.В. Народонаселение Казахстана в условиях суверенитета. – Алматы: Тарих тағылымы, 2010. – 152 с.

– Құдайбергенова А.И. Қазақстандағы көші-қон үрдістерінің тарихи демографиялық қыры (1917-1991). – Алматы: Елтаным, 2011. – 416 б.

– Уалтаева А.С. Население малых городов Казахстана. – Алма-Ата: Веретельников, 2011. – 210 с.

– Асылбек М-А.Х., Ниязханқызы Г. Тәуелсіз Қазақстан халқының көші-қоны: (1991-2010 ж.ж.). – Өскемен; Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, 2013. – 156 б.

– Асылбек М-А.Х., Асылбекова Ж.М. Социально-демографическое развитие населения Казахстана в 1926-1939 гг. – Алматы: Казахский университет, 2016. – 146 с.

Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік  демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.). – Алматы: Өркениет, 2005.

– Құдайбергенова А.И. Қазақстандағы көші-қон үрдістерінің тарихи демографиялық қыры (1917-1991). – Алматы: Елтаным, 2011. – 416 б.

– Қазақстандағы түркі халықтары: этнодемографиялық талдау (ХІХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басы) // Авторлары: Құдайбергенова А.И., Уалтаева А.С., Саркенова К.А., Мурзаходжаев Қ.М. Алмағамбетова А. – Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2016. – 171 б.

– Құдайбергенова А.И. Қазақстандағы түріктер: тарихи-демографиялық зерттеу. – Алматы-Анкара, 2017. – 217 б. (К.А. Саркеновамен бірлескен авторлықта).

Ғылыми–ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыс

Бөлім қызметкерлері институт шығарған «Отан тарихы» ғылыми журналын шығарумен айналысады. Журналдың құрылтайшысы және шығарушысы ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болып табылады.

Журнал 1998 жылдан бастап шығарылады. Журнал ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен 09.03.98 ж. Тіркелді. Тіркеу куәлігі: 09.03.98 ж. № 158-ж.Журналда мақалалар жариялау Қазақстан мен шет елдер тарихының, деректануының, тарихнамасының, археологиясының, этнологиясының, антропологиясының, мәдениетінің өзекті проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстарды қамтиды.