Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

orazov1972 жылы 17 сәуірде Алматы облысы  Райымбек ауданы  Қаратоған ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген.

1979-1989 жж. аралығында  Н. Өмірзақов атындағы орта мектепте білім алды. 1989-1996 жылдар аралығында Н. Өмірзақов атындағы кеңшарда жұмысшы болып еңбек етті. 1996-2000 жж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универститетінің тарих факультетінде тарихшы мамандығы бойынша бакалавр курсында, 2000-2002 жж. аталған факультеттің магистратурасында оқып, үздік дипломмен бітірген.

2002 жылдан күні бүгінге дейін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінде ғылыми қызметкер міндетін атқарады.

Оразов Рашид басым түрде Қазақстанның жаңа заман тарихы мәселелерін зерттеумен айналысады. Негізгі зерттеу нысандары – ХІХ ғасырдағы Қазақстанды Ресей империясының отарлау кезеңі тарихы мен қатар Жетісудің  әлеуметтік-саяси тарихын зерттеумен айналысады. Осы кезеңге қатысты 10 құжаттар мен материалдар жинағының және 60-тан аса ғылыми мақалалар мен жарияланымдарыдың авторы.